«Бөбек» даярлық топ.
Тәрбиеші : Сергазина Макпал Сапаргалиевна
Қатысқандар саны -18 бала
Қатыспағандар саны-3 бала
Білім беру саласы: « Қатынас».
Бөлімі : « Сауат ашу негіздері».
Тақырыбы : Ғарышқа сапар.«Ғ» дыбысы және әріп. (слайдымен).
Мақсаты :
Білімдігі: «Ғ» дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра отырып, берілген әріпті дұрыс айтуға, дыбыстық талдау жасауға жазба «ғ» дыбысы жазуға үйрету.
Дамытушылығы : ойлау, есте сақтау, қабілеттерін дамыту, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Тәрбиелігі: Ойлау, еске сақтау, қабілеттерін дамыта отырып шығармашылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері:Түсіндіру әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: Әріптер, суреттер, әліппе дәптерлері.
Қызығушылықты ояту:
«Бүгінгі күнге ізгі тілек». (Күн бейнесі).
Табиғатқа жан бітіріп, жерге сәуле төгіп, айналаға шуақты нұрын шашатын не? (Күн).
Олай болса «Тіршілік нәрі, өмір мәні, көңіл сәні, табиғат жаны, бар бала әні» күнмен сәлемдесіп алайық.
Шаттық шеңбер:
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!
Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз.
Қайырлы күн! Қонақтар.
«Күн тапсырмасы».
Өтілген дыбыстарды әріптерді танып атайды.
Өткенді бекіту:
«Йй» дыбысы мен әріпі. Сөз құрастыру.
Жаңа сабақ «Ғ» дыбысы мен әрпі.
Әліппе-дәптерімен жұмыс:
1-тапсырма:
Бүгін біз тағы бір жаңа әріп өтеміз ол үшін бізге мына өлең жолдарын оқу.
Өлең:
Ғаламат ерлік көп қандай,
Ғажайып неткен ел еді!
Ғарыштан келген Тоқтардай
Ғарышкер болғым келеді.
Есенбай Дүйсенбайұлы.
Балалар ,ғарышқа кім ұшады?
Жұмбақ шешу:
Үшады қанатсыз,
Зырлайды аяқсыз. (Зымыран).
Ұшқыш емес бірақ ол
Аспанда қалықтап үұшады,
Оны кім деп ойлайсындар? (Ғарышкер)
Билинвальды компонент:
Ғарышкер-косманавт-cosmnaut
Балалар ғарышкер туралы біз не білеміз?
Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа, аспан әлеміне ұшатын адамдар. Аспан әлемінде де көптеген ғалам бар.Албіздер жер ғаламында өмір сүреміз.Ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен.Мына суреттегі алғаш ғарышқа ұшқан адам ,ол Ю.Гагарин. Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев Айдын Айымбетов ағаларымыз.Бұл кісілер еліміздің мақтаныштары.Олар ержүрек батыр,халық қаһармандары.Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар бар.Адамдар аспанға ұшып аспан қеңістігін зерттейді.Байқоңыр ғарыш айлағы ол біздің Қазақстанда Қызылорда облысында орналасқан. Ғарыштағы адам үстіне арнайы скафандр киеді.Ғарышта ауа жоқ, сондықтан ол жақта тек арнайы киіммен ғана жүруге болады.
Дәптермен жұмыс:
Сурете не болып жатыр деп ойлайсың?
Сурет бойынша балалар өз ойларын айтады.
2-тапсырма:
Сөзге дыбыстық талдау жасау.
«Ғ» дыбысы сөздің қай жерінде тұр?
Ғаламшар, ғарыш, ғарышкер сөздерін буынға болып дыбыстық талдау жасайды.
«Ғ» ұяң дауыссыз дыбыс көк текшемен белгілейміз.
Сергіту сәті:
Аспан аспан арайлым,
Саған жиі қараймын,
Сені көзбен шоламын,
Мен ғарышкер боламын.
3-тапсырма:
Ұшатын, үшпайтын қасиеттеріне қарап, заттарды бір-бірімен қосады.
Сөздерге дыбыстық талдау жасайды.
Шағала, ағаш, таға, шаңғы, торғай қарға, қырғауыл, ғарышкер сөздерін буынға бөліп , оларды қатыстырып сөйлем құрайды.
Ға-рыш 2 буын, 2 дауысты 3-дауыссыз дыбыс бар.
Шал-ғы, 2-буын 2 дауысты 3-дауыссыз дыбыс бар.
Қар –ға ,2 буын 2 дауысты 3-дауыссыз дыбыс бар.
Та-ға 2-буын 2 дауысты 2 дауыссыз дыбыс бар.
4-тапсырма:
Педогог тақтаға «Ғ» әрпінің бейнесімен таныстырып шалғының суретімен салыстырады.
Балалар «Ғ» әрпінің бейнесімен таңыс болады, «Ғ» әрпінің баспа түрін жазады.
Ұқсайды өзі шалғыға
Елестетет көз алдына,
Кәне ойлап табайық
Балалар бүл қай әріп.
5-тапсырма:
«Ғ» әріпінің бейнесін қарап отырып домино тастарнан жасайды.
Ойын: «Ойлап тап» .Суретті қарап, атауында «Ғ» дыбысы бар сөздерді атау,
Рефлексия:
Қандай дыбыспен таныстык?
«Ғ» дыбысын жазып үйрендік , кандай түсті текшемен белгіледік.