Текст
Қаңтар айының 4 мен 5-і аралығында Ақмола облысы Сандықтау ауылында VI облыстық жас педагогтар форумы өтті.Форум аясында «BILIMDI JASTAR» дөңгелек үстелі ұйымдастырылып, жас педагогтардың Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Шоқан Жетпісбайұлы Оразалинмен кездесу өтті.
Форумда жас педагогтардан басқа аудандық және қалалық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері педагог-тәлімгерлер және «Білімді жастар» жас педагогтар одағының төрағалары қатысты.
Бұл форумда біздің Балауса бөбекжайынан «Жас педагогтың шеберлік аймағы» шығармашылық қолөнер бұйымдарына арналған көрме экспонатына қатысып, өзінің қолөнер бұйымдарын көрсетуге тәрбиеші Сабырова Айгерим Ериковна қатысты.