"Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша Білім беру бөлімінің жанындағы Қабанбай батыр ауылының "Балауса" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное  предприятие "Ясли-сад Балауса" села Кабанбай батыра при Отделе образования по Целиноградскому району Управления образования Акмолинской области

«Су қандай болады? – Қарапайым тәжірибе»

10.12.2025

«Су қандай болады? – Қарапайым тәжірибе»

Білім беру саласы: Таным

Іс-әрекет түрі: Қарапайым тәжірибе (эксперимент)

Мақсаты:

Балаларды судың қасиеттерімен таныстыру (түссіз, иіссіз, мөлдір, ағады).

Қарапайым тәжірибе жасау арқылы бақылау, салыстыру, қорытынды жасау дағдыларын дамыту.

Табиғатқа қызығушылық пен ұқыптылықты тәрбиелеу.

 

 Құрал-жабдықтар:

 

Мөлдір стакандар

Су

Түстер (гуашь)

Тастар, қасық

Мата/қағаз орам

Түтікше

Дәретхана қағазы (сіңіргіштігін көрсету үшін)

 

🌟 Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері:

«Су тамшысы»

Тамшы болып тарайық,

Айналаны аралайық.

Суға, табиғатқа,

Қамқор болуды ойлайық!

 

ТЫНЫС АЛУ ГИМНАСТИКАСЫ

 

2. Кіріспе әңгіме:

Тәрбиеші: Балалар, бұл не? (ыдыстағы су)

Балалар: Су!

Тәрбиеші: Су қандай?

Балалар: Су мөлдір, түссіз, таза.

Тәрбиеші: Судың дәмі бар ма?

Балалар: Жоқ, су дәмсіз.

Тәрбиеші: Судың иісі бар ма?

Балалар: Жоқ, иіссіз.

Тәрбиеші: Су не үшін керек?

Балалар: Су ішу үшін, жуу үшін, өсімдіктерге, жануарларға керек.

Тәрбиеші: Егер су болмаса не болады?

Балалар: Өсімдіктер өспейді, адамдар да, жануарлар да өмір сүре алмайды.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар! Ендеше суды қалай сақтаймыз?

Балалар: Суды үнемдейміз, ластамаймыз, ашық қалдырмаймыз.

Тәрбиеші: Өте жақсы! Су – тіршілік көзі!

  ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН (3 топқа әр түрлі)

3. Тәжірибелер әлеміне саяхат

🔹 Тәжірибе 1: «Су – түссіз»

Мөлдір стаканға су құю.

Бояудан бір тамшы тамызу.

Судың түсі қалай өзгергенін байқау.

Қорытынды: Су бастапқыда түссіз.

 ТАҚПАҚ

🔹 Тәжірибе 2: «Су – мөлдір, ішінен көруге болады»

Стаканға су құю.

Су артынан ойыншық немесе қарындаш қойып көру.

Қорытынды: Судың ішінен зат көрінеді – ол мөлдір.

 

ТАҚПАҚ

🔹 Тәжірибе 3: «Не батады, не қалқып жүреді?»

Әр баланың алдында болу керек

Су құйылған ыдысқа тас, түтікше, қағаз  салу.

Бата ма, қалқып кете ме – бақылау.

Қорытынды: Заттардың судағы қасиеті әртүрлі.

 

ТАҚПАҚ

🔹 Тәжірибе 4: «Суды не сіңіреді?»

Әр баланың алдында болу

Мата, қағаз, пластик жұмсақ болса – салыстыру.

Қорытынды: Кейбір заттар суды сіңіреді, кейбірі сіңірмейді.

 

4. Қимылды ойын: «Тамшыдан тамшыға»

Балалар тамшы болып жүгіреді, тәрбиеші «жаңбыр» дегенде жан-жаққа шашырап, «күн шықты» дегенде шеңберге қайта жиналады.

 

5. Қорытынды

– Бүгін не көрдік? Су қандай?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

 

6. Бағалау:

«Күннің шуақтары» — әр балаға жапсырма беру.

 

7. Рефлексия:

– Саған қандай тәжірибе ұнады? Неге?

 

 

 

 

 

Просмотров: 92


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст