"Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты елбасы Н.Ә.Назарбаевтің мақаласын оқи отыра, біз тағы да берілген мақсатты қолдау көрсетуге әрі жүзеге асыруға дайын екенімізді көрсетеміз. Елбасымыздың ойын қолдау мақсатында біздің балабақшада Кабанбай батыр ауылдық округінің әкім орынбасары Оспанова Шәмшигали Сейткалиевичтің қатысуымен және № 41 орта мектеп пен Кызылжар орта мектебінің педагогтары және өз бақшамыздың ұжым мүшелерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел өтті. Кездесу барысында білім реформасының сұрақтары
талқыланды. Осы жылдар аралығында біздің облысымызда көптеген өзгерістер болды. Әсіресе қуантатыны, ол елбасымыздың мектепке дейінгі мекемені білім деңгейінің бірінші баспалдағы деп атап өткендігі. Тәрбиешінің жұмысы ол бүлдіршіндерді қолдап, оларға дос бола білу, оларды елдерін сүйетін патриот етіп тәрбиелеп, еркіндікке үйретіп, азамат етіп тәрбиелеу. Бұл алдағы өмірлерінде аяқтарынан нық тұрып, болашақтарына сеніммен қарауға үйретеді. Кездесу барысында балабақша мамандары мекеменің жұмысы қалай жүріп жатқандығы
жайынжа таныстырып өтті. Орта мектептің әріптестері тәрбиешілердің жұмыстарына терең үңіліп, жұмыстың қиындықтарын ұғына білді. Бүгінгі қойылған мақсаттардан соң, мектепке дейінгі мекемеде тек қана ерікті, жауапкершілігі мол, топ арасында жұмыс атқара алатын адам ғана тәрбиеші бола алады. Казіргі заманғы тәрбиеші ол- менеджер, стратег, заңгер және психолог, бұл нақты қоғамды еркін түсінетін, білетін адам..Оның қолында кішкентай әлемнің, кішкентай азаматы!