Текст
«Драма» сабағы бойынша даярлық топта Досмагамбетова Маржан Еслямгалиевна өз сабағын көрсетті. Сабақты жылы шыраймен, шаттықпен бастады.
Педагогжылы ниетімен балаларды баурап алды, ал сабаққа қатысып отырған балалар да педагогтың сөзін қалт жібермей ойларын ортаға салып, жан-жақты ат салысты, қызығушылықтарын танытты.
Балаларға театрда өздерін қалай ұстау жайында сұрақтар қойылып, түрлі ойындар мен бой серігту жаттығулары да қызықты да қарқынды өтті. Балалар сабақ барысында түрлі жаңылпаштар мен дұрыс демалу жаттығулары, артикуляциялық жаттығулар түрлері де балаларға қатты ұнады.
Көп жылды еңбек өтілімі бар Досмагамбетова Маржан Еслямгалиевнаның сабағы қызықты да, мазмұнды өтті.