"Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша Білім беру бөлімінің жанындағы Қабанбай батыр ауылының "Балауса" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное  предприятие "Ясли-сад Балауса" села Кабанбай батыра при Отделе образования по Целиноградскому району Управления образования Акмолинской области

Ашық сабақ. "Дүкенге саяхат"

04.12.2025

Ұйымдастырылған ашық  іс-әрекет

Білім саласы: Таным

Бөлімі: Қаржылық сауаттылық  және қарым-қатынас іс-әрекеті,танымдық іс-әрекет,қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

Тақырыбы: « Дүкенге саяхат»

Тобы: МАД  «Балбөбек» тобы

 Мақсаты:

  1. Заттарды санау, салыстыру, топтастыру дағдыларын бекіту.
  2. Заттардың бағасын қосу, қарапайым есептер шығару қабілетін дамыту.
  3. Ақша, баға, сатып алу ұғымдарын түсіндіру.
  4. Балаларды ұқыптылыққа, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

 Міндеттері:

  • 1–10 дейін тура және кері санау.
  • Бағаларды салыстыру (қайсысы арзан/қымбат).
  • Қарапайым қосу мен азайту амалдарын қолдану.
  • Заттарды топтастыра білу (азық-түлік, ойыншық, тұрмыстық зат).

 Қажетті көрнекіліктер:

  • Ойыншық ақша, касса, себет
  • Бағасы жазылған тауарлар (сурет немесе макет)
  • Сандар карточкалары
  •  «Дүкен сөрелері»
  • Сандық шамаға арналған есептер

 Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

1. Шаттық шеңбері

    Ал, балалар тұрайық

    Үлкен шеңбер құрайық

    Шаңырақты көтеріп

    Керегені құрайық

   Уық болып иіліп

   Бір отбасы болайық

Тәрбиеші

   -орнымызға жайғасайық

(Есік қағылып қонақ келеді)

-Балалар,қараңдаршы бізге қонақ келді.

Ертегі емес,қазіргі заманда бір отбасында Қалау және Қажет деген бала бар екен

Қажет деген бала дүкеннен денсаулыққа пайдалы заттар алады екен,ал Қалау болса көзіне түскен барлық жылтырақ заттарды,денсаулығына зиян заттарды алады екен

Тәрбиеші:

Қазір мен сендерге Қажет пен Қалаудың дүкеннен алған заттарын таратып беремін. Ал сендер  зат қалай аталады,оның пайдасы немесе зияны туралы айтасыңдар. Және корзинкасына салуға көмектесесіңдер
–  Өте жақсы балалар біз келген қонақтарымызға көмектестік. Енді өзімізде дүкенге саяхатқа барайық

Тәрбиеші:
– Иә, бірақ бұл жай дүкен емес — математикалық дүкен! Мұнда затты тек ақылмен, есеп шығарып қана аламыз

II. Сергіту сәті

Кеглиді оңға солға бұру арқылы жаттығулар жасау

III. Негізгі бөлім

Ал,балалар біз бойымызды сергітіп алдық.Енді біз дүкенге саяхатқа барамыз.

  -Ал дүкенге бару үшін бізге не қажет?

  -Әрине ақша қажет

  -Ал,біз ақшаны қайдан аламыз?

  -Жұмыс істейміз

Кім қандай мамандықты таңдайды

Сұрақ-жауап;

Балалардан мамандық туралы сұрау

-Әрбір адамның істеген жұмысына қарай еңбекақы төленеді

Сол еңбек ақыға төленген ақшаны әркім өзінің отбасына,өзіне керегіне пайдаланады.

Ал ол ақша осындай карточкаға түседі. Карточкамен барып банкоматтан  ақшаны шешіп аламыз(балаларға карточка таратылады )

Ақшамен таныстыру  Ақшаның қағаз және тиын түрін көрсету

 1-Ойын «Қанша сан болса,сонша зат ал» Балалар обручтың іщіндегі шарларды жинайды

 1-тапсырма:

Топтағы балаларға корзина мен әмиянды беру Берілген суреттерді тауып бетіндегі ақшасын әмиянға салу. Дүкеншіге барып есептету

-Дүкеншімен амандасу

-Әмияндағы ақшаны дүкеншіге беру

-Рақмет айту

-Қоштасу

Бір ойыншықты сатып алу «Домино»

Бағасын сұрау санның құрамын айту

2-тапсырма

«Кім жылдам»

Стақанды 1-5 ретімен қою

Топтағы балаларға корзина мен әмиянды беру Берілген суреттерді тауып бетіндегі ақшасын әмиянға салу. Дүкеншіге барып есептету

Бір ойыншық сатып алу «Пазлы»

Бағасын сұрау санның құрамын айту

Санамақ айту

1-дегенім бесік

Шықтық содан өсіп

2- деген елім

Далам тауым көгім

3- дегенім-үміт

Үміт артар жігіт

4-дегенім-төзім

 Төзе білем өзім

5- дегенім-бақыт

Бағалайтын уақыт

6- деген-ақыл

Тыңдағаның мақұл

7- деген-жалау

Жүректегі алау

8- деген-сөзің

Серт беретін кезің

9- деген-торқау

Елдің жоғын жоқтау

10-дегенім –Отан

Қорға соны,ботам

3- тапсырма Топтағы балаларға корзина мен әмиянды беру Берілген суреттерді тауып бетіндегі ақшасын әмиянға салу. Дүкеншіге барып есептету

Бір ойыншық сатып алу «»Большая стирка»

Бағасын сұрау санның құрамын айту

Кеңістікті бағдарлауға арналған жұмыс

А4 таратылады,қарындашпен бояу

IV. Қорытынды

– Балалар, бүгін біз не үйрендік?
– Дүкенде не істедік?
– Қалай есептеп сатып алдық?

Күтілетін нәтиже:

  • Санай біледі.
  • Бағаны салыстыра алады.
  • Қосып-азайту амалдарын қолданады.
  • Рөлдік ойында сыпайы сөйлей алады.

Мадақтау:
«
Тапқыр сатып алушы», «Математик бала» жапсырмалары беру

 

 

 

 

Просмотров: 30


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст