04.12.2025
Тақырыбы: «Үйді немен тұрғызамыз»
Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық»
Кіріктірілген білім салалары: Сөйлеуді дамыту, сурет салу, жапсыру
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Мен құрылысшы боламын», «Біз үй саламыз».
Мақсаты:
1.Білімділігі: Балаларды құрылысшы мамандығымен таныстыру, құрылыс материалдарынан өз үйін құрастыру, ойлануға, өздігінен әрекет етуге баулу;
2.Дамытушылығы: Құрылысшы мамандық иелерінің қызметі туралы білімдерін дамыту, үй құрастырып жапсыру дағдыларын қалыптастыру.
3.Тәрбиелілігі: Еңбек сүйгіштікке баулу, амандық иелерінің жұмысын құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, ойындар ойнау, сурет бойынша жұмыс.
Көрнекілік құралдары: Суреттер, желім, бояу, губка, валик, қайшы, слайдшоу.
Шаттық шеңбері
Біздің үйден ән тарап,
Думандатар өмірді.
Біздің үйде салтанат,
Біздің үйде көңілді.
Балалар өлең жолдарын нақышына келтіре орындайды.
Әңгімелесу : Балаларға өздері тұратын үйлері жайында әңгімелету. Мекен жайын сұрау.
Балалар өз үйлерінің неше қабаттан тұратынын және мекен жайын айтады.
Тыныс алу гимнастикасы
Дидактикалық ойын: ПАЗЛ, құрылыс техникасының көлеңкесін табу , құрылысшы заттарының көлеңкесін табу ойындары
Балалармен бірге бірнеше үйлердің суреттерін қарап, талдау жасау.
Тәрбиеші балалардан өз үйлерін қалай құрастыруға болатынын ойлануды өтінеді, балалар көз алдарына елестетеді. Балалар үлгіден көрген үйлерден өз үйіне ұқсастығы барма екенін айтады. Әр бала құрылыс материалдарынан өз үйлерін құрастырады, үйдің ірге тасы, қабырғалары, төбесі, терезелері т.б. бөліктерін нақтылап алады. Балаларға үйдің айналасында не бар екенін бейнелеу үшін қағаздар, ұсақ ойыншықтар т.б. беріледі.
Құрастырып болған соң балалар бір-бірінің үйлері туралы әңгімелейді.
Құрылысшы ағайлар,
Күнде ерте тұрады.
Қолдарында балғасымен,
Кірпіштерді қадайды.
Сергіту сәті:
Жақсы бала еңбекшіл,
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кеп,
Құшағы гүлге толады.
Еңбекшіл осындай
Болайықшы досым-ай.
Мақал мәтел:
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей!Начало формы
Конец формы
Шебердің инесі де алтын,
Соққан күймесі де алтын.
Еңбексіз өмір — сөнген көмір.
1 топ – - Балнұр, Шұғыла, Нұрасыл, Аяла Г.
Кәне, достым, бастайық,
Үй тұрғызайық, жарайық!
2 – топ – Медина, Аслан, Інжу, Аяла Б.
Кірпіштерді тізіп қоям,
Мықты болсын қабырғам!
3 топ – Алуа, Аянат, Бейбарыс,Айзере
Терезесін орнатып,
Балаларға сыйлайық!
Тәрбиеші:
- Балалар, сендер үй құрылысын бақылап көрдіңдерме?
- Иа
- Үй құрылысы неден басталады?
- Жерден, іргетастан
- Адамдарға қандай машиналар көмектеседі?
- Кран
- Құрылысқа қандай мамандықтың адамдары қатысады?
- Құрылысшылар
Құрылысшылар салады,
Біз тұратын жерлерді.
Үлкен болып өскенде
Саламын әсем үйлерді.
Балға қатты соғады,
Темір, ағаш тынады.
Шебердің қолы ширақ боп,
Жөндеу ісі оңады.
Үйді әрлендіру: Балаларды бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдісімен – губка мен валик арқылы сурет салуға үйрету.
Губка мен валик арқылы үй салу
Тәрбиеші балалардың жасаған жұмысын тексеріп қарап, бағалап, қателіктерін көрсетіп, ұқыпты жұмыстарды мадақтайды.
Күтілетін нәтижелер:
Нені білу керек: өз үйлерін көз алдарына елестете отырып құрылыс материалдарынан
құрастыра білуге үйренеді
Қандай түсініктерді игереді: үйлердің құрылысы жайында: іргетасы, қабырғалары, төбесі, терезесі, есігі т.б. түсініктер игереді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктерді қолдана алады: құрылыс материалдарын пайдаланып құрастыра алуға дағдыланады.