Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырып: Жемістер
Мақсаты: пішінді мүсіндеуді, басу, қысу, жалпақтау әдістерін пайдалана отырып, балаларды әртүрлі пішінді заттарды мүсіндеуге үйрету; сенсорлық тәрбие беру
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің материалы: жемістер, жеміс муляждары, бейнеролик, ермексаз, ыдыстағы су, тақтайша.
Алдын- ала жүргізілетін жұмыстар: көрме орнын даярлау
Әдіс тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Билингваль құрауыш: жемістер - фрукты
Іс – әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс –әрекеті
Балалардың іс – әрекеті
Себепті қызығушылығып ояту кезеңі.
Педагог балалармен шаттық шеңберін жасайды.
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек!
Көңілді боп жүрейік! ( Ө.Тұрманжанов )
Педагог бейнероликті қолдана отырып балалармен күз мезгілі туралы әңгіме жүргізеді.
-Балалар, мына суретте қай мезгіл бейнеленген?
- Суретте не көріп тұрсыңдар, күзде қандай жемістер піседі екен?
-Жемістің қандай пайдасы бар екенін білесіңдер?
Ұйымдастырушылық - ізденістік кезеңі.
Балаларға себеттегі жемістерді көрсетіп, қандай жеміс екенін сұрайды. Жемістің пішінін, түсін және дәмін айтады.
- Мынау қандай жеміс?
- Мынау ше?
- Тағы қандай жемісті көріп тұрсыңдар?
- Балалар, енді осы жемістердің ішінен алма мен алмұртты, банан мен қара өрікті мүсіндейік.
- Алдымен қызыл түсті ермексаздың бір бөлігін алқанымызға салып жұмсартып, домалақ пішінге келтіреміз.
№ 1 жұмыс дәптеріндегі үлгіге қараңдар. Басбармақпен басу арқылы алманың пішінін келтіреміз. Сабағын ағаш бұтақшасынан жасаймыз.
Енді, жасыл түсті ермексаздың кішкене бөлшегін алып, алқанға салып домалақтаймыз, тақтайшаға қойып жалпақтау әдісі арқылы сопақша пішінге келтіреміз.
Пышақтың ұшымен кесу арқылы жапырақтың бейнесін жасаймыз.
Жапырақты алдымен сабағына орналастырамыз.Алмамыз дайын болды.
Сергіту сәті:
Кәне, кімнің бойы ұзын?
Паровоз ол пойыздың.
Қатар-қатар тұрайық,
Пойызды біз құрайық. ( 2рет)
( Ж.Смақов )
-Енді алмұртты жасауға кірісеміз. Сары түсті ермексазды алып, алақанға салып жұмсартамыз.
Сопақ пішін жасаймыз. Сопақшаның жоғары жағын қысу арқылы алмұрттың пішініне келтіреміз.
Басбармақпен басу арқылы сабақ ойығын оямыз. Алманың сабағын жасағандай ағаш бұтақшасын орналастырамыз.
Жасыл түсті ермексаздың кішкене бөлшегін алып, домалақтап жалпақтаймыз. Арнайы пышақпен жапырақ пішінін кесіп алып, сабағына орналасыратмыз.
Рефлексивті жинақтау кезеңі
Балалар жұмысынан көрме;
2.Алма, алмұрт туралы сипаттап айту;
Балалар жұмыстарын көрмеге қояды. Алма, алмұрттың дәмі , түрі, түсі, пішіні туралы айтады. «Күз аруын» ортаға алып, онымен күлімсірей қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: жеміс-жидектер – табиғаттың сыйы екендігі;
Қандай түсініктерді игерді: пайдасын түсіне отырып, заттарды мүсіндеуді;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктер: жемістердің өзара айырмашылықтарын ажыратуды.