11.03.2026
Жүргізуші:
Ана деген адамзаттың данасы Ана деген сәбилердің панасы Ана деген жарық жұлдыз шырағың Ана деген қайнар ыстық бұлағың Армысыздар ақ жаулықты әжелер, аналар, сүйікті қыздар, апайлар! Сіздерді көктемнің алғашқы мейрамы «8 - наурыз Халықаралық әйелдер күнімен» шын жүректен құттықтаймыз. Олай болса келіп жеткен мейрамымыз құтты болсын ардақты да аяулы аналармен әжелер және сұлу қыздар.
Балалар залға музыкамен кіріп тұрады Жүргізуші: Орнымызға жайғаспай тұрып аналарымызға бір әсем ән орындап алайық. (орындарында тұрып ән орындайды) ӘН: Аппақ анам (Балалар орындарына отырады)
Жүргізуші: жарайсыңдар балалар қандай керемет ән орындап алдық. Енді аналарымызға арнап жаттаған тақпақтарымызды қабыл алыңыздар.
Тақпақтар:
1.Айлана
Ана – біздің күніміз,
Ана – біздің гүліміз.
8 наурыз мерекең,
Құтты болсын, күніміз!
2.М .Каусар
Анамызды сүйеміз,
Жақсы көріп жүреміз.
8 наурыз келіпті,
Құттықтаймыз бәріміз!
3: Асылтас Анамды мен сүйемін,
Әрқашанда күлемін.
4 :Ақбота
Ана – менің күнім,
Ана – менің гүлім.
5:Каусар
Анашым өте жақсы,
Қолынан бәрі келді.
6 : Ислам
Анамызды сүйеміз,
Жақсы көріп жүреміз.
Жүргізуші: жарайсыңдар балалар.
(музыка әуенімен ортамызға көктем ханшайымы кіреді)
Көктем: Сәлеметсіңдерме балалар. Амансыздарма ардақты аналар сіздерді де балалардыда көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтаймын.
Жүргізуші: Қош келдің, Ару көктем!!! Қайдан жүрсің. Бұл жерге қайдан тап болдың.
Көктем. Мен бұл жерге әсем әуен үнін естіп қалып бау бақшамнан келе жатырмын. Балалар аналарына көмектесе ме екен соны білгім кеп тұрғаны: Жүргізуші. Әрине балалар орнымыздан тұрып анамызға қалай көмектесетінімізді көрсетейік.
Саусақ жаттығуы. Алақанмен жасаймыз, Дәмді үлкен бауырсақ.
Ұнымызды илейміз, Бауырсақты сағынсақ. Ұн түйірін шашпаймыз, Аяқпенен баспаймыз. Ас адамның арқауы, Ойымызға сақтаймыз. Ән
«Анашым ау » әні
7 :Адинур
Бүгін мейрам келіпті,
Қуаныш бізге толыпты.
8 :Даниал
8 наурыз мереке,
Құтты болсын баршаға!
9:Ерасыл
Гүл сыйлаймыз анаға,
Күлкі сыйлап баршаға.
10:Аяжан
Анамыз мейірімді,
Жүрегі өте жылы.
11:Әмірхан
Әжемізді сүйеміз,
Құшақтай біз жүреміз.
12:Алан
Әжеміз өте жақсы,
Ертегі айтып береді.
Көктем: Қандай керемет. Жүргізуші: Балалар ата, әже деген кімнің әкесі, анасы? Балалар: әкеміздің, анамыздың әкесі мен анасы. Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар қарты бар үйдің қазынасы бар дегендей, мейірімді Әжелерімізге, әдемі әнді сыйлайық!
Ән. Әже туралы ән «Менің әжем»
Жүргізуші: Баршаңызға аналар!
Зор денсаулық тілейміз
Қазір шығып ортаға,
Әдемі биді билейміз.
Би: (Қыздардың орындауында) Көктем: мәәә балалар күшті мерекеге арнап билеген билерің керемет екен, қуанып қалдымғой. Қандай әдемі сұлу қыздар.
Жүргізуші: Ия біздің балалардың бәрі өнерлі. Тағы жүрек жарды өлең шумақтарын тамашалайық аналарымызға арнаған.
Тақпақтар:
13:Омар
Күн күледі бүгін де,
Гүл ашылды далада.
14:Арлан
Мереке келді бізге,
Қуаныш толды жүрекке.
15: Айсана
Күн күледі бүгін де,
Гүл сыйлаймыз анаға.
8 наурыз мереке,
Қуаныш сыйлар баршаға!
16.Нурислам: Ана деген – бір бақыт,
Ана деген – жылулық.
8 наурыз мереке,
Әкелсін көп қуаныш!
17:Медина
Әжеміз бен анамыз,
Ең қымбатты жанымыз.
8 наурыз құтты болсын,
Бақытты бол, барымыз!
18:Әмір
Ана бізді бағады,
Жақсы жолға салады.
Ән
«Анашым» әні
Көктем: жарайсыңдар балалар. Балалар 1 наурыз бізде Алғыс айту күні емеспа. Сендерге аналарыңа, барша отбасыға, елімізге, жерімізге, алғыс айтқым келіп тұр балалар Рахмет мың алғыс бәріңізге.
Жүргізуші; Көктем аруы сағанда алғысымызды білдіреміз. Көктем келіп көңіліміз көтеріліп қалдығой. Енді балаларымыздың тақпақтарын қабыл алыңыз
Ойын: «Гүлге қонған» көбелек
19 :Алим
Ана – біздің бақытымыз,
Ана – біздің шаттығымыз.
20:Ескендір
Барша анаға тілейміз,
Денсаулық пен бақытты.
21 :Ілияс
Күлкі болсын жүзінде,
Қуаныш болсын көңілде.
22:Ахмат
Бүгін ерекше күн екен,
Мейрам бүгін керемет.
23 :Алихан
8 наурыз құтты болсын,
Бақыт әкелсін әр үйге.
24 :Томирис
Гүлдер жайнап тұр бүгін,
Көңілдер шат бәрінің.
25 :Аделя
Біз қуанып тұрмыз,
Ән айтып, би билейміз.
Жүргізуші:
Біздің қыздар билейді Билегенде көздері де жайнайды. Ата аналар қолпаштайды барлығы, Шапалақпен балаларды қолдайды. Қыздардың биін қабыл алыңыздар
Би: қыздардың орындауында
Ән «Қыздарай»
Жүргізуші: ал құрметті ата - аналар бүгінгі мерекемен қоса келіп отырған Алғыс айту күні құтты болсын сіздергеде алғысымызды білдіреміз. Енді балаларымыздың Алғыстарын қабыл алыңыздар.
(сыйлықтарын алып шығады да, орындарына тұрып билерін билеп, алғыстарын айтып, қолдарымен жасаған сыйлықтарын аналарына табыстайды)
Жүргізуші: Аналар, қалқып бақыт аралына,
Лайым мұң қонбасыншы жанарына!
Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық,
Гүл бітсін келген қадамдарыңызға!!! – деп, бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Келесі кездескенше сау болыңыздар!!!