«Бірақ, бірақ бәрі де мүмкін екен»
Өмір болған соң бәрі де болады ғой. Тосын сыйлар да аз емес. Аздап ауырып жатқанда өмірге деген құштарлығымды осы өлең жолдары арқылы білдіргім келді. Сүрінсек, қайта тұруға хақымыз бар біздің. «Бәрі де мүмкін екен» шынында да.
Есім болмай біресе құлап жаттым,
Оянсам бір алладан сұрап жаттым.
Шынымен де уақыт жетіп бұл өмірден,
Алып кетеді ау деген сұрақ жатты.
Мен дағы жігерленіп келіспедім,
Оңайлықпен мені жеңу теріс дедім.
Бірінші алла, екінші абзал жанның,
Дертіме шипа болар ем іздедім.
Ойламадым балабақша бөлмесінде,
Қайтадан қағаз, қалам қолға алам деп.
Ойламадым тілеуші болған маған,
Ортаңызға сіздердің оралам деп.
Бірақ, бірақ бәрі де мүмкін екен,
Жаңағым тек бір жаман түсім екен.
Бақытымның астауынан суымды ішіп,
Өмір сүрем мен әлі өмір сүрем!
Тәрбиеші: Муканова Ш. Х
Қабанбай батыр ауылы.