Мен, Муканова Шынар Хамитовна жиырма жыл еңбек жолымды елімідің болашағы өсіп келе жатқан ұрпаққа, яғни, балаларға арнадым. Балаларды өте жақсы көріп, олардың психологиясын жақсы меңгергендігім --менің басты құралым болды. Оның ішінде біраз жылын ерекше туылған(мүгедек) балалармен өткіздім.
Әр адамның мамандығынан бөлек айналысар жеке ісі (хобби) болады ғой.Менің табиғатыма жақын ,көнілімді ашар , қуаныш шаттансам , ренжіп қамықсам, тамашалап таң қалсам немесе патриоттық сезімде , жақындарыма арнау сияқты ішкі дүниемді тербеген сәттерде туындайтын өлен жолдарын ақ қағаз бетіне түсіру.
Қазіргі уақытта «Балауса» балабақшасының тәрбиеленушілері – менің сүйіктілерім. Барлық бойымдағы шығармашылығым, оның ішінде өз жүрегімнен шыққан өлең щумақтары да соларға арналады.
Мысалы: «Балабақшаның сүйікті әні»
«Балабақшаның сүйікті әні»
1. Әр балаға махаббат,
Мейірім, шуақ, шапағат.
Бейбітшілік аспаны,
Бар балаға арналады.
Қайырмасы:
Балабақшам әрқашанда,
Самға, самға биікке.
Жырлайтындай, шырқайтындай,
Әнім болшы сүйікті.
2. Шаттық үйім, алтын ұям,
Сен қымбатсың біз үшін.
Балалардың бақыт шамын,
Сен жағайсың үмітін.