Тәрбиеші: Алданыш З. Ж.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: сөйлеуді дамыту
Тақырыбы:«Төрт түлік»
Мақсаты:Үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту. Олардың күту жолдарын түсіндіру. Жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу. Жылқы, сиыр, қой, түйе, ешкі. Сыртқы келбеті және оның мінез-құлқы. Адамдардың жануарларға қамқорлық жасауын түсіндіру. Адамға беретін пайдасы туралы білімдерін кеңейту.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс:слайд
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: суреттер, слайд, плакат, қойдын жүні, желім.
Әдіс –тәсілдер:Көрсету, әңімелеу, түсіндіру.
Билингвальді компонент:түйе – верблюд, жылқы- лошадь, сиыр - корова, қой – баран, ешкі – коза.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Шаттық шеңбері. Армысын алтын Күн! Армысын жер Ана! Армысын көк Аспан! Армысын Достарым!
-Сәлеметсіңдер ме! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын.
-Бүгін біздің, оқу-қызметінің білім беру саласы: Қатынас, бөлімі: сөйлеуді дамыту. -Балалар бүгін бізде ерекше күн.Біз бүгін сыйқырлы тақтамен жұмыс жасаймыз.Қане балалар есімізге түсірейікші.
-Қазір жылдың қай мезгілі? -Қыс мезгілінде қанша ай бар? -Қандай айлар, атап бересіңдерме? -Қардың түсі қандай? -Қыс мезгілінде ауа-райында қандай өзгерістер болады? -Қыс мезгілінде сендер далада қандай ойындар ойнайсыңдар? Өте жақсы балалар!
|
Балалар шеңберге тұрып, педагогтің іс-әрекетін орындайды.
|
Ұйымдастырушылық- Ізденістік |
-Балалар бүгін біздің өтетін оқу-қызыметінің тақырыбы:Төрт түлік. -Тындандаршы біреу есік тоқылдатқан сияқты..... -Хат келіпті! Кім жібергені белгісіз. Ашып көрейін хатты. Мында жұмбақтар бар екен.Қане бірге тауып көрейік.Дұрыс тапқан жауаптарын сыйқырлы тақтадан шығып отырады. 1.Өзі үлкен жануар, Үстінде екі тауы бар. 2.Екі айнасы бар, Төрт тармағы бар. Бір шыбыртқысы бар, Қай жануар? 3.Өзі сұлі, өзі жүйрік Жарысады желменен. 4.Аласа ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар. 5.Басында таяғы бар, Төрт аяғы бар. Сегіз тұяғы бар, Иегінде сақалы бар, Бұл қай жануар. Өте жақсы, жарайсыңдар. -Балалар бұл жануарларды біз қалай атаймыз? Қане бәріміз сыйқырлы тақтаға қарайық. -Осы үй жануарларының ішінде (түйе, сиыр, жылқы, қой, ешкі) осы жануарларды төрт түлік деп атаған. Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Әрі ас-ауқаты, әрі киімі, әрі көлігі, қымызы-ем, әрі жегжат- жұртымен жасайтын алыс-берісінің көзі, байлығы болғандықтан, қазақ үшін осы төрт түлік мал аса қымбатты дүние болған. Қазақтар малды тек пайдаланып қана қоймаған, олардың бабын тауып, бағып күткен, қасиетін, ерекшлігін жақсы білген.
Түйе –верблюд. Түйені көс-көс деп шақырады. Түйені көлік ретінде пайдаланамыз. Түйенің сүтін сусын ретінде ішеді. Шұбат жасайды. Оның емдік те қасиеті бар.Түйе-жем, шөп, су ішеді. Түйенің атасы-Ойсылқара. Сиыр-корова. Сиырдың төлін -бұзау дейміз. Сиырдан біз сүт, ет, тері аламыз. Ал сүттен қаймақ, май, ірімшік, айран аламыз. Сиырды аухау-аухау деп шақырамыз. Сиыр шөп, су, жем жейді. Сиырдың атасы -Зеңгі баба. Жылқы-лошадь. Жылқының төлі - құлын. Жылқыны көлік ретінде пайдаланамыз. Көбінесе, арбаға жегеміз Жылқыдан біз сүт, ет, тері аламыз. Сүтінен қымыз жасайды .Қымыз-шипалы сусын. Жылқы жем, су, шөп жейді. Жылқының атасы-Қамбар ата. Қой-баран. Қойдың төлі-қошақан. Қойды пұшайт-пұшайт деп шағырады. Қойдан ет, жүн, тері аламыз. Жүннен әжелер байпақ, , қолғақ т.б тоқиды. Қойды Шопан ата бағады. Ешкі-коза. Ешкінің төлі-лақ. Ешкі шөре-шөре деп шақырады. Ешкіден ет, сүт, түбіт аламыз. Әжелеріміз түбіттен шәлі, байпақ, қолғақ тоқиды. Ешкі жем, су, шөп жейді. Ешкіні-Сексек ата бағады.
Дәптермен жұмыс. Төрт түліктің төлдерін табу, сызық арқылы сәйкестендіру.
Сергіту сәті (видео)
Қане балалар сиқырлы тақтаға қараймыз. Логикалық тапсырма.(слайд) Тәжерибелік жұмыс. -Балалар сендердің алдарында екі түрлі ыдыста жүн бар.Оң жақта және сол жақтарында.Қолдарынмен ұстап, салыстырып көріңдер. Және тауып көріңдерші. Қойдың жүні мамықтай жұмсақ болады. Қойдың жүнін қырқады, жуады, сабайды, түтеді. Жүннің түсі қандай? Қазір бұл жүнді алдымыздағы қойдын суретіне, желіммен жабыстырамыз. Жүнді жазамыз. Желімді колымызға жақпаймыз, аузымызға салмаймыз, мұқият, тиянақты жұмыс жасаймыз. Қолымызды дымқыл майлыққа қолымызды сүртеміз.Өте жақсы балалар.
|
Хат
Суреттер, слайд. Видео ролик. Суреттер.
Дәптермен жұмыс.
Видео ролик.
Суреттер. Тәжірибелік жұмыс. |
Рефлексиялық- түзетушілік |
Тыйым сөздер -Малды тебуге болмайды. -Таяқпен маңдайына ұруға болмайды. -Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды. -Ақты төгуге болмайды.
-Ал, балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнадыма? -Несімен ұнады? -Төрт түлікті қайталап көрейікші? -Төрт түліктін дауыстарын салып көрейікші?
-Қане балалар, екі топқа бөлінейік. Қазір бірінші топ, мына плакатқа сиырды құрастырады. Ал екінші топ түйенің суретін құрастырады.Қане балалар қай топ бірінші аяқтайды. Жарайсыңдар!
-Балалар сендерді үйде ата-әжелерін, әке-аналарын қалай еркелетеді? -Ендеше сыйқырлы тақтаның көмегімен Қошақаным әнің орындайық. -Мынау менің қолымдағы сиырдың сүтінең жасалған құрт, ауыз тисін деп үлестіргім келіп тұр.
-Енді балалар келген қонақтарымызбен қоштасайық. |
Видео ролик.
-Сау болыңыздар! |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Үй жануарлары туралы білімдерін кеңейтіп.
Түсінеді: Олардың күту жолдарын.
Қолданады: Жануарларға қамқор болуға.