АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: Үй жануарлары
Тобы: Ортанғы топ
Мақсаты:
• Балаларға үй жануарларын таныстыру, олардыңпайдасын айту.
• Жануарлардың дыбысын ажыратуға үйрету.
• Сөздік қорын байыту,қызығушылықтарын арттыру.
Қолданылатын көрнекіліктер:
• Үй жануарларының суреттері (сиыр, қой, ешкі,жылқы, түйе, ит, мысық).
• Жануарлардың дауыс жазбалары.
• Сөз карточкалары.
Сабақ барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі –
“Шаттық шеңбері”
Біз көнілді баламыз,
Үй жануарын танимыз.
Мейірімді боп баріне,
Қамқор болуды аламыз
.Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне жылы лебіз айтады.
II.Кіріспе бөлім
Тәрбиеші жұмбақжасырады:
1. Бұл жануар төбетті,
Үйді күзетеді. (Ит)
2. Мияулап жүреді,
Тышқанаулап жүреді. (Мысық)
Балаларжауап береді.
Тәрбиеші тақырыпты жариялайды: “Бүгін біз үй жануарларымен танысамыз.”
III. Негізгі бөлім
1.Үй жануарларымен таныстыру
Әр жануардыңсуретін көрсетіп, қысқаша сипаттау:
• Ит – үйді қорғайды,түнде күзетеді.
• Мысық – тышқан аулайды.
• Сиыр – сүт береді.
• Қой – жүн береді.
• Ешкі – сүт береді.
• Жылқы – мінетін көлік.
• Түйе – шұбат береді, жүк тасиды.
2.Тапсырмаларды орындау
3.Қимылды ойын: “ Жануарларды тамақтандыру!”
IV.Сергіту жаттығуы
Отырамыз үйде біз,
Терезеге қараймыз,
Серуендеуге шақырды
Ұзын құлақ, сұр қоян
V.Қорытынды бөлім
Балалардан сұрау:
• Қандай үй жануарларын білесіңдер?
• Қандай пайдасы бар?
• Дыбыстарықандай?
Тәрбиеші сабақты қорытындылайды, балаларды мадақтайды.