31.08.2026
«2026–2027 оқу жылында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту процесін ұйымдастыру: жаңа міндеттер мен басым бағыттар»
Мақсаты: жаңа оқу жылындағы негізгі міндеттерді айқындау, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру және педагогтердің жұмысын бірізді жоспарлау.
Қаралатын мәселелер:
1. 2026–2027 оқу жылындағы негізгі міндеттер мен басым бағыттар.
2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес жұмысты ұйымдастыру.
3. Перспективалық жоспарлар мен циклограммаларды талапқа сай жүргізу.
4. Балалардың бастапқы диагностикасын және мониторингін ұйымдастыру.
5. Топтардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу-тәрбие ортасын дайындау.
6. Педагогтердің жылдық жұмыс жоспарын бекіту.
7. Қауіпсіздік, санитарлық талаптар және балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау мәселелері.
Педкеңес шешімі: оқу жылына арналған міндеттер бекітіліп, жауапты педагогтер мен орындау мерзімдері белгіленді.https://www.instagram.com/p/Dcs4JtEjugc/?igsi=am9mdDRuczhodG9x