25.12.2025
«Қош келдің, Жаңа жыл!»
Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймыз бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Балдырған» тобында!
(балалар келіп орындарына тұрып, билейді)
Қасқыр кіреді музыкамен залға. (Айдар)
Қасқыр: Жаңа жылдарыңды, Қызыл телпекпен бірге мен орманға қамап қойдым, жаңа жыл жоқ сендерге ха - ха – ха деп күліп залдан шығып кетеді.
Жүргізуші: Ойбу енді қайттік балалар, ән, тақпақ айтып өнерімізді көрсетейік мүмкін даусымызды естіп келіп қалар. Аяз Атамыз да жаңа жылымызда. Қане орнымыздан тұрып қол ұстасып әнімізді шырқайық.
Ән: «Шырша жыры»
Жүргізуші: Енді, шыршамызға тақпақтарымызды айтайық.
1 Қасым
Жаңа жыл Жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
2 Жанболат
Тамаша.тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
4.Айдар
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
5.Адия
Ән айтамыз, би билейміз,
Біз көңілді баламыз.
Шаршауды біз білмейміз,
Тақпақ айтып, би билеп.
Аяз Атадан сыйлық аламыз.
6.Әмір
Жаңа жылда бақшамыз,
Гүлдей болып жайнасын.
Аман болсын барлық бала,
Шат - шадыман ойнасын.
Жүргізуші: - Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың жауабы)
АЯЗ АТА
Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі. Қоңырау үні сыңғырла
Аяз ата, Ақшақар
Біз Сендерді сағындық
Тез келіңдер ортаға
Аяз Ата, Ақшақар 3 - рет
(әуенмен Аяз Ата, ақшақар келеді)
Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
Өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Балалар: Аяз Ата!
Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіндірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Жүргізуші: Қараңдаршы балалар, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,... шыршамыз көңілсіз, қане Аяз Ата балалардың әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!
Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер.
Әсем әні де, биі де бар
Отыр ата, сәл дем ал.
Қане балалар, сендерге жаңа жыл мерекесі ұнайма, Аяз Ата мен Ақшақарымыз келіп сыйлық береді ия, Аяз Атаның қабында не бар екен, оны білу үшін ендеше бәріміз орнымыздан тұрып ойын ойнап, қимылдарды қайталайық.
Муз ойын:
Тәттілер ұлдарға, тәттілер қыздарға,
Үлкен домалақ доп, қорқақ қоянда бар.
Гантель әкемізге, машина анама,
Қаншама ойыншық, қаншама сыйлықтар
Сыйлықты тезірек алғыларың келсе сәл тезірек айтыңдар.
Жарайсыңдар балалар өте керемет қайталадыңдар, сыйлықты мерекенің соңында Аяз Ата міндетті түрде табыстайды, ал біз мерекемізді әрі қарай жалғастырайық.
Жүргізуші:
Ән: «Аяз Ата»
Ақшақардың сұрақтары:
Мен білемін бір ойын: Үйретейін сендерге
Мен бастаймын,
Ал, сендер аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр....
Балалар: Жаңа жыл!
Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге....
Балалар: Аязата!
Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!
Сендер бәрің......
Балалар: Әдемі!
Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын - күлкі таралсын
Құтты болсын.....
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)
Жүргізуші:
Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Ақшақарды ортаға алып
Би билейік бәріміз.
Кел билейік сенімен
Деймін тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар
Адамдардың демімен. Тобымыздың гүлдері, Қандай әсем өздері. Мың бұралған қыздар бар, Бәрің бермен қараңдар.
Би: (қыздардың орындауында)
Аяз Ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!
Жүргізуші: Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, тақпақты да жақсы айтады.
7.Ельнара
Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жылыда келеді,
Бізге қарай жылыстап.
8.Бақжан
Аю, қасқыр, қоян, түлкі бәрі де,
Ортада жүр би билеп.
Балалар жүр мәз болып,
Би билейді дөңгелеп.
9.Ерасыл
Ақша қар, ақша қар,
Аппақ болып қонасың.
Тоса қалсам қолымды
Алақаныма толасың.
10.Ерсултан
Жаңа жыл келгенде
Қуанып қарсы аламыз.
Аяз Ата келгенде
Билейміз, ән саламыз.
11.Айна
Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға
12.Нурқанат
Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз.
Ән шырқайық баршамыз
15 Заңғар
Жасыл желен жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сагынған.
16.Назар
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, әке - шеше
Құтты болсын Жаңа жыл
17.Альтаир
Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
18.Әміре
Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.ақпақтар:
Жүргізуші:- балалар, жаңа жыл болса келіп қалды, біздің қоштасатын жылан жылымыз қайда? Балалар, жылан қалай дыбыстайды?
Балалар: ссссссссс
Дауысы естілмейді ме?
«Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымызды қарсы алайық.
(ысылдап залға музыкамен жылан шығады)
Жылан – Бала (Адия)
Жүргізуші: - Ау, жыланжан сенімен де қоштасатын кез келді. Мына жұртшылықтың ризашылықтарын тыңда.
(Ата - аналармен сұхбат. Ескі жылға бір екі ауыз алғыстарын айту)
Жылқы (Садреддин) мен Қызыл телпек(Айназым) киінуге кетеді.
Жүргізуші:
Айта берсек таусылмас
Жаңа жылда жаңа жыр
Кел оданда, халайық
Ойын ойнайық жаңа бір. Ойын (ата – аналармен)
Аяз ата: мына ата - аналар да мықты екен. Енді мен дем алсам деймін.
Жылан – бала (Адия)
Сәлеметсіздерме, қонақтар, балалар! Қане бәріміз орнымыздан тұрып саусақ жаттығуын жасасақ.
Ойнайық бүгін бәріміз, бір, екі, үш,
Шапалақты ұрайық біз, бір, екі, үш.
Саусақты жылыту үшін, қаттырақ уқалау керек
Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне бәріңмен
Кезек келді қоштасар.
Жүргізуші: - Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз!
Бәрі. Қош, қош, Ескі жыл!(жылан залдан шығып кетеді)
Музыкамен Жылқы жылы, Қызыл телпек кіреді. (Садреддин мен Айназым)
Жылқы – бала: Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар, (балаларға қарап) рахмет менің кішкентай құтқарушы достарым, сендер өнерлеріңмен мені зұлымдықтан құтқардыңдар.
Мен жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Нұрымды да себейін
Жырымды да себейін. Бір жыл бойы еліме, Қызмет етіп көрейін.
Қане жігіттер жылқыға мініп, өнерімізді көрсетпеймізбе.
Би: «Тұлпарым» (ұлдардың орындауында)
Қызыл телпек: Сәлемесіздерме қонақтар, мен де әжеме сыйлық әкеле жатыр едім, Қасқыр кедергі жасады, бізді құтқарғандарыңа рахмет достарым.
Жүргізуші: Қане балалар орнымыздан тұрып қонақтарымызбен бір сергіп алайық.
Оркестр:
Күй «Балбырауын»
Жаңа жылға барлығы жақсы дайындалған, осындай өнерлерімен белсенділік танытқан барлықтарыңызға рахмет.
- Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?
Аяз ата: Ой - буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір....
(барлығына сыйлық үлестіріледі)
Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!
Бәрі.
Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды! Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!