Тәрбиеші: Сергазина М.С.
Жүргізуші: Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата — ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын
Қымбатты қонақтар, ата – аналар, балабақша қызметкерлері! Бүгін бізде үлкен мереке. Яғни, бұл мереке – қуанышы мен қызығы мол балалардың «Балабақшамен қоштасу» мерекесі. Олай болса, бүгінгі кешімізді бастаймыз. Бала-біздің болашағымыз. Ал әр бала ол – болашақ жарық жұлдыз. Бүгін біздің балабақшамыздан ұшқалы отырған бүлдіршіндер де болашақта еліміздің мақтанышына айналатын жарқын жұлдыздар болатынына сенеміз. Олай болса, болашақ жұлдыздарымызды қарсы алыңыздар.
Жүргізуші: Қарашы, бүгінгі күн қандай,
Қалайша қаласың нұрланбай?
Вальс билесе түлектер
Жер шары айналып тұрғандай!
Би «Вальс»
Жүргізуші:
Өтті қызық көп күндер
Алты жасқа жеттіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер
Өсті міне бойларың
Өсті ақыл – ойларың
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойларың Әдемі ән шырқалсын.
Ән: «Балабақша әні»
Балалар тақпақтар айтады
Жүргізуші: Түлектеріміздің лебіздерін тыңдайық.
Алихан Ахбанов.
1. Балабақша есігін
3- ке тола ашқанбыз
Балапандай өсіріп
Мәпелейді бақшамыз
Бұл екінші үйіміз
Бір туғанбыз бәріміз
Біз осы үйдің гүліміз
Біз осы үйдің сәніміз
Бұл құшағы тым ыстық
Мектебіміз бастапқы
Мұнда жақын туыстық
Мұнда тұңғыш дос таптық.
Сая.
2. Қуантып әрі қинайды
Бақшамнан алыс кеткенім
Қажет қой бірақ білімнің
Теңізінен өткенім
Ана тілін ардақтап
Ата салтын біз көрдік
Сурет салып ән жатап
Оқып жазып үйрендік.
Жантөре:
3. Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызды қыимаймыз
Қоштасатын күн бүгін
Ботақандай бөбектеп
Еркелеткен ұл-қызын
Анамызды ерекше
Қуантамыз біз бүгін.
Аружан:
4. Шашымды да тарадым
Айнағада қарадым
Ерте тұрдым ұйқымнан
Мен мектепке барамын
Таудай биік талабым
Суретті де саламын
Әзір менің дәптерім
Қарындаш пен қаламым.
Аян:
5. Қоштасып мен бүгін балалықпен
Қоштасамын сыйқырлы балабақпен
Танысып мектеп деген әлемменен
Достасамын біліммен даналықпен
Ән: «Достық туралы»
Алдыңдағы балалар мектепке кетіп барады тақпақ айтып тамсанып қимай кетіп барады-дей отырып ендігі кезекті балаларымыздың тақпақтарына берейік.
Балалардың тақпақтары:
6. Әлинұр:
Мектепке ертең барамыз
Оқимыз білім аламыз
Қашықта болса арамыз
Сіздерге келіп тұрамыз.
Мектеп қамқор анамыз
Оқып білім аламыз
Өнерпаз боп өсетін
Біз оқушы боламыз.
7. Кәусар:
Мектепке енді барамыз
Үлгілі оқушы боламыз
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік аламыз.
Қолыма гүл аламын
Дайын дәптер қаламым
Таңқалдырып достарымды
Мен мектепке барамын.
8. Мансұр:
Қиынсынып қашпаймыз
Шынығамыз жастай біз
Көңілді әуен сазымен
Жаттығуды бастаймыз.
Мәпелеген анамыз
Бақша болды панамыз
Мектепке енді барамыз
Оқып білім аламыз.
9. Аида::
Құшағында жарқылдап,
Өтті сәби күндерім,
Би - биледім, ән тыңдап,
Алаңдауды білмедім.
Гүлге толы жан - жағым,
Асыр салып жүгірдім.
Өсті талап талғамым,
Көп нәрсені ұғындым.
10.Алдияр:
Сен үйреттің сөйлеуді,
Сенде ойым есейді.
Мектепке барам мен енді,
Бала бақшам қош енді.
Жеті жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата – ананы
Мектепке кетіп барамыз.
11. Наргиза:
Мектепке ертең барамыз,
Оқимыз білім аламыз.
Қашық емес арамыз,
Бақшаға кетіп барамыз.
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып бала - бақшамен,
Мектепке кетіп барамыз.
Жүргізуші: Мың бұралған қыздарымызды шақырамыз ортаға тойымызға сән беріп би билесін қуанта.
Би. «Көбелекби».
Жүргізуші:
Алдымыздағы балалар мектепке кетіп барады тақпақтарың айтып бір-бірін қимай кетіп барады-деп ортаға балаларымызды шақырамыз.
12. Малика :
Қуанамыз, сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызды қимай біз
Қоштасатын күн бүгін.
Алау болып жанамыз
Құлыншақ боп шабамыз
Балапандай талпынып
Көкке қанат қағамыз.
13. Даулет:
Шықтық міне хат танып
Жырын елдің жаттадық
Ұстазымның еңбегі
Жатса екен ақталып.
Құштар болып білімге
Біз өрлейміз түбінде
Бақшамызды тәмәмдап
Алға кеттік бүгінде.
14. Сымбат:
Балабаққа келгенімде
Тәрбиеші қарсы алды,
Енді міне қоштасарда.
Қимастықпен ән салдық,
Тәрбиеші апайым,
Жай көрінер айтқанға.
Бағбаным –ау балапаның
Сенсіз қанат қаққан ба?
Тыңдап айтқан ақылыңды
Жаттап өстім сөзіңдң
Мейлі жылжып күндер өтсін,
Ұмытпаймын өзіңді.
15. Қайрат Алихан:
Балабақшам бесігім,
Қайсысын айтып бітейін
Қабыл алшы әнімді,
Саған сыйлап кетейін!
Гүл сыйладық, жыр сыйладық
Қүрметтейміз сіздерді.
Әсем әуен ән сыйлаймыз
Үмытпаңдар біздерді!
Жүргізуші:
Думандатып бақшада
Қызықты той басталсын.
Балабақша түлектері
Әдемі ән шырқасын.
Ән: «Мектеп бізге үйретеді».
Ойын: «Сөмке жинау».
Ойынның шарты: Екі столдің үстінде оқу құралдары бірдей мөлшерде жатады. 1,2,3 деп санаған кезде әрқайсысы өз сөмкелеріңе жинап, рет-ретімен салып бастайсыңдар. Кім тез жинап бітсе сол жеңіске жетеді.
Жүргізуші :
Әсем кештің ажары
Әсем әнсіз болама,
Шырқатайық ән жырды
Шырқатайық бәріміз –дей отырып кезекті әнге берейік.
Қуаныш Жантөренің орындауында «Балабақша әніміз».
Жүргізуші: Бұл балалардың өнерлі боп өсуіне көп көмек берген осы балабақшаның апайлары. Ендеше, балдай тәтті балаларымыздың осы балабақша қызметкерлеріне арнаған жыр шумақтарын тыңдайық.
16.Азиза:
Орын берген бақшадан,
Меңгеруші жақсы адам.
Сондықтан да біз ұшін,
Артық өзі басқадан.
Сізге мың алғыс!.
17. Альмира:
Жайдары жүз, ай қабақ
Жүреді бізді аймалап
Тобымызға жиі келіп
Білгенінді сұрайтын
Білмегенін үйретер
Кетеміз сізден алыс
Әдіскер апайымызға
Сізге мың алғыс!
18. Ай Султан:
Ойыншық та, кесе де,
Шанышқы мен тәрелке
Орындық, шкаф, төсекте
Бәрі өзі келе ме?
Соның бәрін табатын
Шаршамайтын күлетін
Зыр жүгіріп жүретін,
Турсын апайға мың алғыс!
19. Қымбат:
Қайнаған су әкеліп
Іш деп дәрі береді
Жылтындатып инесін
Түршіктірер дененді
Витамин жеп қолынан
Өскен сәби баламыз
Сауле апай сізге де
Алғысымыз көп біздің.
Би : «Лезгинка». Ахбанов Алиханның орындауында.
20. Жантөре :
Тәрбие берген ұямыз
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып психологпен апаймен
Майра апайға
Мың алғыс айтамыз.
