Мақсаты: Әр түрлі мамандық түрлері туралы түсінік беру.Мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегімен таныстыра отырып,олардың маңыздылығы туралы білім беру. Кәсіпті таңдап,игеру үшін оқып,білім алу қажеттілігін түсіндіру. Шығармашылық белсенділіктерін арттыру. Әр түрлі мамандық түрлеріне қызығушылығын тудыру және еңбек адамдарына құрмет сезіммен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: , Мамандық суреттер, құралдары.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ұжымдық жұмыс.
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты,
Жарқырайды даламыз.
Жарқырайды қаламыз,
Қайырлы таң балалар!
Қайырлы таң қонақтар!
(шеңберде тұрып сұрау)
Сұрақ-жауап: Жыл мезгілдері.
-Бір жылда неше мезгіл бар?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?
- Қар жауады, боран соғады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар!Қыс айларын атайықшы?
- Желтоқсан, қаңтар , ақпан.
- Балалар біз қыста бораннан қолымыз тоңбау үшін не киеміз, ал аяғымыз тоңбау үшін не киеміз, басымыз тоңбау үшін не киеміз, үстімізге не киеміз?
-Ал, балалар мына суретті маған кім әңгімелеп береді?
Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі өтетін ҰОҚ-дің тақырыбын мен сендерге жұмбақтап айтқым келіп тұр?
-Тамақты пісіреді?
-Ауруды емдейді?
-Өртті сөндіреді?
-Киімді тігеді?
-Зәулім үйлер салады?
-Балаларды оқытады, білім береді?
Иә, балалар, сендер жұмбақты өте дұрыс шештіңдер. Бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атайды екенбіз? «Мамандықтар»
Үй салатын адамды-құрылысшы дейді екен , балалар.Ол көп қабатты, зәулім үйлер салады. Оның құралдарына күрек, қалақ, құм, шелек, тас жатады екен.
-Ал мына суретте тамақ пісіріп жатқан адамды-аспаз, Ол түрлі, дәмді ас пісіреді. Оның құралдарына ожау, пышақ, пеш, ыдыстар жатады екен.
Білім беретін адамды-мұғалім деп атайды, Мұғалімнің құралдарына кітап, дәптер, қалам, қарындаш жатады екен.Киім тігетін адамды-тігінші, оның құралдарына тігін машинасы, жіп, қайшы, ине жатады.Емдейтін адамды-дәрігер деп атайды. Оның құралдарына дәрі-дәрімек, тыңдағыш, укол жатады екен. Сурет салатын адамды суретші, өрт сөндіретін адамды өрт сөндіруші деп атайды екенбіз.
-Ал бұл мамандықты меңгеру үшін көп оқуды,көп ізденуді,қажымас қайратты,көп еңбекті талап етеді.
Дид/ойын «Сөйлеп тұрған кім?»
Балалар біз қазір мына сөздерді естіп қандай мамандық иесі сөйлеп тұрғанын анықтайықшы:
1)Балмұздақ сатамын!Балмұздақ!
2) Қай жеріңіз ауырып тұр?Қазір ыстығыңызды өлшейін.
3)Шашыңызды қандай үлгіде қиып берейін?
4)Бүгінгі сабақта біз балалар күзгі табиғат туралы әңгімелесеміз.
5)Мен манты жасап жатырмын,қазір дайын болып қалады.
Ойын: «Сәйкестендір?»
Шарты: Маман иелерін тиісті құралдарымен сәйкестендіру.
Дидактикалық ойын: «Кім жылдам»
Үстел үстіне түрлі сурет қиындыларын құрастырып маман иелерін шығару.(шаштараз, дәрігер, мұғалім, аспаз, құрылысшы, өрт сөндіруші, тәрбиеші, суретші, жол сақшысы,диқаншы,сатушы,тігінші)
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық
Шеңбер жасап құрайық.
Бір отырып, бір тұрып.
Біздемалып алайық.
Құстай қанат қағайық,
Иіліп оңға бір, иіліп солға бір.
Алға қарай бір қадам, артқа қарай бір қадам.
Жоғары төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Дидактикалық ойын: «Мамандық иелерінің құралдары»
Шарты: Әр мамандық иесіне тән құралды тауып, орналастыру.
- Балалар бағанадан бері сендер көптеген мамандық иелерінің еңбегімен таныстыңдар. Енді өздерің де өскенде кім болғыларың келетінін айтатын кез келді.
Қорытынды:Сын тұрғысынан сұрақтар:
1.Мамандық адамға керек пе? (иә)
6.Аспаз тамақ даярламайды? (жоқ, даярлайды)