05.12.2025
Білім беру саласы: Таным + Коммуникация + Әлеумет
Тақырыбы: Ауылға саяхат
Тобы: «Болашақ» ортаңғы топ
Тәрбиеші:Айтуар А.Б
Өткізген күні:04.12.2025ж
Мақсаты:
- Балаларға ауыл өмірі, тұрмысы, жануарлары туралы түсінік беру.
- Үй жануарларын тану, атай білу, дыбыстарын ажырату.
- Сөздік қорын дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
- Қоршаған ортаға қызығушылық, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Қажетті құралдар:
- Ауыл үйінің, қораның суреттері
- Үй жануарларының ойыншықтары немесе суреттері
- Музыкалық фон
- Себет, жем, шөп (жасанды)
I. Ұйымдастыру кезеңі
Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз ерекше саяхатқа шығамыз. Қайда барғыларың келеді?
Балалар: Ауылға!
Тәрбиеші: Ендеше, тұлпарымызға мініп ауылға аттанайық.
II. Негізгі бөлім
1. Әже ауыл көрінісімен таныстыру, тапсырма беру.
Тәрбиеші суреттерді көрсетеді: Бұл ауыл. Ауылда не болады?
Балалар: Үй, қора, бау-бақша, сиыр, қой, жылқы…
2. Үй жануарларын таныстыру
- Сиыр — "мө-ө-ө"
- Қой — "мә-ә-ә"
- Жылқы — "ии-ии"
- Тауық — "ко-ко-ко"
- Ат — кісінейді
Сұрақ: Үй жануарларын кім бағады?
Балалар: Шопан, малшы.
3. Дидактикалық ойын «Дауысын тап»
Тәрбиеші жануардың дауысын шығарады, балалар атын атайды.
4. Еңбек дағдысы: «Малға жем береміз»
Балалар ойыншық жануарларға жем салады.
5. Қимыл-қозғалыс ойыны «Жылқылар жүгірсін»
Музыка қосылады — балалар ат болып шабады.
6. Құм терапиясы, сурет салу.
7.Су бетіне сурет салу.
III. Қорытынды бөлім
Сұрақ-жауап:
— Бүгін қайда саяхат жасадық?
— Ауылда қандай жануарлар бар?
— Олар қандай дыбыс шығарады?
Қорытынды:
Тәрбиеші балаларды мадақтайды.