Өмірде мыңдаған мамандық бар, олардың барлығы өздігінше қажет және қызықты. Ұзтаз мамандығы - барлығының ішіндегі ең мәртебелісі. Мен - тәрбиешімін. Тәрбиеші – бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға.
Қазіргі кезде білім, ғылым саласында заманауи педагогикалық техналогиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де инновациялық техналогиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымның біріне айналады. Ендеше мектепке дейінгі білім беру саласының басты міндеттерінің бірі - өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісінде заманауи әдістерді қолдану. Яғни, педогогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау – қазіргі таңдағы әрбір педогогтың міндеті.
Қазіргі заманда, жедел дамып келе жатқан қоғамдық ортадаөмір сүругеқабілетті , өз ойын еркін де ашық айта алуға , қоғам талабына сай, өзін жан-жақты көрсете білетін, ұлттықтіліміз бен тарихымызды жетік менгерген, әлемдік үздік мәдениеттен хабары бар, нарық жағдайында шынайы бәсекеге қабілетті, шығармашылығы дамығанжеке тұлғаны қалыптастырумақсаты мен міндеті қойылып отыр. Бүгінгі күн тәрбиешінің көп ізденіп, тынымсыз еңбектенуін сабақ берудің амал тәсілдерін жетілдіріп отыруды қажет етеді.Өйткені, білім мазмұны, оқыту үрдісі үнемі жаңартуды талап етуде. Сонымен қатар терең білімді,ізденімпаз , жан-жақты дамыған, өз болмысын тани алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде.Ғасырлар бойықалыптасқан рухани құңдылықтарымызды, байлығымызды түгендеу, жас ұрпақ бойына игі қасиетттерді сіңіру бүгінгі тәрбиешінің басты борышы. Балаларды оқыту мен тәрбиеленудің негізгі мақсаты баланың жеке тұлғасын қалыптасуы мендамуы болып отыр. Міне осыдан «Қалай оқыту керек?», «Қалай тәрбие беру керек?» деген сұрақ туындайды. Ұлы бабамыз Әбу Насыр Әль –Фараби: «Адамға ең біріншібілім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім азаматтың қас жауы, ол келешекте оның өміріне зиян әкеледі» деген екен. Сол себепті білім мен тәрбие егіз жүру керек. Әр педагогтің өзінің алға қойған мақсаты мен ұстанымы болады.Сол секілді менің басты мақсатым балалардың маған деген сүйіспеншілігін ақтау, себебі балалық шақ ол – арман мен жақсылықтың, таңғажайыптың әлемі. «Баланы ең әуелі мейір – шапағатқа, одан соң ақыл – парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы»¬дейді ғұлама Абай Құнанбаев атамыз.