"Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша Білім беру бөлімінің жанындағы Қабанбай батыр ауылының "Балауса" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное  предприятие "Ясли-сад Балауса" села Кабанбай батыра при Отделе образования по Целиноградскому району Управления образования Акмолинской области

Ашық сабақ "Заттар тобын салыстыру және санау"

27.06.2019

Өткізген педагог:  Муканова Ш.Х.

Мақсаты: Заттарды әртүрлі белгілері, оның ішінде биіктігі, қалыңдығы, ұзындығы бойынша салыстыра білуге үйрету.Тура және кері санау дағдыларын дамыту.Заттар тобын санап салыстыруға, теңдік, теңсіздік, тең белгілерін қолдана білуге үйрету.Топтық жұмыс жасай білуге баулу.

Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңберге балаларды шақыру.

Апта күндері

Дүйсенбі доп ойнадық далада,

Сейсенбі серуен құрдық қалада.

Сәрсенбі сурет салдық сәндетіп

Бейсенбі би биледік әндетіп

Жұма күні жидек тердік ағаштан

Сенбі күні кино көрдік клубтан

Жексенбі үйде болдық демалдық

Осылайша өте шықты бір апта.

-Бүгін аптаның қай күні?

-Бейсенбі ендіше,қызықты матиматика сабағы.Бүгін өзгешелеу,себебі көп қонақтар қатысып отыр.

Өткенді пысықтау.

-Түрлі текшелер арқылы балаларды үш топқа бөліп,әр топқа әртүрлі өткен тақырыптан тапсырмалар беру.

1)Топ: үлкен және кіші үйді геометриялық пішіндерден құрастыру және ағаштарды орналастыру.

2)Топ: жолаушалардың ішінен ең ұзынын, ең ауырын, ең кішісін табу.

3)Топ:Сандарды тура және кері бағытта орналастыру және санау.

-Ауыр жеңіл ұғымдарына тәжірбелік бүтін,бөлік,жұмыс жасау (құм, мақта,салынған дорбаларды салыстыру,арқылы бөліктерге бөлу.

-Сергіту сәті: берілген санға қол ұстасып шеңбер жасау.

-Негізіг кезең: тақтада суреттермен жұмыс.Суреттегі заттарды санау, салыстыру және үлкен, кіші, тең белгілерін қою.

-Топтарға тапсырма: әр топ өз тапсырмаларын орындайды заттарды  санмен белгілерді қояды.

-Дәптермен жұмыс(балалар орындарына отырғызылады)

1) Тапсырма

Сергіту сәті:

Бойды сергек тік ұста

Елсін еркін  тыныста

Оң қолыңды соз алға

Қол ұшына қара да

Үшбұрыш сыз ауада

Сол қол босқа тұрмасын

Шеңбер жасап тынбасын.

2)тапсырма орындалады

3)тапсырма орындалады.

Логикалық есептер ұсыну:

1)Екі  мысықтың құлағы көп пе?

   Екі сиырдың мүйізі көп пе?

2)Айгүлдің анасы дүкеннен екі доп сатып  әкелді.Оның біреуін бөпесіне берді нешеуі қалды?

-Қортынды бөлім: қортындылау бағалау.

-Көңіл күйлерін қандай№

-Берілген тапсырмалар қандай?

-Қызықты матиматика қандай?

Балалар бағалап, жауапты саусақтар арқылы жасайды.

Просмотров: 1754


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст