13.01.2026
https://www.instagram.com/p/DTaPhj9CD8S/?igsh=MXBweG5ubWxsdDNkNw==Экологиялық бағыттағы «Екінші өмір сыйла» тақырыбында өткен педагогикалық кеңестің басты мақсаты– мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне қоршаған ортаны қорғау, қалдықтарды қайта өңдеу, тұрмыстық заттарға екінші өмір сыйлау идеяларын насихаттау арқылы балаларға экологиялық тәрбие берудің маңыздылығын түсіндіру.
Бұл кеңес аясында педагогтерге тұрмыстық жарамсыз заттарды тиімді пайдалана отырып, балалардың шығармашылық қабілетін арттыру, табиғатты аялауға үйрету жолдары ұсынылды. Сонымен қатар экологиялық мәдениетті қалыптастыруда тәрбиешінің рөлі мен жауапкершілігіне де ерекше назар аударылды.
"Екінші өмір сыйла" – тек экологиялық ұстаным ғана емес, ол – баланың дүниетанымын кеңейтіп, табиғатпен үйлесімді өмір сүруге тәрбиелеудің нақты қадамы.