Мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін ояту, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту. Қазақстанның келешегі екеніне көз жеткізу.
Көрнекілігі: Елбасы Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев суреті, мемлекеттік рәміздер, әнұранның фонограммасы.
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, жер - ана!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам.
Жүргізуші сұрақтар қояды, балалар жауап береді.
- Арайлаған танды сүйетін кім?
- Алтын сәулені сүйетін кім?
- Жарқын даланы сүйетін кім?
- Туған жерді сүйетін кім?
- Ата - ананы сүйетін кім?
- Досын сүйетін кім?
- Еліміздің болашағы кімдер?
Жүргізуші: Ендеше бүлдіршіндеріміздің тақпақтарын тамашалайық.
«Жас қанат» тобы.
Мадина: Ақ ары – сенер мияты,
Басынан нелер өтпеген.
Ұлт едік уыз – ұяты,
Уыстан шығып кетпеген.
Ернұр: Жуаны сөзге жығылып,
Дуалы сөзге тоқтаған.
Даланың заңын ұғынып,
Бетімен кеткен жоқ бабам.
Амери: Арайлы күнге жол аштың,
Аманат болып атадан.
Айбыны сенсің – Алаштың,
Арымдай асқақ Ата – заң!
– Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет. Еліміз тәуелсіздікті 1991жылы алды. Қазақстан мемлекеті өз егемендігін алған соң 30 - тамызда 1995жылы өз Ата Заңымыз қабылданды. 30 тамыз – мемлекеттік мереке Конституция күні деп аталды.
Еліміздің тәуелсіздігін дәлелдейтін өз рәміздері бар. Мемлекеттің барлық азаматтары - үлкендерде, балалар да - мемлекеттік рәміздерді, олардың символикаларын білуі және түсінуі тиіс.
Өз еліңнің Туын, Елтаңбасын және Әнұранның құрметтеу ол өз Отаныңды құрметтеу және сыйлау. - Балалар, біз қай елде, қай Республикада тұрамыз?
- Қазақстанның елордасы қай қала?
- Елбасымыз кім?
- Біз Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе?
Жүргізуші: Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай үстінде қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар.
Шарықтаған таза күн
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі
Балаларға елтаңбаны көрсетіп түсіндіреді.
Жүргізуші: Отан туы желбіреп,
Көз тартады құбыла.
Біз қараймыз елжіреп,
Туған жердің туына.
Балаларға туды көрсетіп түсіндіреді.
Жүргізуші: Әнұраным - жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі - бақи шырқалады,
Республика әнұраны.
Балаларға әнұран айтуды ұсынады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалады. Қимылды ойын «Киіз үй»
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер,
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.
Жүргізуші: Конституция күні баршамызға құтты болсын!
Еңсесін асқақтатқан Қазақстанымыз жайнап, гүлдене берсін дей отырып, мерекемізді осымен аяқтаймыз.