І.МДҰ-ның анықтамасы
«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білімбөлімінің жанындағы Қабанбай батыр ауылының «Балауса»бөбекжайы МҚКК Қабанбай батыр ауылы, Жеңіс 1 құрылыс мекенжайында орналасқан.
Жобаның қуаттылығы – 320 орын.
ІІ.Материалдық-техникалық базасы
Бөбекжайдың материалдық-техникалық базасы педагогикалық талаптарына, қазіргі білім беру деңгейіне, санитарлық нормаларға сәйкес.
Балабақша орталық жылу және су жүйелеріне қосылған. Аймақ жөнделген және қоршалған, әрбір топтың жабдықталған өз алаңдары бар.
Балабақша жұмсақ және қатты құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Топтар жиһазбен, ойыншықтармен, оқу- әдістемелік құралдарымен жабдықталған.
Медициналық кабинет, кір жуатын, ас бөлмелері қажетті құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген.
Күнтізбелік жылда жаңа жабдықтар алынды: кір жуатын машина, қозғалмалы кварцтар, моноблоктар, ноутбук, шаңсорғыштар.
Барлық топтарда1.Физикалық қасиеттерді дамыту.
Физикалық дамыту физикалық дені сау баланы тәрбиелеуді, өз денсаулығына саналы түрде қарауды, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыруды қарастырады. Дене шынықтыру ата-аналардың балаларға ерте жастан күтім жасауы мен оларды дамыту дағдыларына ие болуына жәрдемдесу, тәрбиеленушілердің негізгі қимыл түрлерін меңгеруі арқылы мәдени-гигиеналық дағдылар, қимыл-қозғалыс тәжірибесін қалыптастыру, дене сапаларын және қимыл белсенділігіне қажеттілікті дамыту, әртүрлі ойындарды, оның ішінде ұлттық, қимылды ойындарды, командамен жарыс сипатындағы ойындарды өткізу, спорттық жаттығуларды орындау, спорттық ойындардың элементтерімен таныстыру, шығармашылық қабілеттер мен командамен бірге әрекет ету дағдыларын дамыту бойынша міндеттерді қамтиды.
2. Коммуникативтік дағдыларды дамыту.
Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ауызекі сөйлеуді, сөздік қорды қалыптастыруды, өмірде әртүрлі жағдайлардағы қарым-қатынас дағдыларын меңгертуді, қолдың ұсақ моторикасын және командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуды қарастырады. Коммуникативтік дағдыларды дамыту тәрбиеленушілердің түрлі ісәрекетінде Қазақстан халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен, балалар көркем әдебиетімен таныстыру арқылы ауызекі байланыстырып сөйлеу, шығарманы бірге оқу мен айтып беру, талдау, сөйлеудің дыбыстық мәдениетін қалыптастыру, белсенді сөздік қорын байыту, тілдік нормаларды, қарым-қатынас мәдениетін меңгерту міндеттерін шешеді.
3. Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту.
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту тәрбиеленушілердің қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгертуді қарастырады. Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту сенсорлық эталондар туралы түсініктерді, қарапайым математикалық ұғымдарды; құрастыру іс-әрекеті тәсілдерін меңгеру; креативті және сыни ойлауды дамыту; азаматтық және патриотизмге баулу, ұлттық мәдениетті құрметтеуді қарастырады.
4. Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту. Тәрбиеленушілердің шығармашылық дағдыларын, ғылыми-зерттеу ісәрекетін дамыту өнер туындыларын қабылдау мен түсіну дағдыларын қалыптастыру, қоршаған әлемді эмоционалды тану, өнер түрлері туралы түсінігін, тәрбиеленушілердің өзіндік шығармашылық іс-әрекеті үшін жағдай жасау бойынша міндеттерді қамтиды. Шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту үшін шығармашылық қиялын, эмоционалды-сезімдік саласын, дүниетанымын, ойлауын, көркем-эстетикалық талғамды дамыту, тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ұлттық мәдениетке баулу арқылы патриотизмді тәрбиелеу үшін жағдайлар жасалады.
5. Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру.
