Балабақшада "Болашақ олимпиядашы" атты шашки жобасы өтті. Бұл жобаға шахмат пен шашкиға қызығушылығы бар балалар қатысты. Ескеретін бір жай, балалар шашки мен шахмат ойынын балалар ерте жастан біледі. Үш жасқа дейін ата-аналар бұл ойынға қызығушылықтарын танытқан. Барлық өнерлері мен қызығушылықтарын балалар турнир барысында көрсетті. Оларда қобалжушылық болды, өйткені қарсыластары аудандық шашки турнирінің жеңімпаздары №41 орта мектептің 6-7 сынып оқушылары Сыздыков Еламан мен Кажкенов Айдар. Балаларға ойын барысында күш қуат пен жақсы көңіл-күйде болу керектігін денешынықтыру мұғалімдері Тен Вячаслав Николаевич пен Нурумбетова Анар Талгатовна қолдау көрсетті.Жереби тастаған соң, қатысушылар орындарына жайғасып, білек сыбап, ойларын жүгіртуді бастап кетті.Дәл осы уақытта, біз сияқты үлкен кісілер 4,5 жастағы балалардың қаншалықты ойынға шын көңілмен кіріскендерін байқадық. Міне, бұлар біздің болашақ олимпиядашыларымыз:
Буданов Максим, 5 жаста. Максим өте белсенді, мейірімді бала. Балабақшада өзін озаттылықпен көрсетіп, достары үшін әр түрлі ойындарды ұйымдастырып жүреді. Сабақ барысында жақсы белсенділік танытады.
Дүйсенгазиев Ерхан,5 жаста. Ашықжарқын әрі мейірімді бала. Өте белсенді, әрі өжет бала. Сабақ үстінде әрдайым белсенділік танытады.
Сапаров Райымбек,5 жаста.Өте тәрбиелі, ақылды бала. Сабақ барысында тез ұғып, белсенділік танытады. Өзінің қатарластарымен тез тіл табысып, барлық балалармен жақсы қарым-қатынаста ойнайды. Логикалық ойындарды жақсы көреді.
Тағы бір тәрбиеленушіміз Мұрат Әли, 5 жаста, өкінішке орай ол қатыса алмады. Бірақ ол баланың шашкиді жақсы ойнайтынына біз сеніммен қараймыз. Сондықтан да оның жақсы ойыншы екендігін біз айтып отырмыз. Әли көбінесе логикалық ойындар мен қимылды ойын түрлерін жақсы көреді. Жақсы оқиды, тапсырмаларды тез орындайды. Кеңпейіл әрі барлықтарына қол ұшын беруге әзір.
Өткізілген шашки турнирі біздің балабақша төңірегінде өтіп, талантты балаларымыздың жолдарын ашты. Дәл осындай іс-шаралар балаларды жеңімпаз етіп, шыдамдылыққа, төзімділікке үйретеді. Айта кететін бір жайт, осындай іс-шаралардың ұйымдастырылып жатқаны үшін, балабақшаның ұжым мүшелеріне алғыс білдірер едім. Осындай іс-шаралар біздің жұмысымызға жеңіс әкеледі. Талантты және шығармашылық тұрғыдағы педагогтар-ақылды, талантты,жеңімпаз ұрпақ тәрбиелеудің бастауы болып табылады.