Текст
24.02.2026
Құрметті балабақша ұжымы!
Бүгін біз еліміздің басты құжаты – Қазақстан Республикасының Конституциясына құрмет білдіреміз. Ата Заңымыз – тәуелсіздігіміздің тірегі, бірлігіміздің негізі, әр азаматтың құқығы мен бостандығын қорғайтын маңызды құжат.
Конституцияның арқасында елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық орнап, жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беруге барлық жағдай жасалуда. Біз, тәрбиешілер қауымы, өскелең ұрпақтың бойына Отанға деген сүйіспеншілік пен заңға деген құрметті сіңіруді басты міндетіміз деп білеміз.