Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының мазмұнын,соның ішінде мектепке дейінгі ұйымның жұмыс бағытын ескере отырып ,балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына ,отбасылық құндылыққа ,патриоттық сезімге ,Отанға деген сүйіспеншілікке баулу мақсатқа қойылған.Осы мақсатта балабақша аясында түрлі үйірме мен қазақы бұрыштарды дамытуды жоспарға алдық.Әр топта «ұлттық бұрыштар»,оюлы сырмақ,түрлі-түсті оюлардан төсеніштер, қазақы киіз үй бұрышы мен ақ дастархан ,дастарханда тұратын ұлттық тағамдар түрлері(тұзды қамырдан жасалынған) жасақталды.Балабақшада «Рухани жаңғыру»аясында ересек,мектепалды даярлық топтары арасында; «Мен өз елімнің патриотымын!», «Рухани жаңғыру ұлттың ұлы мұраты», «Дружба народов», «Дружба народов-крепкая страна»атты түрлі іс-шаралар өткізілді.
Ұлттық құндылықтар жайлы айта беретін болсақ шегі жоқ. Әлем қазақ елін осы оюымен, оюлы домбырасымен және оюлы көк туымен таниды.
Ұлттық құндылықтар бір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ұлттық құндылықтар әр халықтың тарихын, дәстүрлерін сонау көне ғасырлардан біздің уақытқа дейін жеткізген құрал.
Біздің қазақ халқын осы ұлттық құндылықтар ел қылып, халық қылып отыр.
Мысал келтірейін: біздің спортсмендер туымызды көкке көтеріп, елімізді бүкіл әлемге танымал жасап жатыр. Шетелге барған жастар шетелдің көшелерінің ортасында отырып, оюлы домбырамыздың қоңыр үнін тыңдатады. Наурыз секілді ұлттық мейрамдар ұлттымыздың құндылығын, рухын көтереді. . Себебі ұлттық құндылықтар - ұлттың қазынасы.
Осындай ұлттық қазынамыздың арқасында біздің еліміздің жастары салт-дәстүрлерге сай болып, тәрбиелі болып өседі. Бұндай құндылықтар арқылы халықтың рухын сақтаймыз, өсіп келе жатқан жас ұрпақ өз ұлтының құндылығын біліп өседі.
Айта келгенде, бабаларымыз ұрпақтарына осы құндылықтар жетсін, тарихымыз сақталып қалсын деп қаны мен терін осы жерге төккен. Осыны біле тұрып, біз қалайша еліміздің құндылығын ұмыта аламыз? Керісінше, біз тілімізді, дәстүрлерімізді өсіп келе жатқан ұрпақтарға нассихаттауымыз қажет.
Сондықтан, осы оюларымызды қадір тұтатын, еліміздің жастарын дұрыс тәрбиеге салатын салт-дәстүрлеріміздің үлесін ұлғайтатын - ұлттық құндылықтарымызды құрмет етейік. Бізді бүгінгі күнге жеткізген, шайқаста қасық қаны тамғанша күрескен ата-бабаларымыздан қалған тарихты бізге білу ол міндет.
Сайып келгенде, ХХІ ғасыр – жастардың ғасыры демекші, сол жастар да елдің құндылықтары үшін еңбек етуі керек. Рухани жаңғырып, Мәңгілік ел болу үшін құндылықтарымызды мәңгілік сақтап, өзімізден кейінгі ұрпақтарға мәңгілікке табыс етуіміз керек. Себебі ұлттық құндылықтар – ұлттың қазынасы.
Ақмола облысы
Целиноград ауданы
Қабанбай батыр ауылы
«Балауса»бөбекжайының әдіскері:Аубакирова Маржан Жұматайқызы