Тәрбиеші: Байжанова А.Ж.
Тақырыбы: Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Жаратылыстану
Мақсаты: Жабайы жануарлар туралы түсініктерін кеңейту. Жабайы жануарларды айыра білуге, атай білуге үйрету. Аңдардың балаларын тани білуге, атай білуге үйрету.
Балаларға жануарлардың қысқы тіршілігі жайында түсінік беру. Олар қыстың суығынан қалай қорғанатынын, сыртқы бейнелері неліктен өзгеретінін, немен қоректенетін, қыста жануарларға қамқорлық қажет екенін айтып түсіндіру. Қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.
Керекті құралдар: аңдардың суретімен плакат, қыстыңсуреті,
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Шеңбер құрып тұрып,
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік,
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік. Бір – біріне қарап күлімсірейді.
Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр, қонақтармен амандасайық.
- Сәлеметсіздер ме?
- Бүгінгі ашық оқу іс - әрекетіміз тіл дамыту. Өткен сабақты қайталап кетейік.
Өткен сабақта құстардың тіршілігімен таныстық.
- Балалар қыстап қалатын құстарды еске түсірейік.
Қазір жылдың қай мезгілі?
Сендерге қыс ұнайма?
Қандай ойындарды біз далада ойнаймыз?
Ал қыстағы орманды мекендейтін жабайы аңдардың білесіңдер ме?
- Балалар орманға жабайы аңдардың қысқы өмірімен танысуға барамыз ба, онда көздерімізді жұмайық, онға дейін санайық.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 көзімізді ашайық.
- жабайы аңдар
- аю, қоян, түлкі, қасқыр...
Мен сендерге жұмбақтар жасырамын, жауабын табыңдаршы:
1. өзі бір қу, жүрген жері айғай да шу
Бұл не? (түлкі)
2. Қорбаң, қорбаңетеді,
Орман оның мекені.
Тәттібалғатойып ап,
Қыста ұйқыға кетеді. Бұл не? (аю)
3. Секең, секеңетеді,
Орманоның мекені.
Отырғанда шоқиып,
Құманға ұқсап кетеді. Бұл не? (тиін)
4. Көп, көпине,
Бір сабағы жоқине,
Іс тікпейді әрине. Бұл не? (кірпі)
Ал, енді суретке қарап отырып атаңдаршы?
Бір сөзбен қалай айтамыз? Жабайы жануарлар.
Енді мен сендерді ойын ойнауға шақырамын, ойынды ұнатасыңдар ма?.Пазлы ойының ойнаймыз. Пазлыны құрастыру. Қандай сурет болып шықты?
Қыста орманда олар тоңады ма? Неге тоңбайды?
Қай аң қысқа қарсы тонының түсін өзгертеді?
Неліктен?
Кірпіге үстіндегі инелері не үшін керек?
Қыс бойы ормандағы аңдарға біреулер тамақ апарып береме?
Тиін - қыста өзі жинаған саңырауқұлақтар, жаңғақтармен қоректенеді.
Түлкі - қар астындағы тышқандармен қоректенеді.
Қоян - ағаштардың қабығын кеміреді.
Қасқыр - әлі жететін аңдармен қоректенеді.
Аю - қыс бойы ұйықтайды.
Кірпі қыс бойы ұйықтайды.
Сергіту сәті:
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көпекен.
Құлпынайын алайық.
Қалтамызға салайық.
Ойын ойнайық: «Үйшігін тап» деген.
Мына жерде аңдардың үйшіктері, бірақ қай үйшік қайсынікі екен, өздері де шатасып қалыпты, кәне көмектесіп тауып беріңдерші?
Ал, енді атап кетейік:
Аю – апанда,
Түлкі - інінде,
Қасқыр – апанда,
Тиін – ағаш қуысында,
Кірпі – інінде.
- Осы жабайы аңдардың балалары бар ма?
Қай аңның қандай баласы бар екен, оны тауып атау үшін мен сендерді ойын ойнауға шақырамын.
«Анасын тап» деген. Міне аналары, ал балалары адасып қалыпты, кане аналарын тауып беріңдерші?
Балаларына тап кетейік:
Аюдың баласы - қонжық
Түлкінің баласы - жәудір
Қасқырдың баласы - бөлтірік
Қоянның баласы – көжек
Тиіннің – тиін баласы
Кірпінің – кірпі баласы
Бұғының – бұғы бұзауы
Олар жабайы аңдар болса да өз балаларын өте қатты жақсы көреді, қорғап жүреді, тамақ тауып береді.
Ал, енді қойылымды көріп тамашалайық.
Аңқау қасқыр.
Қасқыр - К. Жаннұр, Түлкі - А. Асылай, Балықшы - Т. Ерназ.
Балалар, қалай ойлайсыңдар жабайы аңдарды қорғау керек пе?
Орманды бақылайтын орманшы болады, олар аңдарды аңшылар келіп атып кетпесін деп бақылау жасайды. Орманды мекендейтін қай аң болмасын
біз адамдар қамқоршы болуымыз керек
Қорытындылау.
Бұл аңдарды неге жабайы дейміз?
Қай аң қыста ұйықтап жатады?
Олардың балаларын қалай атаймыз?
Қай аң апанда тұрады? (Аю, қасқыр)
Қай аң інде тұрады? (түлкі, тышқан)
Балаларды мақтау, мадақтау.