ТҮСІНІК ХАТ
Бүгінгі күні мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарын (заңды өкілдерін) педагогикалық сүйемелдеу бойынша жұмысты жандандыру қажеттігі туындап отыр. Ол ата-аналарды (заңды өкілдерді) мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға кеңінен тартуды қамтиды.
МДҰ жанында Үлгілік қағидаларға сәйкес ата – аналардың (заңды өкілдердің) қажеттілігін ескере отырып, басшының бұйрығы негізінде ата- аналарға арналған консультациялық пункттер (бұдан әрі - АКП) құрылады.
Балаларды үйде сапалы тәрбиелеу мен дамыту мәселелерінде ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету үшін мектепке дейінгі ұйымдар жанынан консультациялық пункттер ұйымдастыру қажет.
Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, отбасылық тәрбиеге қойылатын талаптардың артуы мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту ісінде ата-аналармен (заңды өкілдермен) бірлесе жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін қажет етеді. Білім беру жүйесіндегі басты бағыттардың бірі – ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету, олардың тәрбие процесіне белсенді араласуын қамтамасыз ету.
Осыған орай, мектепке дейінгі ұйымдар жанынан ата-аналарға арналған консультациялық пункттерді (АКП) ұйымдастыру — мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамыту, отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ «Тәрбие бесігі» жобасын тиімді жүзеге асыру үшін маңызды құрал болып табылады.
Мақсаты: Ата-аналарды (заңды өкілдерді) мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту үдерісіне белсенді қатыстыру арқылы педагогикалық сауаттылығын арттыру және отбасындағы тәрбиенің сапасын жақсарту.
Міндеттері:
1. Ата-аналарға (заңды өкілдерге) мектепке дейінгі білім беру, тәрбиелеу, дамыту мәселелері бойынша әдістемелік және психологиялық көмек көрсету.
2. Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру және отбасының тәрбиелік әлеуетін нығайту.
3. Баланың жеке ерекшеліктеріне сәйкес дамуына бағытталған кеңес беру қызметін ұйымдастыру.
4. «Тәрбие бесігі» жобасы аясында ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие беру модельдерін насихаттау.
5. Мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасындағы өзара сенімді, ашық қарым-қатынасты қалыптастыру.