"Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша Білім беру бөлімінің жанындағы Қабанбай батыр ауылының "Балауса" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное  предприятие "Ясли-сад Балауса" села Кабанбай батыра при Отделе образования по Целиноградскому району Управления образования Акмолинской области

06.11.2017

«Истоки способностей и дарований детей – на кончиках пальцев»

В.А. Сухомлинский

Адам баласының ойы мен саусақ қимыл-қозғалыстарына миы жауап береді, қолдың қимыл-қозғалыстары кішкентай моториканың дамуы болып табылады. Сондықтан да, кіші моториканың бала өмірінің дамуында үлкен орын алады. Баланы сөйлеп үйрету үшін, артикуляциялық аппаратты үйрету ғана емес, баланың саусақтарын да дамыта білу керек. Егер бала қолының моторикасын дамытатын болсақ, міндетті түрде мынандай өзгешеліктерді байқаймыз: назар аударуын, ойлануын, елестету, жан-жақты байқау, есте сақта қабілеті мен сөйлеуі. Біздің балабақшада бұл айтылғандарға өте көп көңіл бөлінеді.Сенсорика кабинетінде әр түрлі ойындар мен жаттығулар жүргізіліп тұрады.Мысалы мынандай жаттығулар:

«Фасоль»

Нұсқаулық: Қорапқа не шұңғыл ыдысқа фасоль немесе горох саламыз, кішкентай ойыншықтарды осылардың

арасына тығып қоямыз, бала ойыншықты іздей отыра, «Мен қазір тауып аламын»-деп айтады.

«Мозайка» - өте қызықты ойын, бала шығармашылық тұрғыда жұмыс атқарады.

«Бау байлау» - бұл ойын саусақтардың дамуына арналған, ойын арқылы бауды дұрыс байлауды үйренеді.

«Жармалармен сурет салу(крупа)»- бұл жарманы арнайы ыдысқа барлық бетін, тесігін жабатындай сеуіп

тастау керек, сол мезетте бала әртүрлі пішіндегі суреттері саусақпен сызады, салады. Сонымен қатар баланың шығармашылық деңгейін де дамытамыз.

Уақыт өте келе бұл жаттығулар мен ойындар оңтайлы жағын көрсетеді, мысалы: қарындашты дұрыс ұстау,

аяқ киімдерінің бауын дұрыс байлау, түймелерін таға білу, жапсыру, сурет салу, ойларынын түрлі заттар құрастыру.

Просмотров: 323


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст