Күні : 24.04. 2024ж
Мақсаты: Ою-өрнек түрлерімен таныстыру, есте сақтау қабілеттерін шындау, ой-өрісін, сөз байлығын, тілін дамыту, қазақ тілінде айтылатын ою-өрнектердің түрлерін жаттатқызу. Қазақ халқының асыл мұраларын, салт-дәстүрлерін, өнерін құрметтеуге, ұйымшылдыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар:Ою өрнектердің суреттері, ылғалды майлықтар фетр,фалга, су,қалдық заттар.
Сәлеметсіздерме құрметті әріптестер.Бүгінгі біздің “Қазақтың ұлттық ою өрнектері” атты үйымдастырылған іс әрекетіне қош келдініздер.
Шаттық шеңбер:
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Сәлеметсіздерме қолдарым,
Аяқтармен топылдатып топ -топ -топ,
Қадырменді достарым хоп- хоп- хоп
-Балалар барлығымыз орындарымызға жайғасайық.
Қысқаша ою өрнек туралы мағлұмат берейін.
Ою — өрнек деген сөзіміз латын тілінен алынған, “Орнамент” (әшекей) деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу деген сөзден шыққан. Ұлттық киімнің негізгі сәндеушісі – ою — өрнек.
Қазақ халқы қолөнерге ерте заманнан ерекше мән беріп, оны күнделікті тұрмыс-тіршілігінің бір бөлігі деп санаған. Халқымызда киіз үйден бастап, оның ішіндегі әр бұйымға дейін шебер қолөнершілердің қолымен дайындалып, ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келген. Бүгінгі материалда қазақша ою-өрнектерге тоқталып, олардың қандай мағына беретіні жайлы әңгімелейтін боламыз.
. Ою-өрнектерді – жануарлар, өсімдіктер, геометриялық пішіндерге ұқсап келеді
Ою-өрнек дәстүрлі тоқыма өнері үлгісінде (гобелен, текемет, алаша, сырмақ), кестеде (киім-кешек, тұрмыстық заттар), ағаш, мүйіз, сүйек, ғаныш, металл мен теріге өрнек салу мейлінше жетілдіріле түсті.
. Олардың түрлері
Өрнек ханшайымы кіріп: Сәлеметсіңдерме балалар, қонақтар қызықты үйымдастырылған іс әрекетіне өтіп жатыр деп естіп әдейі ат басын бұрып сендерге келдім, қаншалықты ақылды, тапқыр, өнерлі екендеріңді байқайын, ал тапсырмамды рұқсат болса тәрбиеші апайға тапсырайын .
Өрнек ханшайы балалармен бірге тапсырмаларды орындауға келісесің бе?
Өрнек ханшайымның тапсырмалары:
I.Тапсырмалар:
1.Жұмбақтар:
Ай мүйізді, ақ қошқар
Аппақ жылы тоны бар.(қошқар )
Кішкентай ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар (қой)
2.Кезекті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)
3.Адамға серік
Күзетке берік (Ит)
4. Айнаға қараймы
Шашымды тараймын. (Тарақ).
.
Жұмбақ жасыру арқылы суреттер көрсетіледі. Балалардан қандай ою келіп шыққанын сұрайды.Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Музыкалық, артикуляциялық жаттығу :
Балалар келесі тапсырманы орындайық.
II.Топтық жұмыс тапсырмалары:
1.Құсқанат
1.Тарақ ою өрнегіне асықтарды орналастыру.
2.Гүл
2. Фалга арқылы жасырылған ою өрнекті таба білу және оюды атау .
Ойынның шарты: жасырылған суреттерді тауып, атын айтып береді.
3.Жұлдыз
3.Қойдың жунінен оюларды жапсыру трафарет арқылы.
Нейро жаттығу мидың ұтымды жұмыс жасауына пайдасы зор, ендеше дайынбызба қане қолымызды дайындайық.
III.Тапсырма:
1.Құрақ көрпе құрастыру геометриялық пішіннен
2.Дастарханды әдемі ою өрнектермен әшекейлеу.
3.Ою өрнекпен көрпені құрастыру.
Үстел үстінде құрастыруға қажетті қажетті құрал жабдықтар.
(Ою өрнектер)
Балаларға әдемі көрпешені құрастыру дастарханды әшекейлеу әдісін түсіндіру..
Саусақ жаттығуы :
Кел ойнайық домбыра
Телефонның орнына
Қосты шекті айбат
Былай былай ойнап.
Ою өрнектер туралы тақпақтар мен мақалдар балалардың орындауында.
Ернұр:
Қол таңбасын әжемнің анық көріп,
Бұл кестенің сырына қанық болып,
Өнерімен өзгелерді тамсандырған
Қошқармүйіз өрнегін салып беріп.
Қадір.
Қазақта бір ою бар -«Қошқар мүйіз»,
Орын алар тұрағы, көрпе — киіз.
Шеберлер осы өрнекпен сәндегенде,
Көз тартып құбылады оюымыз.
Ертай Медина:
Ою — өрнек дегенде ою — өрнек
Көріп жүрміз күнде біз.
Алашада, кілемде, киізде ою — өрнек
Бүгінгі күн жоғалмай ұрпақтарға
Жалғасуда ою — өрнек.
Мақал мәтел.
Асылым
Ою ойғанның ойы ұшқыр.
Ою ойған сызу да сызады.
Мейірім
Шебердің қолы – алтын.
Шешеннің сөзі – алтын.
Зейіннұр
Өз үйінде ою оймаған,
Кісі үйінде сызу сызады.
Сергіту сәті: (таяқшамен).
Өрнек ханшайымы :
Қандай білімді едіңдер мен ою -өрнек туралы біраз нәрсе біліп алдым мен туыскандарға достарыма ою- өрнектер туралы айтып беретін боламын.
Өрнек ханшайымы:Менде ою өрнек туралы тақпақ білемін.
Өрнек ханшайымы
Бас бармақты бассам егер,
«Ботакөз» боп шығады.
Алақанды ашсам егер,
«Бестаңба» боп шығады.
Егер жұмсам алақанды,
«Тарақ» оюы шығады.
Оюларды білетін,
Мен қазақтың баласы.
Қорытынды:
— Қане балалар, сендердің жасаған заттарыңдағы ою- өрнекті атап беріңдерші?
Әдемі жасалған заттарға баға беріп мақтап –мадақтайды.
«Өнерлерің өрге жүзсін, өркендерің өссін. Үлкен азамат болыңдар!»
Өлең жолын оқу арқылы сабақты қорытындылау.
Ою -өрнек ұлттық сана оятар,
Ою -өрнек үнсіз ғана ой айтар.
Ою- өрнек шеберлікке жетектеп,
Білгеніңді қажетіңе жаратар.
Міне балалар бүгінгі татулық пен ауызбіршіліктің арқасында біраз жұмыс атқардық, енді соның куәсі ретінде бүгінгі сабағымызды «Достық» әнімен аяқтасақ.
«Достық» әні
Жарайсыздар.Бүгінгі ою өрнек туралы көптеген мағлұматтар алды деген ойдамын.Біздің атымыздан кішкене сыйлығымыз бар.Осымен қазақтың ұлттық ою өрнектері атты үйымдастырылған іс әрекеті тәмәмдалды .Келесі кездескенше,сау болыңыздар!