Сабақтың тақырыбы: «Қыс қызығы»
Тәрбиеші: Шахманова А.Қ.
Сабақтың мақсаты: . Қыс мезгілінің табиғи ерекшеліктерін меңгерту
Схема бойынша суреттің мазмұнын құруға және сөздерді байланыстырып айтуға дағдылындыру.Тіл мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік:Қыс мезгілі,қысқы ойындар,қысқы табиғат,қысқы еңбек жайлы түсінік беру. Затты зерттеуге алгаритм жасауға үйрету.градтаж техникасын меңгерту.
Дамытушылық:Танымдық, шығармашылық қасиеттерін,тілін,сөздік қорын дамыту.Сабаққа қызығушылығын арттыру
Тәрбиелілік: Табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Типі:Дамыта оқыту «Тәй-тәй» бағдарламасы.
Қолданылғанәдіс-тәсіл:Сұрақ-жауап,топпен,Триз,тірек-сызба,алгаритм, тәжірибелік,көрнекілік,ойын ,сөздік,схема арқылы әңгіме құрау.
Көрнекіліктері:«Таңғажайып алаңы» ойыны,схемалар,суреттер,мұз,зертхана приборлары,май шам, бояу,стек,сүлгі.
карточкалар,зерттеу құралдары,май шам,бояу,қатты қағаз.
Сабақтың барысы:
Амандасу (Қайырлы күн,сәлеметсіз бе?,хош келдіңдер!
Амансың ба нұрлы күн!
Амансың ба қара жер!
Аман –есен болайық!
Бейбітшілік қалайық!
Амандасу түрлерін көрсетеді.(қолымен,басынан сипалап,бетінен ұстап,құшақтап)
Ұйымдастыру кезеңі.
-Балалар бір сәт өзімізді – сыртта, таза ауада тұрғандай елестетейік.
-Айнала қандай?
-Қар қандай?
-Ал мұз ше?
-Ауа қандай?
-Терезелерде не бар?
Қыс қандай болады? (қарлы,боранды,аязды)
Қыста аулада қай құсты кездестіруге болады?
-Яғни, мұның барлығы қай кезде болады?
(балалардың жауабы)
Қазір қыстың нағыз ортасы. Бұл мезгілді сықырлауық қыс немесе жалтыр қыс деп те атайды сен білесің бе?
Иә білемін айнала ақ көрпеге оранып, тап-таза күйге енеді.
Ал біз болсақ, қыстан, аяздан қорықпаймыз. Жылы киініп, шанамен сырғанап, шаңғы тебеміз.
Қыста ауа райында қандай өзгерістер болады?
Жерді қар басады.Өзенді мұз басады.
Құстар ән салмайды.Ағаштар өспейді.
Жәндіктер тығылып қалады.
Адамдар қалың киінеді.
Қыс айлары жайлы біз не білеміз?.
Желтоқсан-жыл аяғы қыстың басы ол,суық,ызғарлы болады.
Қаңтар-Жыл басы қыстың ортасы ол ең қарлы ай.Бұл айда қатты суық,үскірік аяз болады.
Ақпан -жел мен боранның айы.Бұл айда ең ауыр,әрі суық дүлей борандар болады
Ойын тапсырмалар
№1 тапсырма Балалар сендер қалай ойлайсыңдар қыс жақсы ма? жаман ба?
Қыстың жақсы және жаман жақтарын айтады.
№2 « Ғажайып баспалдақ»
Мына сөздері қатыстырып екі жол өлең құрастыр
1.Бар,қар.2.Ойнады,Тоңбады.3.Мұз,біз.
3.Қар жапалақтап .......(Жауып тұр,жауады)
1. «Қызықты тапсырма.»
2 «Ойланып көр.»
3 «Жұмбақ шеш»
Тірек сызба бойынша жұмбақ жасырады.
Ол көңілді сайқымазақ емес
Үш қабатты бірақ үй емес
Қайырымды бірақ дәрігер емес (аққала)
4 «Тақпақ айт»
Тірек –сызбаны пайдаланып қыс туралы тақпақ оқу.
Бір топ бала далада
Соқты қардан аққала,
Мұрны сәбіз үп-үшкір.
Көзі көмір қап-қара.
Бұл қай мезгіл?
Сергіту сәті Жел улейді у-у-у
Боран соқты зу-зу
Қатты-қатты жел соқты гу-гу
Шыдай алмай жапырақтар ах-ах
Билеп кетті қалтырап пах-пах
Балалар белсенділік орталықтарымен ауысады.
Қорытынды.
Балалар сендердің барлығың да өте жақсы жұмыс жасадыңдар.
Біз не үйрендік?
Сендерге ұнады ма?
Кімге не ұнады?
Рахмет сендер өте тамаша балаларсыңдар менің сендерге азғантай сыйлығым бар.
Көңіл-кі-күйіміз қандай? Тамаша!
Қыс мезгілі қандай? Тамаша!.
Ауа райы қандай? Тамаша!
Қысқы ойындар қандай? Тамаша.!