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастырудың мақсаты тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше балаларды оң әлеуметтендіру, оларды әлеуметтік-мәдени нормаларға, қоғам және мемлекет, отбасы дәстүрлеріне тарту, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру болып табылады. Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру қоғамның әлеуметтік және этикалық нормалары мен дәстүрлеріне, жалпы адами құндылықтарға баулу;өмірдегі жағдайларды шешу, айналадағы адамдарға құрметпен қарау, өз отбасының мүшесі екенін сезіну, эмоционалды елгезектікті, жанашырлықты қалыптастыру; тәрбиеленушінің адамгершілік қасиеттерін көрсетуге қабілеттілігі мен дайындығын дамыту бойынша міндеттерді қамтиды, моральдық нормалардың талаптарына жауап беретін іс-әрекеттерге; Отанның тарихы мен мәдениетін білу және оған құрметпен қарауды қалыптастыру, туған жер туралы түсініктерін кеңейту; еңбек түрлеріне және әртүрлі мамандық иелеріне құрметпен қарауды қалыптастыру, заттар, жанды және жансыз табиғат құбылыстары жөнінде білімдерді кеңейту, креативтік ойлауды дамыту бойынша міндеттерді қамтиды. Мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілердің отбасында және мектепке дейінгі ұйымдарда өз бетінше оқу дағдылары мен әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру өмірді қорғауға және денсаулықты нығайтуға, әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-коммуникативтік біліктері мен дағдыларын: мәдени-гигиеналық біліктері мен дағдыларын, мінез-құлық қағидаларын дамытуға, оларды күн тәртібі мен режиміне тартуға, когнитивтік функцияларды дамытуға, отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдарда мейірімділік, көңіл бөлу, қамқорлық және өзара көмек атмосферасын құруға, балалар іс-әрекетінің әртүрлі түрлерінде тәрбие дәстүрлерінің сабақтастығын қамтамасыз етуге, туған өлкеге, өз еліне, тарихына сүйіспеншілігін тәрбиелеуге бағытталған. Осы идеяларды, жүзеге асыру мақсатында балабақшада мемлекеттік рәміздер стенді, киіз үй түрінде орындалған «Ұлы даланың жеті қыры» стенді, этнопедагогика кабинеті бар.
Дамытушы орта эстетикалық, санитарлық-гигиеналық, психология-педагогикалық, материалдық –техникалық комплекстеріне сәйкес.Топтарда балалардың өмірін қамтамасыз етуге жағдай жасалған: қимылды ойындарға атрибуттар, спорттық құралдар, дамытушы ойындар, қуыршақ театры менсюжеттік-рөлдік ойындардың құрал-жабдықтары бар. Әрбір топта балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес пәндік –дамытушы ортасы құрылған.
р/с |
Тәрбие – білім процесін ұйымдастыруға арналған бөлме жайы |
Кабинетті жабдықтандыру |
1 |
Музыка залы |
толық |
2 |
Психолог бөлмесі |
толық |
3 |
Қазақ тілі бөлмесі |
толық |
4 |
Денешынықтыру залы |
толық |
5 |
Логопед бөлмесі |
толық |
6 |
Кітапхана бөлмесі |
толық |
7 |
Зертхана бөлмесі |
толық |
8 |
қысқы бақ |
толық |
9 |
этнопедагогика кабинеті |
толық |
10 |
хореография кабинеті |
толық |
2024-2025 оқу жылында «Балауса» бөбекжайы «Тілге бойлау»пилоттық жобасы аясында жұмыс жасады.
Ақмола облысы «Тілге бойлау»
бағдарламасын енгізу бойынша
пилотты өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыз №249 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 13-тармағын орындау мақсатында және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 15 тамыздағы №211 бұйрығынын негізінде «Балауса» бөбекжайы осы жобаға қатысты.
Жобаның мақсаты:
Жобада өзге ұлт өкілі балаларының қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру. Балалардың қазақ тіліндегі сөйлеу дағдыларын дамыту, сөздік қорын кеңейту, тілдік ортаға ену арқылы ана тіліне деген қызығушылығын арттыру.
Жоба бойынша екі топ ересек «Смешарики» МАД «Почемучки»топтары қатысты.
https://www.instagram.com/reel/DF-QVetNJQ9/?igsh=MTIxcnEweHV0eGR6dA==
Балалардың тілді меңгеруі бойынша ай сайын мониторинг жүргізіліп тұрды.
Мамыр айында Родина аулында Республикалық семинар өтті.Аталған семинарға музыка маманы Рамазанова Д.Б «Әнмен бірге қазақ тілін үйренеміз» тақырыбында мен Мукашова Я.О «Әжеге қонақта» тақырыбымен қатысып ұйымдастырылған іс-әрекет көрсетті.
https://www.instagram.com/p/DDPcnQgtGOx/?igsh=MWN1ZnJxczlzOWdwYg==
Биылғы оқу жылында балабақша өз алдына бірқатар міндеттерді қойды:
- Ұйымдастырылған іс-әрекетте және күнделікті өмірде ойын әрекеті арқылы баланың өзін тануға деген қызығушылығын арттыра отырып, өзін-өзі жетілдіруі мен физикалық, психиқалық, рухани, әлеуметтік, шығармашылық өсуі тұрғысынан үйлесімділікке қол жеткізу, қабілеттерін ашу, адамгершілік қарым-қатынасқа тәрбиелеу;
-ата-ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру;
-мектепке дейінгі білім беру мекемесі тәрбиешісінің кәсіби құзіреттілігін дамыту.
ІІІ. Педагогтар туралы мәлімет
2024 -2025 оқу жылында сапалы құрам 30 педагогті құрады, оның - жоғары педагогикалық білімі бар-17 адам, оның ішінде мектепке дейінгі жоғары білімі бар – 9 адам; орта арнайы педагогикалық білімі бар – 13адам, оның ішінде орта арнайы мектепке дейінгі білімі бар – 11 адам.
Балабақшада педагог кадрларды аттестаттау жоспары жасалған. Педагогтердің жеке істеріне санаттар беру бойынша бұйрықтар мен куәліктердің көшірмелері салынған.
2024 -2025 оқу жылына біліктілік санаты бар педагогикалық кадрлардың үлесі:
Басшы ұйымдастырушы-1, педагог сарапшы-1, педагог модератор-12, санатсыз-15, екінші санат -1
Педагогикалық ұжымның құрамында келесі еңбек өтілі бар:
5 жылға дейін |
5 жылдан 10 жылға дейін |
10 жылдан 15 жылға дейін |
15 жылдан 20 жылға дейін |
20 жылдан 25 жылға дейін |
25 жылдан астам |
10 |
9 |
3 |
2 |
3 |
Тәрбиешілер өздерінің кәсіби - шеберліктерін өздігінше білім алу, біліктілік жетілдіру курстары, семинарлар мен дөңгелек үстел жұмыстарына қатысу арқылы жетілдіреді.
Жас мамандармен көптеген әдістемелік жұмыс жүргізілді. Тәрбиешілер әрқашан өз білімдерін жетілдіріп, біліктілік көтеру курстарынан өтіп, аттестациядан өтуге ұмтылады. Өздерінің кәсіптік деңгейлерін тәжірибе алмасып, жаңа технологияларды, әдістемелік әдебиеттерді пайдаланып, бір-бірімен ақылдаса көтеріп отырады. 2024-2025 оқу жылында 8 педагог біліктілік арттыру курстарынан өтті.
Педагогикалық кадрларды дұрыс орналастыру білім деңгейі мен еңбек өтілі бойынша қарастырылады. Педагогикалық кадрлардың сұрақтары педагогикалық кеңес пен өндірістік жиналыстарда қаралды.
Педагогтардың кәсіби құзіреттілік деңгейін көтеру мақсатында, педагогикалық ұжымның жұмысына ізденіс, жаңа мазмұн енгізе отырып, оқу-тәрбие үрдісін іске асыру көзделген болатын сол мақсатта педагогтармен көптеген жұмыстар жүргізілді.
IV.Топтарды қалыптастыру.
Оқыту және тәрбиелеу тілі аралас: қазақ, орыс. «Балауса» бөбекжайында 12 топ жұмыс жасайды. Жалпы бала саны-298. Топтардың жалпы санынан -мемлекеттік тілде оқытатын 8топ, оның ішінде 198 бала, орыс тілде оқытатын 4 топ, оның ішінде 100 бала бар.
Мектепалды дайындық топ саны -3, соның ішінде -2 мемлекеттік тілде оқытатын топтар. Мектепалды дайындықпен 71 бала қамтылды.
Балабақша балалардың жас ерекшеліктеріне сай жабдықталған. Балабақшада музыка залы, қазақ тілі кабинеті, кітапхана кабинеті, логопед кабинеті, дене шынықтыру залы бар. Балабақшада қажетті дидактикалық материалдар,әдістемелік оқулықтар, үстел үсті баспа ойындары, интерактивті тақта бар.
V.Қатысымы, ауру-сырқауы
Балалармен денсаулық сақтау және нығайту шаралары жылдық жоспар бойынша уақытында ұйымдастырылып және өткізіліп отырады. Жүргізілетін денсаулық сақтау жұмыстарын медбике мен әдіскер бақылайды. Осы жүйелі сауықтыру шараларының нәтижесінде балалардың ауырған күндері азайды, қатысымдары жақсарды, жие ауыратын балалар саны азайды.
VI.Мектеппен байланыс:
Баланы оқыту барысында, баланың ой танымын қалыптастырып, жеке тұлға ретінде дамуына педагог тұрғысынан қолдау көрсету аса қажет. Балалардың балабақшадан, мектепке өтуі тәрбиеші мен мұғалімнің бірлескен жұмысы болып табылады. Біздің балабақша Ақмол а. жалпы білім беретін мектебімен бірлесіп жұмыс жасап келеді. Осы уақыт аралығында мектеп ұжымымен іскерлік, әріптестік қарым-қатынас орнады.
Оқу жылының басында Қабанбай батыр ауылының мектеп лицейімен бірлескен жұмыс жоспары құрылды. Психолог даярлық топтарының балаларымен олардың ақыл-ой дамуының, психологиялық дайындығын анықтау мақсатында түрлі тренингтер мен жаттығулар өткізді.
Мамыр айының 26 күні балабақша түлектері Қабанбай батыр ауылының мектеп-лицейіне саяхаттап барды.
Кезекті саяхат бүлдіршіндердің мектепке деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілді. Мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастық жоспарына сай өткізілген саяхат барысында балалар мектептің тыныс-тіршілігімен танысып, мектеп ішіндегі кітапханаға, бастауыш сыныбына, рәсім залына, дене шынықтыру залына, асханаға да барды. Содан соң олар түрлі түсті танымдық кітаптарды оқып, дене шынықтыру залында ойын ойнап, тақтаға өз есімдерін жазды. Балдырғандар тәрбиешілердің әр тапсырмасын бұлжытпай орындап, тапқырлығымен көзге түсті. Біз осындай өнегелі ортада балаларымыздың жақсы тәрбие алып жатқанына қуанамыз.Балалар мектептен оралған соң әсерлерімен бөлісіп «Менің мектебім» тақырбында суреттер салды.
"Балапан" мектепалды даярлық тобы
https://www.instagram.com/share/reel/BAM0LFJq9s
https://www.instagram.com/p/DKHzbyBt94E/?igsh=MWh2aDJ5NmJhMXpkNw==
https://www.instagram.com/p/DKH2wUJtS-9/?igsh=azc1ejI4NjV2d2x1
«Оқу жылының қорытындысы» атты ата-аналар жиналысына бастауыш мұғалімдері қатысып мектепке алғашқы баратын кезде керекті құжаттар, мектептегі бағдарлама, тәртіп туралы т.б. туындаған сұрақтарға жауап береді. Мектепке көшу кезінде сабақтастықты және табысты бейімделуді қамтамасыз ету мақсатында «Білімім Отаныма»атты мектепалды даярлық топ балаларының балабақшамен қоштасу мерекелік іс-шараға бастауыш сынып мұғалімдерін келіп тамашалады.
VII.«Тіл туралы» Заңның орындалуы
Балабақшада «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» заңын тарату бойынша жұмыстарға үлкен көңіл бөлінеді. Балабақшадағы барлық құжаттар екі тілде жүргізіледі. Орыс тілінде оқитын топтардың ата-аналар бұрыштары, жылжымалы папкалары,бірінші беттері, құжаттары екі тілде жүргізіледі. Орыс тілінде оқытатын топтарда қазақ тілі пәнін Абдрахманова А.Р мен Аубакирова М.Ж жүргізеді: білімі-жоғары, мамандығы: «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі». Тілдер күніне қазақ тілі мұғалімі балабақшамызда тілдер мерекесіне орай ересек, мектепалды даярлық топтарында «Жасай бер,ана тілім-қазақ тілі!» атты мәнерлеп оқыту сайысы өтті. Мақсаты: мемлекеттік тілді дәріптеу,оның мәртебесін көтеру, басқа ұлт өкілдерінің қазақ тілге деген қызығушылығын ояту. 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарын жүзеге асыру нәтижесінде ортаңғы,ересек топтарында түрлі ұлттық ойындар ойналды. Мақсаты: қазақтың ұлттық ойындары асық ойнау,тақия тастамақ ,арқан тартыс ойындары балаларға қазақтың салт-дәстүрін, әдет – ғұрпын, туған елге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»-деп Қадыр Мырзалиев атамыз айтқандай біздің балабақшамыздың бүлдіршіндері өзге тілде тақпақтар жаттап, өнерлерін көрсетті.“Бала тілі-бал” атты тақырыбында сұхбат алынды. Балаларға сұрақтар қою арқылы логикалық ойлауын дамытумен қатар, еркін сөйлеуге дағдыландырдық. Мектепалды даярлық топтар арасында "Ұшқыр ой мен шешен тіл" атты интеллектуалдық ойын өткізілді. “Тіл-ұлттың тірегі” атты барлық топтар арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Балабақшадағы өзге ұлт өкілдерінің тілдерін дамытып, өзара қазақша сөйлеу білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүйелі түрде жұмыс жүргізіледі.
Күн сайын Әнұранмен бастап, балалар Қазақстан Республикасы жайлы әртүрлі суреттер, қазақтың салт-дәстүрлері, ұлттық ойындарын ойнау арқылы көптеген мәліметтерді ала біледі. Атап өтсек: «Кілемді әсемде», «Киіз үй» лэпбугі, үстел үсті: «Оюларды сәкестендір», «Көлеңкесін тап», «Түстерді сәкестендір», «Оюлар пазлы»ойнады.
VIII.Денсаулықты нығайту шараларын талдау
Балалардың денсаулығын нығайту мақсатында балабақшада барлық жағдайлар жасалған, топтағы дене шынықтыру бұрыштары спорттық құралдармен, дәстүрлі емес құрал-жабдықтармен толықтырылған, уақытында сауықтыру және шынықтыру іс-шаралары жүргізіліп, санитарлы-гигиеналық тәртіп сақталады.
Ұжымдағы басты мақсат- балалардың денсаулықтарын нығайту, қауіпсіздігін қалыптастыру. Осы мақсатта балабақшамызда, медициналық бөлме, сауықтыру кабинеті, изолятор бар.
Таңертеңгі жаттығу, дене шынықтыру ұйымдастырылған іс-әрекеті, серуендер, сауықтыру шаралары, мезгілімен қажетті уақытында өткізіліп тұрады.
Барлық жұмыстар үш бағытта жүргізіледі: ата-аналармен, балалармен және педагогтармен. Топтарда ата-аналарға кеңестер беріліп, бұрыштарға альбомдар, жылжымалы папкалар қойылды. Салауатты өмір сүруге бейімдеу мақсатында: «Мойдодыр бізде қонақта» «Денсаулық мол байлық» «Спорт-денсаулық кепілі» Жол –транспорт жарақатының алдын-алу, « Спорттық бақ», «Менің көңілді добым!», «Қыс қызығы», «Көңілді эстафета», «Көңілді старттар» атты спорттық шара т.б. көптеген салауатты өмір салтын насихаттауға байланысты түрлі шаралар өткізілді.
«Денсаулық әліппесі» лэпбук сайысы, «Толағай» спорттық мерекесі топ балалары мен ата-аналар арасында ұйымдастырылды.
Қазақтың ұлттық ойындары дене тәрбие нұсқаушылары және тәрбиешілер балаларды қазақтың ұлттық ойындарымен таныстыра отырып «Ат жарыс», «Теңге алу», «Арқан тартыс», «Ханталапай – асық ату», «Тақия», «Қол күрес» қимылды ойындарын ұйымдастырды. Балаларға ұлттық ойындар қатты ұнады және де оларды қызыға ойнады. Бұл ойындар арқылы балалар батырлыққа, ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиеленді.
IX.Ата-аналармен жұмыс:
Балабақшада толыққанды тәрбие беру үшін ата-анамен ұжымның бірлескен қарым-қатынасы аса маңызды сол себепті педагогтар ата-аналармен бірлесе отырып жұмыс жасауды алдын ала жоспарлайды.
Ата-ананың сеніміне кіріп, тығыз қарым-қатынаста болып жағдайларын қарастырып жыл бойы бірлескен жұмыс түрлерін ұйымдастырады Тығыз қарым-қатынастың нәтижесі ретінде ата-аналар ертеңгіліктерге, шараларға, байқауларға, отбасылық түс қағаздар шығаруға, әртүрлі бағыттағы ұйымдастырылған көрмелерге, белсене араласып өздерінің барлық мүмкіндіктерін көрсетіп, ойларын ортаға салып отырды. Балабақшада педагог-психолог Жунусова М.З жыл бойы ата-аналармен белсенді жұмыс жүргізді. Жаңадан қабылданған балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне): "Баланы балабақшаға бейімдеу", "Балабақшаға алғаш рет бейімдеу", "Баламен алғаш рет балабақшаға бара бастаған кезде ата-анамен өзін қалай ұстау керек", сондай-ақ жеке әңгімелесулер өткізілді: "Балаға балабақшаға тез үйренуге қалай көмектесуге болады", "Балаларға арналған білім беру ойындары мен ойыншықтар", "Кішкентай баланың проблемалары" тәрбиешілер мен ата-аналардың өтініштері бойынша. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде болу үшін оң көзқарас деңгейін арттыру, бейімделу процесін жеңілдету бойынша ұсыныстар берілді.
Осылайша, бірлескен, үйлестірілген күш-жігердің арқасында балалардың топтарға бейімделуі сәтті өтті.
Жылдық жоспарға сәйкес «Тілдер әлеміне» кітап көрмесі, «Тіл -ұлттың тірегі» сурет көрмесі,«Күздің әсем бояуы» сурет және табиғи материалдардан көрме ұйымдастырылды. «Жайнай бер, Қазақстаным!» сурет, «Қош келдің, Жаңа жыл!» ,«Қызықты қыс мезгілі!» «Ғажайып қыс» атты қардан жасалған құрылыс байқауы, «Анама сыйлық!» «Көне қолөнерінің жаңаруы» тақырыбында бала-ата-ана жұмыстарының көрмесі. Наурыз оюлары сурет және табиғи материалдардан көрме. «Күлкі бәріңе жарық сыйлайды», «Бір шаңырақ астында», «Әрқашан күн сөнбесін!», «Қош бол, балабақша!» атты сурет және фотосурет көрмелер ұйымдастырылды.
«Қызықты қыс мезгілі» атты қардан жасалған мүсіндер байқауын бүлдіршіндердің қимыл-қозғалыс және шығармашылық белсенділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Қыс - балалар үшін өте қызық, балалар бұл жыл мезгілін асыға тосады. Біздің балалар үшінде қар қалашығында қардан әртүрлі мүсін жасау дәстүрге айналып келеді. Бұл шараның басты мақсаты - балалардың қиялы арқылы еңбек сүйгіштікке, ұжым болып еңбек етуге, адал достыққа тәрбиелейді. Шығармашылық ой өрісін, қиялын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында орындалды. Қардан, мұздан жасалған әртүрлі мүсіндер айналаны әдемі қиялға, ғажайып бір ертегі әлеміне көз шалғандай әсер етті.
https://www.instagram.com/reel/DFlJqYdtk4v/?igsh=MTZ3NjBpMnBtOHIyZA==
https://www.instagram.com/reel/DFat1LENYkK/?igsh=eTNsY3hpcTF0ZHE5
https://www.instagram.com/reel/DFauFnyN2Rc/?igsh=MWhwbGttb2t0YjNmNg==
Балалармен жасалған жұмыс барысын талдау:
Тәрбиешілер:
-топ бөлмесінде дербес ойын кезінде балалармен еркін диалог құру және оны қолдау, балаларды көбірек сөйлеуге, бір-бірімен сөйлесуге, оның ішінде даулы жағдайларды шешуге үйретті,
-топты табиғат пен ғылыммен, сондай-ақ балалардың математикалық әрекетімен байланысты материалдармен толықтырып, онымен жұмыстар жүргізді,
-сюжетті-рөлдік ойындарды балалардың өзбетінше ұйымдастырып ойнауына мүмкіндік беруге жағдайлар жасап, балаларға жастарына сәйкес тыңдауға, сахналауға мүмкіндік берді,
-тәрбиелік мәні бар әдеби шығармаларды ұсынып, балалар әдебиетіне, театр әлеміне қызығушылықты дамытуға, кейіпкерлердің рөлін сомдауға мүмкіндіктер берді,
-топта кітап бұрышын ұйымдастыру арқылы балалардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, өздігінен кітаптардағы суреттерді қарастыруға, суреттер бойынша сұрақтар қоюға, әңгіме құрастыруға баулыды,
- балаларды көбірек сөйлеуге, бір-бірімен сөйлесуге, балалардың өз ойын өздігінен іске асыру үшін кеңістікті жабдықтарын толықтырып мәселелерді шешу бойынша бағыт берілді.
Дене шынықтыру нұсқаушылары Жайнакбаева Г.А мен Нұрымбетова А.Т және топ тәрбиешілерінң қатысуымен 2 педагогикалық кеңес «Балабақшада салауатты өмір салтын қалыптастыру»атты кеңес ата-аналардың қатысуымен өтті.
https://www.instagram.com/reel/DC_gjdetnQ-/?igsh=OGk3Y2xyaTBoNml1
https://www.instagram.com/reel/DC_ken5tI0a/?igsh=MXBndnpuOHZ3dzR6eA==
“Бестемше” - зияткерлік ойыны” тақырыбында шебер-сынып өткізді. Ұлттық спорт түрі - Бестемше ойыны арқылы балалардың зияткерлік қабілетін дамыту, тарихқа құрметпен қарауға, адамгершілік пен салауатты өмір салтының негіздерін берік қалыптастырған азаматты тәрбиелеу - бүгінгі салауатты қоғамның басты ұстанатын қағидасының бірі болуы керек деген ой түйгендігі шебер-сынып барысында қатысушылардың жүздерінен байқалды. Көптеген елдер бестемшені бала тәрбиесінің математикалық қабілетін арттырудың озық үлгісі ретінде дамытуда. Бестемше ойынында ұсақ шарларды ұстау кезінде қол қозғалысы арқылы ми және жүйке талшықтарына әсер етеді. Бестемше ойынын қолдану - тәрбиеленушілердің ақыл-ой белсенділігінің дамуы, бәсекеге қабілеттілікке бейімделуі, имидждің қалыптасуы, ата-аналармен серіктестік қарым-қатынасқа қол жеткізу арқылы жүзеге асады. Тәрбие ісін жандандыру мәселелерінің оң шешімін табуға мол мүмкіндік беретіндігіне тәжірибе барысында көз жеткізілді.
Ақпан айында «Ойын арқылы баланың ой-өрісін дамыту» тақырыбында аудандық семинары өтті.
Мақсаты: дербес, ізденімпаз және сыни тұрғыдан ойлайтын балаларды қалыптастыру мен әлеуметтендіруді көздейтін мектепке дейінгі мекеменің даму шешу жолдарын көрсету.
Семинарға аудандық мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту әдіскері, балабақша меңгерушілері, әдіскерлері, тәрбиешілері, педагогтары қатысты.
