Күні: 21.10.2020ж.
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Тақырыбы: «Сол жақта- оң жақта, заттарды сәйкестендіру. Дөңгелек»
Мақсаты:тәулік түн бөлігімен таныстыру; осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану;таныс заттарды көлеміне қарай(үлкен-кіші)және санына қарай (үлкен -кіші) және санына қарай (бір-көп) салыстыруды үйрету. Қоршаған ортадан бір және көп затты, үлкен және кіші затты таба білуді дамыту. Шыдамдылыққа,қызығушылыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:Ойыншық қоян,перде,эаттардың оң жақ немесе сол жақ екенін көруге болатын сурет.
Қостілділік компонент: Сол жақта-слева,оң жақта-справа,дөңгелек- круг.
Оқу қызметінің кезендері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық
Ғажайып сәт.
Жұмбақ жасырады.
Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады.(қоян)
Сендер мұның не екенін білесіңдерме?
-Перденің артынан қоян шығады.
Балалармен амандасады.
Қоян балалардан өткен оқу қызметінде тәуліктің қай бөлігі туралы әңгімелегендерін еске түсіруді сұрайды.
Қызығушылық танытады.
Тыңдап шешуін айтады:
қоян
-Иә,бұл қоян.
Балалар сұраққа жауап береді:таңертең,күндіз,
кеш,түн.
Ұйымдастырушылық – ізденістік
«Не қайда тұр»ойыны.
Тәрбиеші жұмбақ жасырады:
«Қалқиған екі құлағы,
Тырс етсе зытып тұрады.
Өзі ноян,Бұл қорқақ....»(Қоян)
Қоян өзін суреттен табуын сұрайды.
Қоян балаларға мыныдай сұрақтар қойып,олармен әңгімелеседі.
-Менің сол жағымда не отыр?
-Менің оң жағымда қандай аң отыр?
Сергіту минуты. «Қоян»
Ыршып-ыршып секіріп ,
Қоян келді кеңкиіп.
Аяқтары жаураған,
Қолдары да жаураған,
Жылытпақ боп тырысты
Жүгірді де қуысты.
Бір жоғары,бір төмен
Жүр аяқтың ұшымен.
Секіреміз,отырамыз,
Аяқтарды жылытамыз.
Балалар жұмбақты мұқият тыңдап,шешуін табады.
Балалар суреттен қоянды табады.
-Түлкі отыр.
-Қасқыр.
Ыршып-ыршып секіріп,
Қоян келді кеңкиіп.
Аяқтары жаураған,
Қолдары да жаураған,
Жылытпақ боп тырысты
Жүгірді де қуысты.
Бір жоғары,бір төмен
Жүр аяқтың ұшымен.
Секіреміз,отырамыз,
Аяқтарды жылытамыз.
Рефлексиялық-түзетушілік
Қоян тапсырманы дұрыс орындағандары үшін балаларға рахмет айтады.Балалармен қоштасады.
Сұрақ қояды:
-Біз қарындашты қай қолымызбен ұстаймыз?
-Енді, сол қолдарыңды көтеріңдер.
-Біздің тобымыздағы дөңгелек пішінді заттарды атап беріңдерші?
Балалар қуанады.
Қоянмен қоштасады.
-Оң қолымызбен.
Сол қолдарын көтереді.
Балалар аттай бастайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: заттар мен фигуралардың саны бойынша әртүрлі топтарын атайды;
Игерді: сол жақты-оң жақты, қанша болса, соншаны;
Меңгерді: қоршаған ортадан дөңгелек пішінді заттарды таба білуді.