2024 жылдың 13 наурыз күні «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қабанбай батыр ауылының «Балауса» бөбежайы» МКҚК-да педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережелері бойынша ұжым педагогтарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 21 педагог қатысты.
Қазақстанның білім министрлігі Президенттің Жарлығына сәйкес педагогтерді аттестаттау процесін жетілдірді. Жұмыс тобына білім берудің барлық деңгейлеріндегі педагогикалық қоғамдастық өкілдері мен сарапшылар кірді. Осы жұмыс аясында әр білім деңгейі мен әр педагогикалық лауазымның ерекшеліктері анықталды.
Өзгерістер ұлттық платформаны қолдана отырып, мұғалімдердің қызметін бағалау процесін автоматтандыруды қамтиды. Педагогтің қызметі мен жетістіктерінің дәлелі платформадағы «Жеке кабинетте» автоматты түрде қалыптастырылатын болады. Өтпелі кезеңде - Платформа жұмыс істей бастағанға дейін педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) шарттары мен тәртібі ұсынылған. Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің білімін бағалау мынадай тапсырмалардан тұрады: «Бейіні бойынша әдістемелерді білу, мектепке дейінгі педагогика және психология» – елу тапсырма. 30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар және «педагог-шебер» педагогтар біліктілік санатын растау кезінде қызмет нәтижелерін кешенді жалпылаудан өтеді; ПББ тапсырудан босатылады.