Алғы сөзбен шыққан балабақша меңгерушісі Смадьярова М.И қатысушыларды семинардың бағдарламасымен таныстырды. Барлықтарына сәттілік тіледі.
Негізгі бөлімде қатысушылар: Исатова А.Е мен Болыспаева Т.А «Түстер әлемі» тақырыбында, Бижуманова А.Т мен Шадет К. «Бабалар мұрасы -ұлттық қолөнер»тақырыбында, «Ұлттық құндылық-тәрбиенің түп қазығы» атты тақырыпта Тайшыкова Л.Қ пен Сабырова Ә.Е. «Тамшының жыл мезгілдеріне саяхаты» атты тақырыпта Серик Ж.М мен Бурушова А.Н , «Теремок»ертегісі желісінде Кириллина Н,А.«Ауылға саяхат»тақырбында шеберлік сағаты денешынықтыру нұсқаушысы Жайнакбаева Г.А, «Тілге бойлау» жобасы аясында қазақ тілі маманы Аубакирова М.Ж мен топ тәрбиешісі Искакова Ф.Н шебер сағат өткізді. Семинарға келген қонақтар кіріктірілген іс-әрекеттерді тамашалады, мұнда әртүрлі ойын алаңдарында жұмыс істей отырып, сюжетті-рөлді ойындары арқылы балалардың іс-әрекетін ұйымдастыру көрсетілді,соңында « Әли мен Айя ауылда »тақырыбымен концерттік іс-шара өткізді. «Білім айнасы »журналының бас редакторы Қатшабаев Қ.А семинарға арнайы шақырылып қатысты.
https://www.instagram.com/p/DGpt9neNi76/?igsh=MWYyeXNxdnl5MzNtcw==
https://www.instagram.com/p/DGpxSQAt9qQ/?igsh=Y3VsYzdocGFjdTFq
«Күзгі асар» атты ойын-сауық ертеңгілігі өтті.Тәрбиеленушілер мәнерлеп тақпақ оқыды,би биледі,ән салды ,көңілді ойындар ойнады. Балалар көптеген жағымды эмоциялар мен әсерлерге ие болды.
https://www.instagram.com/reel/DCWOpaptIU6/?igsh=cWhsNnI1ZzlybmFi
«Ана сен бақыттысың !» тақырыбында ертенгіліктер болып өтті. Балалар әжелеріне, аналарына арналған тақпақ жолдарын әндерін,билерін,
ойындарын жоғары денгейде тарту етті. https://www.instagram.com/p/DHF97YNtSj3/?igsh=Y2x3NXB1eHg5Y240
«Армысың, Әз-Наурыз!» атты мерекелік ертеңгіліктер болып өтті. Мерекеге қонақ ретінде Қыдыр ата, Әжелер және Алдар Көсе мен Қожанасыр да келді. Балалар көкпар, қыз қуу, қой көтеру, арқан тартыс, қол күрес, тақия тастамақ, ханталапай және т.б. ұлттық ойындарына қызығушылықпен қатысып, көңілдерін көтерді. Қонаққа келген әжелер балаларды қойылым арқылы «Бесікке салу», «Тұсаукесер», «Қырқынан шығару» қазақтың салт-дәстүрлерімен көрнекі түрде таныстырды. Мерекеге балалардан басқа ата-аналар да шақырылды, олар мерекені ұйымдастыруға ғана емес, іс-шараның өзіне де белсенді қатысты.
Наурызнама онкүндігінің аясында 16 наурыз күні Қазақстан мәдениет пен ұлттық салт-дәстүр күнін тойлайды. Бұл күн ежелгі әдет-ғұрыптарды құрметтеуге, олардың терең мағынасын түсінуге және оны заман талабына сай жаңғыртуға үндейді. Осылайша, салт-дәстүрлер өзінің мәні мен даналығын жоғалтпай, түрленіп, қайта тіріледі. Бұл күн – адамның өз өткеніне құрметпен қарау арқылы кемел болашаққа қадам басуға болатыны туралы ойланатын кез. Балабақшамыздың дана әжелері әр өткізген мерекелік ертеңгілікте "Бесікке бөлеу", "Тұсаукесер" және "Қырқынан шығару" салт-дәстүрлерін балаларға түсіндіріп көрсетті. Ұлттық спорт түрлері еліміздің брендіне айналған. Қазақ халқы ежелден барлық мерекеде жарыс ұйымдастырған. Балабақшамызда бәйге, көкпар, қой көтеру, асық ату, орамал алу, ханталапай және білек сайыс сияқты ұлттық спорттық ойындар ойната отырып, балалардың қызығушылығын оятуда. https://www.instagram.com/reel/DHaOmeCojUl/?igsh=MWduazltb3V3M3Rqdg==
https://www.instagram.com/reel/DHYXX3gIxbD/?igsh=MTUweTJ4NmhzbmlxNQ==
«1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне» орай мерекелік іс шара өз жалғасын тапты.
