"Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша Білім беру бөлімінің жанындағы Қабанбай батыр ауылының "Балауса" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное  предприятие "Ясли-сад Балауса" села Кабанбай батыра при Отделе образования по Целиноградскому району Управления образования Акмолинской области

«Қыс қызығы» атты ортаңғы Бөбек тобының ашық сабағы

18.03.2020

Ұйымдастырылған оқу қызметі:

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі : Сөйлемді дамыту:

Тақырыбы: «Қыс қызығы»

Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту, өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу. Балалардың сөздік қорын байыту, тәрбиешіні тыңдай отырып, өздігінен байланыстыра жауап беруге жетелеу. Бүлдіршіндердің қыс, қысқы ойын туралы түсініктерін бекіте отырып, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.Сөйлеу шеберліктерін арттыру балалардың ұсақ қол маторикасын дамыту,үйымшылдыққ достыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету, ойын, аққала бөліктері, сергіту сәті.

Көрнекілік: Мазмұнды суреттер, қыс мезгілінің слайды, ойынға қажетті заттар.

Билингвальды компонент: қыс-зима, қар-снег, аққала-снеговик.

Шаттық шеңбері;

Қане, қане тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық,

Алдыменен бәріміз.

Амандасып алайық,

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылсын!

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті,

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің бас ғой.

Ал, кәнекей бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге

Сәлеметсіздер ме апайлар!

Сәлеметсіздер ме балалар, қонақтар бүгін бізде ерекше күн бүгін оқыту іс-әрекетімізге көп қонақтар келіп отыр.

 

Осы жұмбақтарды шешу арқылы бүгінгі оқыту іс-әрекетінің тақырыбын ашамыз.

 

Слайд “Қыс қызығы”.

 

            1. Шанамен зырғып желетін,

             Коньки ,шаңғы тебетін,

            Аққала жасап ойнайтын

         Қай мезгілдеп ойлайсыңдар балалар?

        Жарайсындар балалар, ол (Қыс мезгілі.)

 2.Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тонады. (қар).

3.Қолы жоқ сурет салады,

Тіс жоқ тістеп  алады. (Аяз).

4.Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан тұрады

Тауып көрші сен  оны (Аққала).

Сұрақ-жауаптар:

 Тәрбиеші: Балалар қазір қай жыл мезгілі ?

Балалар жауабы: Қыс мезгілі.

Тәрбиеші: Қыста  ауа райы қандай болады?

Балалар жауабы: қар жауады аяз болып, боран соғады.

Тәрбиеші :Балалар, сендер қыс айлары туралы білесіңдер ме.

Қыс мезгілінде неше ай бар?

Балалар жауабы: Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Тәрбиеші: Қар қандай?

Балалар жауабы: қар суық, аппақ, үлпілдек.

Тәрбиеші: Қардан не жасаймыз?

Балалар жауабы: қардан аққала жасаймыз.

Тәрбиеші: Қандай қысқы ойындарды білесіңдер?

Балалар жауабы: шана, коньки, шаңғы,қар лақтырып, аққала жасап сырғанақ тебеміз.

Тәрбиеші : Қыста аулады ұшып журген құстарды коресіңдер ме оларды қандай құстар деп атаймыз.Олар қандай құстар ?

Балалар жауабы: Қыстап қалатын  құстар.

Тәрбиеші: Адамдар қалай киінеді?

Балалар жауабы: адамдар жылы киінеді

Тәрбиеші: Киімдердің аттарын атаңдаршы?

Балалар жауабы: тон, қолғап, пима, күрте, етік.

 

Билингвальды компонент: қыс-зима, қар-снег, аққала-снеговик.

 

Қыс мезгілі жайлы қандай тақпақтар білесіңдер?

Тақпақты мнемокестесі арқылы айту.Кесте бойынша кім маған тақпақты айтып береді?

   «Қыс». Н. Аманжолованың.

                            «Қыс».

Аппақ күміс бар әлем,

Зымыраймыз шанамен,

Тоғайлар тон киеді,

Аяз беттін сүйеді.

Жиналып ап бар бала,

Тұрғызамыз аққала.

Балалар , бұл тақпақ не туралы айтылған?

 

Сергіту сәті:

Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Суық өтер қолғаптан.

Балалар өлең жолдарын айтып, қимылмен жасайды.

Дидактикалық ойын: «Аққала» құрастыр.

Ойын шарты:Әртүрлі фетрдан  киып дайындаған геометриялық қиындылардан аққала құрастыру керек.

Аққала неден жасалады?

Аққала қай мезгілде жасауға болады?

Аққала неше  бөліктен тұрады?

Оның бөліктерінің пішіндері қандай?

Үстел үстінде табақша ішінде аққала бөліктерін көгілдір түсті  фетраға құрастыру.Ұсақ қол моторикасы арқылы аққаланы түймелеп құрастырамыз

Балалар аққала қандай геометриялық пішіндерден құралған?

Балалар жауабы: Дөңгелек (балаларға көмек көрсету).

Музыка әуенімен аққала құрастыру.

 

 

 

Дыбыстық жаттығу:

Ыс-ыс-ыс- далаға келді қыс.

Ар-ар-ар- жерге түсті қар.

Ан-ан-ан –біз тебеміз шана.

Ла-ла-ла –қардан соқтық аққала.

Балалар дыбыстық жаттығуды тәрбиешімен бірге қайталайды.

Рефлексивті  қорытындылаушы кезең:

Қыс мезгілі сендерге ұнай ма?

Қыста ойнайтын қандай ойындар білесіңдер?

Біз бүгін не құрастырдық?

-Жарайсыңдар балалар. «Балаларды мақтап-мадақтау).

Саусақ арқылы:

Көңіл-күйіміз қандай?Тамаша!

Қыс мезгілі қандай? Тамаша!

Ауа райы қандай? Тамаша!

Қысқы ойындар қандай? Тамаша!

 -Жарайсыңдар балалар. «Балаларды мақтап-мадақтау).

Смайликтер тарату.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен танысты.

Игерді:Қыс мезгілі өте суық мезгіл екенін түсінді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктерді қолдана алады:

Қыс мезгілінің табиғат құбылыстарын меңгерді.

 

Просмотров: 376


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст