Өткізген педагог: Муканова Ш.Х.
Мақсаты: күз туралы балалардың дүниетанымын арттыру, күз мезгілінің қоршаған ортаға әсерін таныту, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау. Сахна мәдениетін дамыту, қалыптастыру.
Би.Балалар жапырақпен билеп залға кіреді.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар!Табиғаттың тамаша бір мезгілі сары алтын күз де келіп жетті.Күз біресе жылы күндерімен қуантса,бірде суық желдерімен тоңдыра бастады.Алайда алтын күздің біз бен сізге берері көп келісесіз бе?Көктемдегі еңбегіміздің жемісін қамбаға жинапқысқа дайындалып та қойған боларсыздар.Ендеше,біздің де бүгінгі айтарымыз әніміз ,жырымыз, биіміз де сол алтын күз жайлы болмақ!Балалард ың мерекесін тамашалауға хош келдіңіздер!
Ән: «АЛТЫН КҮЗ».Еркеназ
Жұлдыз
Еркежан
2.Ералы
Айсұлтан
3.А.Амина
Аделя
Б.Айзере
4.Жангир
Әлинұр
5.Әлиасқар
Әділхан
Умар
6.Кәусар
Меруерт
Т.Амина
/Орынға отырғызу.Кәусар,Айзере,Еркежан есік жаққа/
Еркежан
Берекесін сыйлауға
Өлкемізгі күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Алуа
Қазан айы болыпты
Қамбаға астық толыпты
Сары даланы сәндетіп
Думандатып әндетіп
Айсұлтан
Ой балалар,балалар
Қонырқай күз келіпті
Қурап жапырақ солыпты
Ел егінін орыпты
Ой,балалар,балалар,
Ойналық та күлелік
Енді оқуға кірелік.
А.Амина.
Алтын,сары,қызыл,көк
Алуан алуан жапырақ
Күзде бақта күлімдеп
Көз тартады жалбырап.
Алиасқар:
Мейірлі күз, мырза күз
Сыйлығыңа ырзамыз
Аппақ арай таңында
Шомыламыз нұрға біз
Әділхан:
Қазан келіп көсілді
Аяқтап жұрт жұмысты
Төл дарақтар шешілді
Қыс қамына кірісті.
Еркеназ:
Мен сұлымын,шырағым
Барлық малға ұнадым
Ауырлаған басымды
Көтере алмай тұрамын
Т.Амина:
Кездескен соң күзіммен
Бұтағынан үзілген
Ай жапырақ сары ,алтын
Айналаның бәрі алтын!
Айзере:Балалар,
Тоқтаңдар,тоқтаңдар!
Бойымнан әл кұрып
Көздерім бұлдырып
Басым айналып барады!
А.Амина:
Енді не істейміз?
Айзереге калай көмектесеміз?
Аделя:Сабыр сақта саспайық
Дәрігер шақырайық!
Айзере:-Жо-жоқ!Дәрігер керек емес!
Қазір өзім тұрамын тез!
Айсұлтан :/дәрі/
Онда дәрі ішіп ал,
Менде міне көп көп дәрі бар./Қолынан дәрі көрсетеді/
Ералы:
Ауырмау үшін суық суға шомылу керек!
Бұл-дәлелденген!
Айзере:Ах!/отыра қалады/
Бә-ә-әрі бірге Дәрігер,дәрігер!/ «Жедел жәрдемнің»дауысы шығады/
Дәрігер киімімен бала келеді.
Еркежан:/дәрігердің халатымен/
Мені неге шақырдыңдар?
Қандай шағым арыз бар?
Бәрі бірге :-Айзереге көмек керек!!!
Еркежан:/кеудесін тыңдайды/
А-а-а-а-деп қане аузыңды аш!/тексереді/
Тістерің орнында,тамағың іспеген
Қол-аяғың әлсізденеген
Қызуың ыстық екен
Білдім ,неден ауырғаныңды!!!
Жеткілікті мөлшерде ағзаңа
Дәрумендер жетпеген.
Айзере:-Енді не істеймін?
Еркежан:-Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс.
Көп көп көкөніс пен жемістер жеуге тырыс !!!
Жүргізуші:-Балалар,ендеше эфирде «Күзгі бақша »телеарнасында көк жуа корреспонденттен бақшада қандай жаңалықтарбар екенін білейік,теледидарды қосайық:
-Сәлеметсіз бе!!!Мені естіп тұрсыз ба???Бақшада қандай жаңалықтар бар.
-Көк жуа-корреспондент:-Сәлеметсіздер ме?
Бақшамызда ауа-райы жауын-шашынды.Жауынға тигізбей жеміс –жидектерді қалай тез жинап аламыз?Кім оларды жинайды?Мүмкін сіздер көмектесесіздер?
-Жүргізуші:-Әрине біздің балалар көмекке дайын.
-Айзереге де көмектесті еиес пе?/Балаларды орындарына ыңғайлау/
Ойын: «Жемістер-Көкөністер»/ бастарына кигізу/
1.Қызанақ
2.Саңырауқұлақ
3.Сәбіз
Залға 4/шеңбер қойылады/үлкен себет болады/4 түрлі жемістің/маскаларын киеді.Балалар музыкамен билейді ,музыка тоқтағанда өз жемістерінің артына тоқтай қалады.Солайша балара 4командаға бөлінеді.
Жүргізуші:-Бәрекелді керемет!
-Көк жуа,саған рахмет!!!Балабақшада қандай жаңалық бар екенін білдік,жеміс-жидек те жинап алдық.Дәрумендер жинап Айзерені емдеп алдық./Залдан Кәусарды шығару/
Қане Айзере жақсы боп қалсаң «Алтын күзге»арналған тақпағыңды айта ғой:
Айзере:
Көктемде ел егінін егетін
Күзде жиып беретін
Біздің дала-бай дала
Ел егінді жинайды
Қырманға дән сыймайды.
– дей отырып, біздің балаларымыздың әнін қарсы алыңыздар. Ән: «Біз кішкентай балдырған»
Жүр: Міне жарқыраған көңілді жазымыз да аяқталды. Әр мезгілдің өзіндік сыйы бар, ал күзіміз біздің жомарт, өйткені оның адамдарға берер сыйы мол. Бүгін бізге күз ханшайымы қонаққа келеді, оның қандай тосын сыйы бар екенін күтейік. Музыкамен бұлт пен жел кіреді./Желдің дауыс/керек
Бұлт:сәлеметсіздерме мен қаһарлы бұлтпын.
Жел: сәлеметсіздерме мен желмін.
Жүр:Сәлеметсіңдерме, біздің мерекемізге келгендерің қандай жақсы болды, күз ханшайымын өздеріңмен бірге алып келген шығарсыңдар, сендер біздің сұлу ханшайымның досысыңдар ғой.
Бұлт: Туф тағы күз бе, біз оның досы емеспіз. Жел:бұл жерде ең керемет негізгі жандар біз, ал күзге күннің көзі мен жанға жайлы ауа райы болса болды.
Бұлт: Сол да бір өміріміздің астан кестеңін шығарып, жел досым күзді жазалап, ормандағы үйшікке қамап қояйық, отырсын сонда бір жыл бойы.
Жел:Дұрыс, солай жасайық. (шығып кетеді) Музыкамен күз ханшайымы залды бір айналып шығады.Күз: Сәлеметсіңдерме, балалар. Мен алыстан сендердің айтқан әндеріңді естіп, мерекелеріңе арнайы келдім. Бәрі күзді көңілсіз дейді, аспан түнеріп, салқын жаңбыр жауса да мен өзіммен бірге қаншама сұлулық пен қуаныш алып келемін. Сендерге қысқа қаншама азық сыйлаймын!
Жүр: Төрлет, күз ханшайымы! Біздің қонағымыз бол, сен бізді іздеп келгенің үшін өте қуаныштымыз! Біздің бүлдіршіндеріміздің дайындаған тақпақтарын тамашалаңыз.
Тақпақтар. Жұлдыз:
Көк аспанның мөлдіреп,
Алтын күзім елжіреп
Асыр салып жүре бер
Сары көйлегің желбіреп.
Аделя:
Ой,алақай,балалар
Шашу шашты жапырақ
Бақтың іші –алаша
Аунар ма деп жатып ап!
Күншуаққа маужырап
Жатыр еді атырап
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жапырақ.
Алинұр:
Табиғатты сұлу еткен
Күз келгенде пісіп жеткен
Көкөніс пен жемістері
Бал татыған дәмді неткен
Мерекені арнап өткен
Күзге алғыс шын жүректен!
Ералы.
Бидай ,арпа,тары бар
Сұлы күріш,бәрі бар
Әне жырлап барады,
Әнге құлаұ салыңдар.
Жангир:
Нан анасы бидаймын
Нанды елге сыйлаймын
Піскенімде мен қырда
Қауызыма сыймаймын
Меруерт
Ақ,қарамын,сарымын
Мен атақты тарымын
Еңбегіңнің жаз бойғы
Қайтарамын қарымын.
Умар.
Жайдары күз,жарқын күз.
Аяулы күз,алтын күз.
Дәнеге толы ен далам,
Дариядай шалқып жүр,
Кәусар:
Күнді көрсе толғанар
Бұлтты көрсе шамдалар
Қысты қазір жолатпа
Тола түссін қамбалар.
Күз: Рахмет, қандай керемет, сендер мені таң қалдырып, қуанттыңдар!
Жүр:Бұл әлі бастамасы ғана, Күз ханшайымы сен әрдайым бізге көп сыйлықтар әкелесің, ал балалардың өзіңе арнаған билері бар соны тамашалаңыз.
Би:«Чунга-чанга» Күз:Не дегенкереметтосынсыйлар! Маған қатты ұнады!
Қорқынышты музыканың дыбысы естіліп, күз ханшайымы қобалжи бастайды. Күз:Балалар, естимісіңдер? Біреулер менің орманымның берекесін қашырған секілді! Маған тездетіп қатігездерді тоқтатып, орманымды қорғауым керек. (шығып кетеді)
Жүр: Ой, енді қайттік, не істейміз, Бұлт пен Жел ештеңе бүлдірмесе жақсы болар еді. Орман қорғаушыларына телефон соғайық, бізге көмек керек деп айтайық. Телефон гудогының дыбысы: /дауыс/Алло, орман қорғаушылары ма, бізге көмек керек, тезірек келіңіздер Музыкамен Дракон шығады.
Дракон: Сәлеметсіңдерме, мен бүгін кезекшімін, ал айтыңдар, не болып қалды. Балаларға қарап.
Жүр: Сен түсінбедің дракоша, бұлт пен жел біздің күз ханшайымымызды үйшікке қамап қоймақшы. Дракон:Уайымдамаңдар, мен сендерге көмектесемін, ал сендер мерекені жалғастыра беріңдер, ал мен күз ханшайымын құтқарамын. (шығып кетеді)
Ән: «Келді алтын күз»Бұлт пен жел әңгімелесіп келеді. Жел: Қандай кереметпіз, ақымақ күз ханшайымын үйшікке қамап қойдық.
Бұлт: Ия, ия, қандай күлкілі, біз оның терезесіне батпақ жағып кеттік енді ештеңе де көре алмайтын болды! Жел:Отырсын сол үйшігінде, әрі есікке мықты құлып салып қойдым. Бұлт: Жарайсың! Барлық жерде басшы болғаны жетер.
Жел:Ия қу күз ханшайымы! Орманның бәрін алтындап, бәрінің көңілінен шықты! Бәрі індерінен шығып, қысқа дайындала бастады.
Бұлт: Ал қояндар ше! Ал қояндар мүлдем құтырып кетті, әлі күнге дейін сұр тондарын киіп жүр, ақ тондарын тіпті кигілері келмейді. Жел: Сыйлық та түк те жоқ оған. Бұлт: Бәрін өзімізге алып аламыз! Әкеліңдер сыйлықтарыңды!
Жүр: Қандай сыйлық керек өздеріңе. Бұлт: мен дымқыл, әрі шалшық, барлық жерде шашыранды су тамшылары көп болғанын қалаймын.
Жел:Ал мен бәрінің қатып, тоңғанын қалаймын.
Бұлт: Жоқ –дымқыл Жел: Жоқ – салқын Бәсекелесе бастайды. Жүр: Дауласпаңдар, одан да біздің балалардың өнерін тамашалаңдар. Сендердің дымқыл, суық сыйлықтарыңнан да керемет өнерлері бар. Оркестр: Металлафон:Әлинұр,Еркежан,Айсұлтан
Үшбұрыш:Амина,Т.Амина,Аделя
Барабан:Айзере,Умар.
Сылдырмақ:Меруерт,Кәусар. Бұлт:ой қандай керемет, маған ұнады, расымен орманда бәрі алтынданған,сәнді, әдемі шығар.
Жел: Бұлт, саған не болды, балалар саған жаман жағынан әсер еткен сияқты, келші бермен урлеп жіберейін. Бұлтты айналып үрлейді. Жапырақтарды шашып тастайды. Бұлт:Ха, ха, ха, жел жарайсың, есімді жинап алдым.
Жүр:Туф желдің арқасында қаншама жапырақтар шашылып қалды, енді оның бәрін кім жинайды. Бұлт пен желге қарап. Жел:фНеменеге бізге қарайсыңдар мен жинамаймын өздерің жинаңдар. Бұлт: Мен кәзір бәріңді жылатамын, (қисалаңдап), сендерді де (ата – аналарға қарап), сендерді де (балаларға қарап)
Жүр: Жетер жамандық жасаудан шаршамайды екенсіңдер.
Музыка естіліп, бұлт пен жел жан – жаққа қаша бастайды. Бұлт: Жел ,тезірек. Жүр: Байғұс күз ханшайымы, бір жерде қамалып отыр – ау. Ешкім құтқара алмай ма? Бәріміз жабылып іздеп тауып алуымыз керек, өйткені кәзір күз мезгілі, күз ханшайымы міндетті түрде болу керек. Бұлт пен Жел қанша қиянат жасаса да біз күз мерекесін тойлауымыз керек.
Музыкамен Күз ханшайымы мен Дракон шығады. Күз ханшайымы: Менің кішкентай достарым сендер екен ғой мені құтқарған. Менің қасымнан табылатын нағыз достарым қайда?
Бұлт пен Жел келеді. Бұлт: Біз сенің расымен досыңбыз ба?
Күз ханшайымы: Мен ешқашан қателеспеймін, Бұлт та, Жел де екеуің де менің достарымсыңдар. Күз сендерсіз болмайды, әрі күн мен ашық аспан да бар. Жел сен менің жапырақтарымды билетуге керексің, әрқайсыңның орындарың бар. Күздегі болатын кереметтің бәрі менің достарым. Мен сондаймын кейде жаңбыр жауғызамын, күнім де жарқырап шыға салады, біресе күлемін, біресе мұңайамын. Бізбен қалып әбден көңіл көтеріңдер. Дракон ойнағанды жақсы көреді, сендердің ата-аналарыңмен ойын ойнайды.
-Сұрақтар мен жауаптар:
-Ендеше: «Ақылды анашым»атты сый-сияпатты тапсырайық!
Күз ханшайымы: Балалар сендерге арнап әкелген күзгі сыйымды қабыл алыңдар. Рахмет сендерге балалар, мен және менің достарым сендермен өткен керемет сәттерді ешқашан ұмытпаймыз, бірақ біздің кетуіміз керек қош сау болыңдар. Жүр: Рахмет, Күз ханшайымы. Бізге жылда ұмытылмас мереке сыйлағаның үшін, келесі жылы сені тағы да асыға күтеміз. Осымен шағын мерекеміз аяқталды, келесі кездескенше күн жақсы болсын!!!