«Ақмола обласы Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қабанбай батыр ауылы «Балауса» бөбекжайы МКҚК.
№ 1 хаттамасы
25 шілде 2024 жыл
Қатысқан ата- ана- 59
Қатысқан педагог- 7
Күн тәртібінде:
1. Жаз кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау
Тыңдалды:
Бұл мәселе бойынша әдіскер Аубакирова М.Ж мен 10 топтың тәрбиешілері жаз кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстырды.
- Балаға күн тиіп қалмас үшін жаздың ыстық күндері міндетті түрде бас киім кигізу керек;
- Баланы бағдаршамнан өтуге үйретіп, автомобиль тигізуі мүмкін қауіп туралы түсінік беру;
- Балаға ойнау алаңында өзін қалай ұстау керектігін түсіндіру.
- Баланы жазғы кездегі өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру керек. Ересек адамсыз от жақпауын өтініп, оның жылдам тарайтындығын айту.
- Балаға қарауыңызсыз тіпті, үрлемелі дөңгелектер мен матраста болса да суға түсуіне рұқсат бермеуі туралы;
- Кішкентай баланы суға тек жүзгіш жилетпен немесе жеңдікпен жіберу туралы;
- Балаларға суда тығылатын немесе бір-бірін батыратын ойын ойнауына рұқсат бермеңуін.
- Күн қатты ысып кетсе, баланың терісі күйіп кетпес үшін арнайы күннен қорғайтын құрал қолдану туралы..
- Салқын тиіп қалмас үшін баланың суда болған уақытын бақылау;
- Балаға ормандағы таныс емес саңырауқұлақтар мен жидектерді жеуге болмайтындығын түсіндіру қажеттігі. Олар улы болуы мүмкін;
- Сона, ара секілді жәндіктердің шағуын болдырмас үшін олар бар кезде қозғалмай тұру керектігін айту;
- Баланы қараусыз қалдырмаған туралы..
Қаралған мәселелер бойынша ата- аналар кері байланыс берді
Шешім:
1.Жазғы демалыс қауіпсіздік ережелерін сақтауын қадағалау ата-аналарға міндеттелсін.
2. Жазғы демалысының ережелерін сақтауды қатаң бақылауға алу, ата-ана тарапынан берілетін тәлім тәрбие жұмыстарына немқұрайлы қарамай, өз перзентінің өмір қауіпсіздігі тәрбиеленушілердің ата-аналарға тапсырылсын.
Әдіскер: Аубакирова М.Ж.
Хатшы: Жумабекова А.