"Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша Білім беру бөлімінің жанындағы Қабанбай батыр ауылының "Балауса" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное  предприятие "Ясли-сад Балауса" села Кабанбай батыра при Отделе образования по Целиноградскому району Управления образования Акмолинской области

Тәуелсіздік Тұғырым!

12.12.2025

Тәуелсіздік түғырым!

Құрметті бүлдіршіндер және балабақша ұжымы! Баршаңызды                                                  16 - желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Баршаңызға отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс, мерекелік шат көңіл тілейміз.

Әнұраным, жан ұраным

Айтар әнім, сөйлер сөзім

Туған жерім сағынарым

Мәңгі - бақи шырқалады

Республикам, Әнұраным

Әнұран.

Жүргізуші: Сендер өте көңілді, әрі бақытты көрінесіңдер. Сендердің Отандарың, қасиетті мекендерің қай Республика?

Балалар:

- Қазақстан Республикасы.

Жүр:

- Президент кім?

Балалар:

- Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Жүр:

- Отандарыңның астанасы қай қала?

Балалар:

- Астана қаласы.

Жүр:

- Еліміз өзінің қандай қасиеттерімен айбатты?

Балалар:

- Әнұран, Ту, Елтаңба.

Жүр:

Тәуелсіздік тақырыбына тақпақтар:

Ән:

Жүргізуші:

- Балалар, сендер сүйікті Отанымыздың қасиетті белгілерін біледі екенсіңдер. Онда Отан дегеніміз не?

Балалар:

- Отан дегеніміз біздің ата - анамыз, туған туыстарымыз, ауыл қалаларымыз, өзіміз туып - өскен жеріміз.

Отан туралы тақпақтар.

Би.

Жүргізуші:

- Ал, балалар, біз Отан туралы нақыл сөздер білеміз бе?

Нақыл сөздер.

Оркестр

Жүргізуші: Балалар, егер біз Отанымызды сүйетін болсақ, оның мемлекеттік тілін жақсы білуге міндеттіміз. Мемлекеттік тіліміз қай тіл?

Жүр: ойыным бар еді балаларға дайындаған соны ойнап жіберелік.

Ойын шарты: Балалар шеңберде тұрады, музыка ойналып, туды шеңберде кезекпен бір біріне береді, музыка тоқтағанда кімнің қолында қалса ұлдар болса, сол екі бала қол күрестіреді, қыз баланың қолында қалса ат жарыс ойынын ойнайды.

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, енді сәл сергіп алайық.

Саусақ жаттығуы:

Күй күмбірі қандайды

Барша сәби тыңдайды

Саусақтары бірігіп

Домбырада ойнайды

Балабақша өз үйім

Тәрбиеге жалғайды

Ата бабам дәстүрі

Ұмыт болып қалмайды

Жүр: - Құрметті, балабақша ұжымы, бүлдіршіндер бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтаймын, Қазақстанның болашағы гүлдеп, жайнай берсін!

Мен қазақпын биікпін, байтақ елмін.

Қайта тудым өмірге қайта келдім

Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске

Жаса – жаса мәңгіге туған елім, - дей келе бүгінгі мерекемізді аяқтаймыз. Көңіл қойып келгендеріңізге, ынта қойып тыңдағандарыңызға көптен - көп рахмет!

Просмотров: 40


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст