Педагогикалық кеңес №3
Өткен күні:30-31.01.2024ж
Қатысқандар:
Қалыс қалғаны:
Әр топтан ата-аналар коммитеті:
Тақырыбы: «2023-2024 оқу жылының - І жартыжылдығында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын меңгеру қорытындылары».
Мақсаты: 2023-2024 оқу жылының І жартыжылдығында Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін талдау. 2023-2024 оқу жылының ІІ жартыжылдығына арналған бағдарламалық мазмұнды игеру сапасын жақсарту жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттарын айқындау.
Күн тәртібі
1. №2 педагогикалық кеңестің шешімін орындау туралы. (жауапты/меңгеруші:Смадьярова М.И)
«2023-2024 оқу жылының І жартыжылдығындағы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын меңгеру қорытындысы» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел: «Балабақшадағы қолжетімді технологиялар.»
2. «№3 педагогикалық кеңеске салыстырмалы бақылау нәтижелері» балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын меңгеруінің аралық мониторингінің қорытындылары». (жауапты/әдіскерлер :Аубакирова М.Ж.Хамзина Ж.М).
3. «І жартыжылдықтағы жұмыс нәтижелері туралы педагог-психологтің талдамалық есебі» (жауапты/педагог-психолог:Жунусова М.З).
4. Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қағидаларымен танысу (жауапты/меңгеруші Смадьярова М.И).
Педагогикалық кеңес шешімінің жобасы, оны талқылау, толықтыру. (жауапты/меңгеруші Смадьярова М.И).
5. Ойын:«Иә» сөзі арқылы ойын ойнап залға кіру.
Тыңдады:
Бірінші мәселе бойынша меңгеруші Смадьярова М.И сөз сөйледі.
Педагогикалық кеңестің шешімін орындау жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр. Педагогикалық кеңестің бақылауында қалдыруды ұсынамын.
- «Ойын қызметін ұйымдастыру» тақырыбы бойынша фронтальді бақылау нәтижелері бойынша:
- барлық топтардың тәрбиешілеріне топтардың пәндік-даму ортасын қайта қарау, оларды сюжетті-рөлдік ойындармен толықтыру. Қолда бар ойын материалы картотекаларға сәйкес жаңартылсын және жүйеленсін.
- Тәрбиешілер:Исатова А.Е,Абдикова Б.Ш,Жаманбай Д.С,Шахманова А.Қ әртүрлі ойын түрлерін өткізу әдістемесін, ойын іс-әрекетінің дағдыларын дамыту бойынша жұмыстың ерекшеліктерін зерделеу жұмысын жүргізсін.
Қатысушылар ұсынысты бірауыздан қолдады.
Бұдан әрі «2023-2024 оқу жылының І жартыжылдығында Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын меңгеру қорытындысы» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Екінші мәселе бойынша әдіскерлер Аубакиров М.Ж.Хамзина Ж.М «Балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын меңгеруінің аралық мониторингінің қорытындылары» салыстырмалы бақылау нәтижелерін жариялады.
(анықтама қоса берілген)
Педагогикалық кеңестің шешіміне енгізуді ұсынды:
Балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын меңгеруінің аралық мониторингінің нәтижелері бойынша жеке даму карталарында түзету іс-шараларын белгілеу, белгіленген іс-шараларға сәйкес жеке жұмыс жүргізу.
Педагогикалық кеңестің шешіміне енгізуді ұсынды:
Педагогикалық процестің барлық қатысушыларын жұмыстың әртүрлі формалары арқылы психологиялық сауаттылықты арттыруға мүмкіндік беретін психологиялық біліммен қамтамасыз ету. Ата-аналар мен педагогтерге қызықты, әрі өзекті болатын ақыл-кеңес тақырыбын нақтылау.
Қатысушылар ұсынысты бірауыздан қолдады.
Шешім:
- барлық топтардың тәрбиешілеріне топтардың пәндік-даму ортасын қайта қарау, оны сюжетті-рөлдік ойындармен толықтыру. Қолда бар ойын материалын картотекаларға сәйкес жаңарту және жүйелеу.
- Тәрбиешілерге әртүрлі ойын түрлерін өткізу әдістемесін, мектеп жасына дейінгі балалардың дағдыларын дамыту бойынша жұмыстың ерекшеліктерін зерделеу бойынша жұмыс жүргізу.
3. Балалардың Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын меңгеруінің аралық мониторингінің нәтижелері бойынша жеке даму карталарында түзету іс-шараларын белгілеу, белгіленген іс-шараларға сәйкес жеке жұмыс жүргізу.
( жауапты/балабақша педагогтері)
4. Педагогикалық процестің барлық қатысушыларын жұмыстың әртүрлі формалары арқылы психологиялық сауаттылықты арттыруға мүмкіндік беретін психологиялық біліммен қамтамасыз ету. Ата-аналар мен педагогтерге қызықты әрі өзекті болатын ақыл-кеңес тақырыптарын нақтылау.
( жауапты/ педагог-психолог:Жунусова М.Ж.
5. Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қағидаларын зерделеу, жұмысты қағидаларға сәйкес жүргізу.
жауапты/ балабақша педагогтері)
Төраға:
Хатшы: