Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Білім беру дағдысы: Шығармашылық
Бөлімі:Мүсіндеу
Тақырыбы: «Кішкентай қолдар»
Мақсаты: Балалардың мүсіндеуге деген қызығушылықтарын оятып, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру. Шығармашылық ойын дамыту,саусақ буындарын тұзды қамырмен жұмыс жасау арқылы жаттықтыру. Адамгершілікке,ұқыптылыққа , нанды қастерлеуге,еңбекқорлыққа тәрбиелеу, есте сақтау қабілетін дамыту.
Міндеті: Тұзды қамырдың қасиетімен таныстырып, тұзды қамыр жұмсақ, бөліп алуға, илеп мүсін жасауға болатынын көрсету. Тұзды қамыр кесектерінен үзу, жұлу,, жаншу, созу тәсілдерін қолдана отырып мүсіндеуге үйрету. Алақан арасында және жазықтықта түзу және домалақтау арқылы илеу іскерліктерін көрсету. Кептірілген қамырды акварель бояуымен әсемдеу.
Әдіс-тәсілдері:Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, ойын,сұрақ-жауап.
Билингвалді компонент:Қамыр – тесто, қол- рука.
Көрнекіліктер: жануарлар мен жәндіктер және т.б.
Іс –әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметі |
І - кезең мотивациялық-қозғаушы |
Шаттық шеңбері: Қуан,шаттан,алақай, Қуанатын күн келді. Қайырлы таң! Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін Олай болса кел,балалар күлейік! -Балалар бүгінгі сабағымыз өте ерекше. Сендер ерекше сабақ өтуга дайынсыңдар ма? |
Балалар тәрбиешімен бірге шаттық шеңбер сөзін қайталайды
|
ІІ - кезең проблемалық ізденушілік |
Балалар бүгін «Кішкентай қолдар» іздерін жасаймыз
Проблемалық сұрақ Ұн дегеніміз не? Ұннан не жасаймыз? Тұз дегеніміз не? Тұздың дәмі қандай?
Сөздік жұмыс: Тұз, қамыр, илеу, із, таңба т.б
Сергіту сәті: Бас бармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек.
Мына жерде май бар, мына жерде шай бар, мына жерде түлкі бар, мына жерде күлкі бар қыты-қыты-қыты))
Тыйым салған сөздер: *Балалар нанды басуға болмайды. *Лақтыруға болмайды. *Бір қолмен нанды үзуге болмайды *Нанды тәтті, ащы деп айыруға болмайды
Мақалдар: 1. Арпа, бидай ас екен, Алтын, күміс тас екен. 2. Ас атасы – нан Нан қасиетті дәм. |
Нан жасайтын арпа түрі. Нан жасаймыз. Тұз тамаққа қосатын дәмдеуш. Тұздың дәмі ащщы.
|
ІІІ - кезең рефлексивтік түзетуші |
Кептірілген қамырлы алақандарының іздерін акварель бояуымен әсемдеу.
Жарайсыңдар! Өз жұмыстарын талқылайды. |
|