«Балауса» бөбекжай балабақшасы
«Сырғалым»
«Жас аналар» мектебі аясында өткізілген іс-шара.
«Жас қанат» кіші топ
Тәрбиеші: Болыспаева Т.А.
Қабанбай батыр ауылы, 2024 жыл.
Қыз емес, қыздың аты –қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,
Халықының сақтай білген ізгі салтын.
Тақырыбы: «Сырғалым »
Мақсаты: - Отбасылық құндылықтарды дәріптеу;
- Ұлттық құндылықтарды насихаттау;
- Болашақ ұрпақты тәрбиелеуде аналарға әлеуметтік қолдау көрсету:
- Аналарды белсенді түрде мектеп, қосымша білім беру өміріне қатыстырып, байланысын нығайту.
- Аналарға кез келген шығармашылық-білім бастамаларында қолдау көрсету.
Қазақ халқы қыздарды ерекше қастерлеген, тұңғыш болып өмірге келсе, «ырыс»деп бағалаған. «Елдің көркі » деп олардың жүрегін жылылыққа бөлеп жандарын жаманшылықтан алыстап өсірген. Оның себебі-қыздың болашақ ана екендігін ескергендігінен. «Қыз – елдің көркі, гүл жердің көркі» деген мақал бар. Осының бәрі де баланың сүйкімділігінен, нәзіктілігінен, әр іске талапты да алғыртылығынан, өнер –білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөз. Қыз бала тәрбиесіне ата –ана ғана емес, көрші - қолаң, туған-туыс, ауыл –аймақ болып сергектікпен қарайтын болған. «Қызға қырық үйден тыйым» сөзінің астары да осында жатса керек. Қыз баланы тәрбиелеуге халқымыз ерте заманнан бері ерекше мән беріп келеді. Қыз баланы құрметтеп, оларды алдыңда дөрекі сөйлемей ізетті болуды, ер-тұрманы әшекейлеген сұлу жорғаларды қыздарына, қарындастарына мінгізуді, киімнің сәндісін, алтын бұйымдардың жақсысын қыздарына тарту етуді дәстүрге айналдырды. Жиын-тойларда қыз баланы әр уақытта сыйлы орынға отырғызады. Қыз бала үшін өтірік айту, ұрлық істеу және қатігездік, қулық-сұмдық деген жат қасиет. Сондықтан, жас қыз баланы«Біреудің ала жібін аттама», «Өтірік өрге бастырмайды», «Ешкімге қиянат жасама » деп адалдыққа тәрбиелеген.
Халқымыз «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер » дегендей, жалпы отбасында ұл бала тәрбиесінде әкенің, қыз бала тәрбиесінде шешенің орнын еркеше бағалаған. Халқымыздың атадан мұра болып келе жатқан дәстүрі –қыз баланы сыйлап, қастерлейді. Қыз бала отырған орында әдеп, ізет, сақтаған, үлкен болсын, кіші болсын оқыс мінез көрсетіп, өрескел, бейбастық сөзге әсте бармаған.
Жүргізуші: Біздің мың бұралған, әсем қыздарымыздың биін қарсы алыңыздар!
Би: «Қамажай»
Жүргізуші: Жас аналарымыздың таныстыру кезеңіне назар аударыңыздар! (аналар өздерін таныстырып өтеді)
Жүргізуші: Қыз бала және оның тәрбиесі жөніндегі мақал-мәтелдердің біздің өмірімізде елеулі орны бар. Енді сол мақал - мәтелдерге құлақ түрейік.
«Қыз өссе, елдің көркі, гүл өссе, жердің көркі»
«Қыз –өмірдің қызғалдағы »
«Қыз балаға қырық үйден тыйым»
«Қызым-үйде, қылығы түзде»
«Қыз қылығымен әдемі»
«Қыздың жиған жүгіндей »
«Қыз қылығымен әдемі»
Қыздар деген әсем ән ғой
Айтылып болмаған әлі деп, аналарымыздан тағыда қыз туралы қандай мақал мәтел бар екенін сұрай өтейік! (аналардың жауабы)
Жүргізуші: «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер » демекші сайсымыздың басты кезеңі қол өнерліріңізді таныстырып, көрсете кетсеңіздер.
Аминанын анасы – алқа жасады
Арунанын анасы- шашқа тағатын бұйым:
Мариянын анасы – баска киетін әшекей :
Ельнаранын анасы – қызына арнап қамзол жасады:
Ән: «Анашым» топтың орындауынды
Ойын: «Ою оямын» (аналар жарысы)
Жүргізуші: Қазақтың қызы десе, беті ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, шашы ұзын, басқан ізі білінбейтін жан елестейді. Құлағымызға шолпының сыңғыры келеді(шолпы таққан қыз жайлап жүріп өтеді) Қазіргі қыздарға тән ұзын шаш жойылып кеткен жоқ, қайта көбейіп келеді. Бұрым меніңше әсемдік, әдемілік қатарына кіреді. Қыз бойындағы алғашқы көзге түсер әсемдік осы. Қыздарға айтарым «қазақ қызы »деген қастерлі де қасиетті атқа лайық болыңдар. Білімді де тәрбиелі қырдың қызғалдағындай жайнап өсе беріңдер.
Алтын уақыттарыңызды бөліп келген аналарымызға алғысымды айта отырып, Ананың аялы алақаны мен жылы жүрегіне, шексіз мейірімі мен кіршіксіз таза көңіліне тең келер ештеңе жоқ. Сондықтан да біздің аяулы аналарымыз аман болыңыздар!
https://www.instagram.com/reel/C5vpl5Rt7Tb/?igsh=MTc5bXdkNDc2eGg4bg==