29.05.2026
Құрметті әріптестер!
Бүгінгі қорытынды педагогикалық кеңес — бір оқу жылы бойы атқарылған еңбектің нәтижесін саралап, жетістіктерімізді бағалайтын маңызды басқосу. Осы оқу жылында барша педагогтар өз тәжірибесі мен шығармашылығын көрсете отырып, бүлдіршіндердің сапалы білім мен саналы тәрбие алуына аянбай еңбек етті.
Жыл бойы ұйымдастырылған ашық оқу қызметтері, мерекелік іс-шаралар, байқаулар мен жобалар балалардың жан-жақты дамуына ықпал етті. Тәрбиеленушілеріміз түрлі деңгейдегі байқауларға қатысып, жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Бұл — ұстаздардың табанды еңбегі мен ата-аналардың қолдауының жемісі.
Мониторинг қорытындысы бойынша балалардың танымдық, шығармашылық және тілдік дамуында оң өзгерістер байқалды. Алдағы уақытта да заман талабына сай жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, кәсіби шеберлігімізді шыңдай береміз деп сенеміз!
2025-2026 оқу жылының қорытынды педагогикалық кеңесі.