Тәрбиеші: Байжанова А. Ж
Мақсаты: Жабайы жануарлар туралы түсініктерін кеңейту. Жабайыжануарлардыайырабілуге, атайбілугеүйрету. Аңдардың балаларын тани білуге, атай білуге үйрету.
Балаларға жануарлардың қысқы тіршілігі жайында түсінік беру. Олар қыстың суығынан қалай қорғанатынын, сыртқы бейнелерін еліктен өзгеретінін, немен қоректенетін, қыста жануарларға қамқорлыққа жетекенін айтып түсіндіру. Қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.
Керекті құралдар: аңдардың суретімен плакат, қыстың суреті,
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Шеңбер құрып тұрып,
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік,
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік. Бір – біріне қарап күлімсірейді.
Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр, қонақтармен амандасайық.
- Сәлеметсіздер ме?
- Бүгінгі ашық оқу іс - әрекетіміз тіл дамыту. Өткен сабақты қайталап кетейік.
Өткен сабақта құстардың тіршілігімен таныстық.
- Балалар қыстап қалатын құстарды еске түсірейік.
Қазір жылдың қай мезгілі?
Сендерге қыс ұнайма?
Қандай ойындарды біз далада ойнаймыз?
Ал қыстағы орманды мекендейтін жабайы аңдардың білесіңдер ме?
- Балалар орманға жабайы аңдардың қысқы өмірімен танысуға барамыз ба, онда көздерімізді жұмайық, онға дейін санайық.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 көзімізді ашайық.
- жабайы аңдар
- аю, қоян, түлкі, қасқыр...
Мен сендерге жұмбақтар жасырамын, жауабын табыңдаршы:
1. өзі бір қу, жүрген жері айғай да шу
Бұл не? (түлкі)
2. Қорбаң, қорбаң етеді,
Орман оның мекені.
Тәтті балға тойып ап,
Қыста ұйқыға кетеді. Бұл не? (аю)
3. Секең, секең етеді,
Орман оның мекені.
Отырғанда шоқиып,
Құманға ұқсап кетеді. Бұл не? (тиін)
4. Көп, көпине,
Бір сабағы жоқ ине,
Істікпейді әрине. Бұл не? (кірпі)
Ал, енді суретке қарап отырып атаңдаршы?
Бір сөзбен қалай айтамыз? Жабайы жануарлар.
Енді мен сендерді ойын ойнауға шақырамын, ойынды ұнатасыңдар ма?.Пазлы ойының ойнаймыз. Пазлыны құрастыру. Қандай сурет болып шықты?
Қыста орманда олар тоңадыма? Неге тоңбайды?
Қай аң қысқа қарсы тонының түсін өзгертеді?
Неліктен?
Кірпіге үстіндегі инелері не үшін керек?
Қыс бойы ормандағы аңдарға біреулер тамақ апарып береме?
Тиін - қыста өзі жинаған саңырауқұлақтар, жаңғақтармен қоректенеді.
Түлкі - қар астындағы тышқандармен қоректенеді.
Қоян - ағаштардың қабығын кеміреді.
Қасқыр - әлі жететін аңдармен қоректенеді.
Аю - қыс бойы ұйықтайды.
Кірпі қыс бойы ұйықтайды.
Сергітусәті:
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Құлпынайын алайық.
Қалтамызға салайық.
Ойын ойнайық: «Үйшігін тап» деген.
Мына жерде аңдардың үйшіктері, бірақ қай үйшік қайсынікі екен, өздері де шатасып қалыпты, кәне көмектесіп тауып беріңдерші?
Ал, енді атап кетейік:
Аю – апанда,
Түлкі - інінде,
Қасқыр – апанда,
Тиін – ағашқуысында,
Кірпі – інінде.
- Осы жабайы аңдардың балалары бар ма?
Қайаңның қандай баласы бар екен, оны тауып атау үшін мен сендерді ойын ойнауға шақырамын.
«Анасын тап» деген. Міне аналары, ал балалары адасып қалыпты, кане аналарын тауып беріңдерші?
Балаларын атап кетейік:
Аюдың баласы - қонжық
Түлкінің баласы - жәудір
Қасқырдың баласы - бөлтірік
Қоянның баласы – көжек
Тиіннің – тиін баласы
Кірпінің – кірпі баласы
Бұғының – бұғы бұзауы
Олар жабайы аңдар болса да өз балаларын өте қатты жақсы көреді, қорғап жүреді, тамақ тауып береді.
Ал, енді қойылымды көріп тамашалайық.
Аңқау қасқыр.
Қасқыр - К. Жаннұр, Түлкі - А. Асылай, Балықшы - Т. Ерназ.
Балалар, қалай ойлайсыңдар жабайы аңдарды қорғау керек пе?
Орманды бақылайтын орманшы болады, олар аңдарды аңшылар келіп атып кетпесін деп бақылау жасайды. Орманды мекендейтін қайаң болмасын
біз адамдар қамқоршы болуымыз керек
Қорытындылау.
Бұлаңдарды неге жабайыдейміз?
Қайаң қыста ұйықтап жатады?
Олардың балаларын қалай атаймыз?
Қайаң апанда тұрады? (Аю, қасқыр)
Қайаң інде тұрады? (түлкі, тышқан)
Балаларды мақтау, мадақтау.