Пікір
Жас маманның педагогикалық тәжірибесі бойынша пікірі
Мен, Толегенова Самал Боранбаевна,
«Балауса» бөбекжайының жас маманымын.
Еңбек өтілімім – 1 жыл 4 ай.
Педагогикалық тәжірибемді арттыру мақсатында әріптестерімнің ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатысып, сабақ құрылымы мен жаңа әдіс-тәсілдерді үйреніп келемін. Сол сабақтардың бірі – Татиева Ментай Мубараковна тәрбиешінің «Дүкенге саяхат» атты ашық іс-әрекет.
Сабақтан алған тәжірибем:
Бұл ұйымдастырылған оқу қызметі мен үшін өте тиімді әрі мазмұнды болды. Сабақ барысында балаларға қаржылық сауаттылық, қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру және қарым-қатынас мәдениетін дамыту бағыттары тиімді жоспарланған. Сабақтың ерекшеліктері:
• Сабақ құрылымы : ұйымдастыру кезеңі, сергіту, негізгі жұмыс, бекіту және қорытынды бөлімдері жүйелі өтті.
• Педагогтың қолданған әдіс-тәсілдері балалардың қызығушылығын оятты: рөлдік ойындар, сұрақ-жауап, көрнекілікпен жұмыс, практикалық тапсырмалар.
• «Қажет» және «Қалау» кейіпкерлері арқылы балаларға пайдалы және зиян заттарды ажыратуды үйретуі – өте орынды әрі тәрбиелік мәні зор тәсіл болды.
• Дүкенмен жұмыс, ақша түрлерімен таныстыру, тауар бағасын салыстыру, сатып алу дағдыларын меңгерту – балалардың логикалық ойлауын дамытты.
• Әр тапсырма балалардың жас ерекшелігіне сай таңдалған, ойын арқылы математикалық білім бекітілді.
• Балалармен жеке және топтық жұмыс үйлесімді жүргізілді.
Өзіме алған кәсіби тәжірибе:
• Ұйымдастырылған іс-әрекетті қызықты етіп өткізу жолдарын үйрендім
. • Қаржылық сауаттылықты ойын арқылы үйретудің тиімді әдістерін меңгердім.
• Рөлдік ойын арқылы балалардың сөйлеу мәдениетін, сыпайылық дағдыларын дамыту жолдарын көрдім.
• Балалардың есеп шығару, топтау, салыстыру сияқты дағдыларын қалыптастыруда практикалық тапсырмаларды қолданудың маңызын түсіндім.
• Сабақ темпін сақтап, уақытты дұрыс басқарудың педагог үшін қаншалықты маңызды екенін аңғардым.
Қорытынды:
«Дүкенге саяхат» тақырыбындағы ашық сабақ мен үшін өте құнды тәжірибе болды. Педагогтың шеберлігі, балалармен жұмыс жасау тәсілдері, қолданған көрнекіліктері сабақтың мазмұнын байыта түсті. Балалардың белсенділігі, қызығушылығы және тапсырмаларды ынтамен орындауы сабақты табысты етті. Бұл сабақтан көптеген жаңа идеялар мен әдістемелер алып, өз тәжірибеме енгізуге болатын мол пайдалы ақпарат алдым. Барлық әріптестеріме кәсіби қолдауы мен үйреткен тәжірибелері үшін алғыс білдіремін!
Тәрбиеші Татиева Ментай Мубараковнаға шығармашылық табыс, кәсіби жетістік тілеймін!Өзіме көп тәжірибе жинадым.