05.12.2025
Жас маманның педагогикалық тәжірибесі .
Мен Жумабекова Айгүл
«Балауса» бөбекжайы
Тәрбиеші
Еңбек өтілімім 2 ай
Жас маман ретінде педагогикалық тәжірибемді арттыру мақсатында әріптестердің өткізген бірқатар ашық сабақтарына қатыстым. Әр сабақ маған сабақ құрылымын, әдіс-тәсілдерді және балалармен жұмыс жасаудың жаңа жолдарын үйренуге көмектесті.
Қатысқан ашық сабақтар :Ересек,МаД топтары. «Балбөбек». «Жасұлан», «Балдырған», «Карапузики»топтары.
Математика бағытында
«Пішіндерді ажырату және салыстыру»
«1–5 дейінгі сандарды бекіту»
«Заттарды үлкен–кіші бойынша топтау»
«Геометриялық пішіндерден сурет құрастыру»
Тіл дамыту бойынша
«Жануарлардың төлдері»
«Құрылысшылар»
«Қаржылық сауаттылықты арттыру»
«Дүкенде сатып алу» рөлдік ойыны
Қоршаған орта
«Экология»
Әр сабақтан алған тәжірибем:
Ұ.І.Ә.құрылымын дұрыс жоспарлауды үйрендім.
Педагогтердің қолданған тиімді әдістерін өз тәжірибеме енгіздім (ойын технологиясы, көрнекілік,пайдалы сюжеттік-ойындар,сергіту сәттері).
Балалармен жеке және топтық жұмыс жасаудың жолдарын меңгердім.Әріптестерімнен алған тәжірибем өте көп болды. Мен үшін пайдалы ,маңызды тәжірибе алдым.
Әріптестерім ұйымдастырылған оқу қызметін қызықты өткізумен қатар топтың жас ерекшелігін де ескеріп сабақты өз уақытында аяқтап отырды.
Қорытынды:
Өткен педагогтардың ашық сабақтары мен үшін үлкен тәжірибе болды. Сабақ барысында әріптестердің кәсіби шеберлігін, әдістемелік ізденісін және балалармен жұмыс жасаудағы тың тәсілдерін көрдім. Әр педагог өз сабағын мазмұнды, түсінікті және баланың жас ерекшелігіне сай ұйымдастырған.
Сабақтардан балалардың белсенділігі, қызығушылығы және тапсырмаларды орындаудағы ынталылығы анық байқалды. Педагогтар қолданған әдістемелер мен жұмыс түрлері менің болашақтағы тәжірибеме үлкен үлес қосатынына сенімдімін.
Жалпы алғанда, өткізілген ашық сабақтар нәтижелі, мазмұнды және кәсіби деңгейде өтті. Өзіме көптеген пайдалы идеялар, әдіс-тәсілдер алып, тәжірибемді толықтыра түстім. Барлық педагогтарға еңбегі үшін алғыс білдіремін.