Тәрбиеші: Ибашева Г.А.
Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ата- аналар, ақ жаулықты әжелер,ұлағатты ұстаздар, тәрбиеші апайлар қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз мерекесі де келіп жетті.Ана- өмірдің гүлі көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі. Бұл көктем сіздерге қуанышпен жақсылық әкелсін!
Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.
Жүргізуші: Армысың ару қыздар, абзал ана,
Анаға тең келетін бар ма дана
Мерекең бүгінгі күн құтты болсын,
Қуанышпен құшағың гүлге толсын!
Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған
Қуанышқа бөлейікші өздерің
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін, дей отырып «Ана-біздің күніміз, біз-Ананың гүліміз!» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз Мерекелік ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.
Слайд - шоу
Жүргізуші: Балалар қалай ойлайсындар бүгін қандай мереке?
Балалар ең асыл жан кім?\Ана\
Қызығыңда,бұзығында көтеретін кім? \Ана\
Үнемі жанында періштедей қорғаштап,демеу беретін кім? \Ана\
Осындай үлкен мейрамында аналардың жүзіне кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келе ме? \ Иә \
Ендеше бәріміз орынымыздан тұрып аналарға арнап ән айтамыз.
ӘН: «Анашым-ау, мамашым-ау»
Жүргізуші: Ақ анашым, әппағым.
Өзің жайлы тақпағым.
Арналады сіздерге.
Бар баланың тақпағы.-дей отыра сіздерге арналған тақпақтары қабыл алыныздар!
Ж.Айзере: Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз баланың,
Анаға айтар лебізі.
Елмұрат: Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ анам
Даяна: Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет
Аяна: Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.
Алмат: Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
Жансу: Ақ қабақты анашым
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
Жүргізуші:
Ақ қар еріп
Су көбейіп!Сай салаға толады.
Ағаш басы бүршік атып,
Гүл бәйшешек басады.
Балаларым айтындаршы бұл қай кезде болады?\Көктем мезгілінде\
Көктем келеді. \балалар мен ,ата-аналармен амандасады.\
Мен көңілді көктемін.
Былтырда келіп кеткенмін.
Құшағым гүлге толсын деп
Нөсерімді төккенмін.
Жүргізуші: Ару Көктем ,қош келдің ,төрлет Көктем! Сенің көктемгі жаңбырының арқасында айналамыз әсемдікке кенелді. Кең байтақ даламыз гүлге бөленді, сондықтан Ару көктем саған ризамыз. Біз сені көп күттік ! Біздің балалардың көктемнің алғашқы мерекесіне қалай дайындалғандарың тамашала !
Мерекеге арналады бүгін билер ,
Көтерілсін канекей,көңіл күйлер
Алдарыңызға қазір ұлдар биі.
Қол соғып демеу берер көрермендер
Би « Ұлдар биі» «Анамызға көмектесеміз»
Көктем:
Ойын: ата аналармен
Жүргізуші: Жанымызды жайнатқан
Өзіңіз ғой аналар
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз балалар.
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Аналарды құттықтап
Жырдан шашу арнаймыз.
Ән: «Биші болам өскенде»
Жүргізуші: Жер жүзілік мерекең
Құтты болсын, әжетай,
Өзің бақыт берекем
Мәпелеген әжетай. Бүгін Әже-аналарымыздың мейрамы ғой. Әжелерімізге арналған өлең жолдарын айтып берейік
Еркеназ: Менің әжем, бұл әже
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әже
М.Сұлтан: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар.
Айша: Ақ жаулықты әжемді
Ай жүзіне теңедім
Мейірімін таусылмас
Күн нұрына теңедім.
Даниал: Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
Амаль: Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді
К.Сұлтан: Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түземіз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
Жанель: Теңдесі жок данасын
Аман болшы анашым
Жүргізуші:
Таусылмайтын ертегің
Күнде айтып беретін.
Барған сайын қоңаққа
Кәмпит алып келетін
Жақсы көрем сені әже
Құтты болсын мерекең! -дей отырып балалардың әнің қабыл алыныздар
Ән: « Ақ әжем»
Ойын: Балалармен
Айназ: Бізді өсірген анажан.
Енбегі де зор екен.
Құтты болсын анажан!
Құтты болсын мерекен!
Жан: Баланың да тірегі
Дананыңда тілегі
Ауырмасын ешқашан
Анамыздың жүрегі.
Ш.Айзере: Бізге қарап елжіреп,
Сүйіп беттен ақ мамам,
Құшақ ашса келші деп,
Жүгіремін шаттанам.
Мөлдір: Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым
Дарын: Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Аналардан тарайды
Біздің ана тіліміз.
Нұрали: Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай.
Нов.Сұлтан: Қызықтап әр сөзімді
Жүрегінде сақтаған,
Сабырлы да төзімді
Анашыммен мақтанам
Жүргізуші: Кең даламды хош иісімен, сұлулығымен жайнатқан әсем гүлдер үшін Ару көктем саған алғысымыз шексіз, олай болса сол әсем гүлдерімізбен аналарымызға қуаныш сыйлап, би билеп берейік.
Би: «Көбелектер мен гүлдер»
Жүргізуші: Тамаша,міне көрдіңіздерме біздің балалар өнерлі әнші, биші жас әртістер десе де болады.
Біз сыйлықты дүкенен сатып алмаймыз.
Өз өнерімізді қолымыздан жасаймыз.
Аналар күніне бір-бірден сыйлаймыз!
Бүгінгі мерекеге өздерінің қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер. Аналар,әжелер біздің ұлдар текқана аналарға емес және қыздарға да сыйлықтар дайындаған,соны табыс етуге рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші:
Ана- дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана -дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана -деген бәйтерегі өмірдің,
Ана -деген алтын, қазық алтын бақ.
Ана-деген бәйтерегі өмірдің,
Ана-деген қуанышы көңілдің.
Ана-деген әрбір үйдің жылуы
Ана-деген гүлі туған өмірдің.
Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Жүргізуші:
Күндеріңіз толсын гүлге, желекке
Отбасында болсын ырыс-береке
Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді
Өмір-думан, бақ әкелсін мереке -дей отыра бүгінгі мерекеге арналған ертеңгілігіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.