21 Малика:
Есеп- қисап жүргізетін
Бақшаға кіріс кіргізетін.
Гүлжан апайға
Бас иіп алғыс айтамыз!
22. Аян::
Төсек орын тап-таза
Аппақ жуған сүлгісі
Апайларға балалардан мың алғыс!
23. Інжу:
Тақпақты да жаттаймыз
Әнге, биге баптаймыз
ағылшын тілін үйреніп,
Ақ сенімді ақтаймыз.
Динара апайға мың алғыс!
Ән : «Ағылшын тілінде »
Жүргізуші :Ендігі кезекті тағы да балалардың тақпақтарына берейік.
24. Бекарыс:
Шынығамыз ойнаймыз,
Бір сәт барсақ тыңбаймыз.
Сабақты қызықты өткізді
Сізге де біз айтамыз
Шын жүректен мың алғыс!
25. Ахбанов Алихан:
Әр күніміз той думан
Рахатқа батып ек.
Асқа бізді тойдырған
Аспашы апайларға мың алғыс!
26. Аида:
Тамылжыта ән салдырып үйреткен,
Мың бұралта белімізді билеткен.
Сазгер апай, сізге де алғыс айтамыз,
Мың қайтара сәби бала жүректен.
27. Сая:
Тал шыбықтай иілген
Ұл-қыздарды билеткен,
Майнур апайға біз айтамыз,
Мың алғыс!
Жүргізуші:
Қуаныштан шаттанып
Той тойлайық алақай.
Көңілденіп шаттанып
Би билейік балақай!
Би: «Қөңілді биі»
Жүргізуші :Ендігі кезекті тағы да балалардың тақпақтарына берейік.
28. Аружан:
Тәрбиешімен күтуші
Анамыздай біздерге
Тек жақсылық тілеміз,
Рахмет айтып сіздерге.
29.Қайрат Алихан:
Жазу жазып үйретке
Әріптерді оқытқан
Санамақты жаттатып,
Санауды бізге үйреткен
Жақсы болсақ қуанған,
Қате болса кешірген
Апайға айтамыз
Біз мың алғыс!
Жүргізуші: Иә. Бұл бақшадағы әрбір апайдың есімі балалардың жүрегінде мәңгі жатталып қалатыны сөзсіз. Әсіресе, тәрбиешілердің ерен еңбегі ешқашан да ұмытылмас. Олай болса, келесі әнімізді тәрбиеші апайларға арнаймыз.
Ән: «Тәрбиеші» .
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар! Бүгін бақшамыздан ұшып бара жатқан түлектерімізге тек қана ақ жол тілеп, білім көгінде қанаттары талмай самғай берсін деген тілек айтамыз. Келесі құттықтау сөз кезегін бақшамыздың меңгерушісі апайға береміз.
Марапаттау сәті : марапаттарын табыстау үшін балабақша меңгерушісіне сөз беріледі (Дипломдармен марапаттау)
Жүргізуші:
Әсем әнмен арайланып таң атады, бар жүрекке нұрын құйып жатады.
Мерекеге арналған әсем әнді шапалақтап қарсы алайық.
Ән. « Ұстаз -Ана». Сәрсенбай Сымбаттың орындауында.
Жүргізуші::
Әрбір ұрпақ болашағымыздың алтын діңгегі. Ендеше ұрпақты өмірге әкеліп, адал ниет, ақ батамен өсірген ата – ана емес пе? Балалардың осы қуаныштарын бөлісіп отырған ата – анаға сөз береміз. (Ата-аналарды марапаттау).
Ата-аналарға арнап :
Қуаныш Жантөренің орындауында «Қыз бала гүл».
Жүргізуші:
Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.
Бізден ұшып, қанат қағып есейдіңдер,
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,
Жүректерден арман отын жағыңдар.
Жақсы оқып алтын ұя мектепте,
Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,
Өздеріңді сағынып біз жүрейік.
Құтты болсын қадамдарың аттаған,
Біз сендерге сәтті сапар тілейік.
Би: «Жалпы би.»
Жүргізуші:: Сүйкімді менің балаларым, жарқын жүзді ата-аналарым! Сіздермен қоштасатын сәт келді. Сіздерге ақ жол, сәт сапар тілеймін.
Балалар далаға шығып, қолдарындағы шарларын ұшырады.