"Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша Білім беру бөлімінің жанындағы Қабанбай батыр ауылының "Балауса" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное  предприятие "Ясли-сад Балауса" села Кабанбай батыра при Отделе образования по Целиноградскому району Управления образования Акмолинской области

Өзін-өзі бағалау 2023-24 оқу жыл

19.06.2024

I .Мектепке дейінгі білім беру мекемесі туралы жалпы мәлімет

Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы

  1. Білім беру ұйымының толық атауы: «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қабанбай батыр ауылының «Балауса» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
  2. Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекенжайы және нақты орналасқан жерінің мекенжайы): 021810, Қазақстан, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылы, Жеңіс көшесі, 1А құрылыс.
  3. Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, web-сайт): 8(71651)91812, balausa.2011@yandex.kz ,  ds0007.celinograd.aqmoedu.kz 
  4. Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т. А. Ә, лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі): Смадьярова Мадина Исьлямовна, 8-775-819-17-07. Целиноград ауданы білім бөлімінің  2021 ж. 26 ақпанындағы №15 бұйрығымен лауазымға тағайындалды. «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі» ММ 2021 ж. 26 ақпандағы №15 бұйрығымен лауазымға қайта тағайындалды.
  5. Құқық белгілеуші және құрылтай құжаттары (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің және Жарғының көшірмесі қоса беріледі): 2021жылғы 14 қаңтардағы мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама, Ұйымның Жарғысы Ақмола облысы әкімдігінің 2021 ж. 05 қаңтардағы №А-1/1 қаулысымен бекітілді.
  6. Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне мемлекеттік лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаның жіберілгені туралы талон): қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы №0158333 хабарлама.

 

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіпорын қызметінің мәні мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін, арнайы оқу бағдарламаларын іске асыру болып табылады.

        Кәсіпорынның міндеттері:

1) мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғау;

2) тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктері бар тәрбиеленушілер үшін оңтайлы жағдайлар жасау;

3)  мектепалды даярлықты сапалы түрде қамтамасыз ету;

4) тәрбиеленушінің толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен өзара іс-әрекет жасау;

5) тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулық сақтау мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық және әдістемелік көмек көрсету;

6) педагогтердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;

7) білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету.

         Кәсіпорынның білім беру жүйесінің басым бағыты инновациялық технологияларды енгізу арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық әлеуетін, олардың зияткерлік саласын дамыту болып табылады.

        Кәсіпорынның қызметі Жарғыға, мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік ережелеріне, Санитариялық ережелерге, «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Кәсіпорынның білім беру қызметі төмендігілерге сәйкес жүзеге асырылады:

1) «Білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы  мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартымен;

2) «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 394 бұйрығына 1 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларымен;

3) «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 422 бұйрығына  өзгерістермен   мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

          Кәсіпорындарды жабдықпен және жиһазбен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы              № 70 бұйрығымен 07.06.2022 № 265 бекітілген Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Балаларды кәсіпорынға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 «Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Қабылдау жыл бойы бос орындар болған жағдайда жүргізілуі мүмкін. Кәсіпорын үш жастан бастап бес жасқа дейінгі мектеп жасына дейінгі балаларға арналған топтарды қарастырады.

Кәсіпорында ата-аналардың (заңды өкілдерінің) мүдделерін ескере отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар тәрбиеленушілерді тәрбиелеу және оқыту қарастырылған.

Топтар бір жастағы немесе әртүрлі жастағы қағидат бойынша жинақталады.

            Кәсіпорын топтарының толықтырылуы «Мектепке дейінгі ұйымдар        мен балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар «Санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

          Кәсіпорында балаларды тәрбиелеу мен оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.

 

Просмотров: 2901

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст