Целиноград ауданы әкім қарамағындағы «Балауса» балабақшасы «Жас олимпиядашылыр» атты жоба бойынша
өз жұмысын жалғастыруда. Бұл жобаның мақсаты салауатты өмір салтын алдын алу болып табылады, спортқа деген сүйіспеншілікпен патриотизм. Шынайы тарихи оқиғалары, спорттық жетістіктері біздің бүлдіршіндерді ғана таң қалдырмады, сонымен қатар бақша ұжымын да таң қалдырды. Спорт шеберлерінің ішіндегі соңғы кездесуді бақша меңгерушісі А.К. Ни ұйымдастырды, қызықты да, қылықты кісі-Олжабаев Амантай Кенесовичті бізге қонаққа шақырды. Жылдамдықпен жүйіткуді жаны сүйетін адам,Қазақстанның мотоспорт шебері, авто-мотоспорттың федерация мүшесі. Амантай Кенесович көп жылдар бойы Қазақстан мен көрші елдерде де спорттық шараларға қатысып, құрмет марапаттарына ие болған спорт шебері.Бірақ, ең басты жетістік пен жеңісті өзінің немересі Олжабаев Қайрат-деп атап өтті. Немересін үш жасынын мотоциклдың қыр-сырына үйретіп, бұл спорт түрін немересіне аманат етіпті. Немересі 2016 ж алты жасында Қазақстанның ең жас мотожүргізушісі чемпион атанғанын әңгімелеп айтқан Амантай Кенесовичтің көзі жалындап мақтанышпен айтты. Міне, бұл үлкен бақыт! Кайрат, өте белсенді әрі шапшаң бала. Ол біздің балаларды бірінші сәттен-ақ өзіне қаратып алды. Балалардың көз
алдарына мультиктағы черепашка Ниндзя кейіпкерлері елестегендей болды. Балалар мұқият қонақтардың сөздеріне құлақ асып, қызығушылықтарын танытты. Балалар өз көздерімен мотоциклдың дауысын естігенде, жан дауыстарын шығарып жақсы көңіл-күйлерін білдіріп, шапалақтап жатты. Амантай Кенесовичтің спортқа деген сүйіспеншілігі мен немересі Кайрат біздің балалардың есінде қалды.Сұрақ-жауап кезінде белсенділік танытқан ұлдар мен қыздар
мотоциклге мініп, мәз майрам болды.Содан соң, біздің балалар және спорт шеберлері атасы мен немересі спорттық эстафетаға белсене қатысты. Соңғы сәттерде біздің қонақтарымыз спортты сүюге білуге, шынығуға, әрдайым белсенді болуға шақырды!
Біз де, өз атымыздан Амантай Кенесовичке осындай үлкен кездесуге келгені үшін алғыс білдіреміз.Оған
және жас чемпион Қайратқа денсаулық, жетістіктерге жете берсін дей отыра,
қоштасамыз. Балабақшамыздың есігі сіз үшін әрдайым ашық! Алдағы өмірде бізді
жаңа армандар мен жаңа жеңістер күтуде!