«Дос болайық бәріміз!» ортаңғы «Жасқанат», «Балдырған», «Карапузики» және ересек «Балбөбек», «Жасұлан», «Смешарики»,МАД «Бөбек », «Балапан», «Почемучки» топтары арасында «1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне» орай мерекелік іс-шара өтті. Мақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Балалар әр түрлі ұлттық костюмдерімен келіп мерекеде ән айтып, би билеп, ойындар ойнады.
https://www.instagram.com/reel/DHK2R2rtYPM/?igsh=NzM0a2Fpc3E5eWN2
https://www.instagram.com/reel/DHaOmeCojUl/?igsh=MWduazltb3V3M3Rqdg==
Ұлы жеңістің 80-жылдығына орай «Бейбіт күн жасасын» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мақсаты: Балаларға адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
«Отан қорғаушылар» және «Жеңіс» күніне орай «Біз бақытты баламыз» тақырыбында әкелер арасында спорттық сайыс,музыкалық сәлемдемелік сайыс әкелер арасында өткізілді.
Сайыстың мақсаты: Әкелер мен балалар арасында жағымды жағдай орнатып, бір–біріне деген сүйіспеншілік пен тығыз қарым–қатынас қалыптастыру.
Сайыс арқылы отбасы мен балабақша ынтамақтастығы арта түсті.
https://www.instagram.com/p/DJWsWKCNYsT/?igsh=MWl0aHg2NHh5ZWV0Yw==
https://www.instagram.com/reel/DJY7Edptwk3/?igsh=cG5lempqazU2bW1h
https://www.instagram.com/reel/DJUSJ2eNfbh/?igsh=MTh1ZGZja2lsMHV3bA==
«Дені сау ел сенен басталады!» челленджінің қатысушыларына жалынды сәлем! Біз «Балауса» бөбекжайы Талапкер аулының «Әсем-ай»бөбекжайынынан эстафетаны қабылдай отырып, күнделікті жұмысты таңертеңгі жаттығу жасаудан бастаймыз.
Челленджді Целиноград ауданының Жалғызқұдық ауылы «Болашақ» бөбекжайына жолдаймыз!
#салауаттықазақстан #денісауел
https://www.instagram.com/reel/DJWsvJotnp8/?igsh=dmZ3bGNkaTFuY3d4
«Баланың бас ұстазы—ата-ана» тақырыбында педагог-ассистент, тәрбиеші, психолог, логопед мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Біздің өміріміз мейірімді және тату болсын!» атты психология апталығы басталды. Мақсаты: балалар мен ересектер ұжымдарында қолайлы психологиялық ахуал құру; білім беру процесіне қатысушыларды психологиялық сүйемелдеудің өзектілігі мен маңыздылығын көрсету.
Педагог-психолог Жунусова М.З тәрбиешілер мен жас мамандармен жыл бойы жұмыс жасады.
https://www.instagram.com/p/DDPcnQgtGOx/?igsh=MWN1ZnJxczlzOWdwYg==
Логопед Досмағанбетова М.Е желтоқсан айында МАД «Почемучки »тобымен ашық ұйымдастырылған іс-әрекет өткізді. Топ тәрбиеленушілерімен логопед мұғалімі арасында кіріктірілген логопедиялық ойын іс-әрекеті ұйымдастырылды. Ұйымдастырылған іс-әрекет шаттық шеңберімен басталып, балаларға қыс мезгілі туралы сұрақтар қойылды. Дыбыстық жаттығулар, тілге арналған жаттығулар және де түрлі дидактикалық ойындар ойналды. Балалар ұйымдастырылған іс-әрекетке өте ұқыпты,әрі қызығушылықпен қатысты“Анамен логопедиялық ойындар” тақырыбында шебер сынып өткізді.Мақсаты: ата-аналарға дәстүрлі емес тәсілдермен үйде логопедиялық ойындарды ұйымдастыруға және өткізуге көмек көрсету.
https://www.instagram.com/p/DDPcnQgtGOx/?igsh=MWN1ZnJxczlzOWdwYg=
Дене шыңықтыру нұсқаушылары ересек топтарымен “Сөйлеуді дамытамыз-денені шынықтырамыз” атты іс-әрекет өткізді.
https://www.instagram.com/p/DDPcnQgtGOx/?igsh=MWN1ZnJxczlzOWdwYg==
«Мәңгілік ел жастары» қоғамдық қорының ұйымдастырумен мектепке дейінгі ұйымдар мен балабаұша тәрбиеленушілеріне арналған ұлттық ойындар -2024 Республикалық байқауына қатысты.
https://www.instagram.com/p/DDPcnQgtGOx/?igsh=MWN1ZnJxczlzOWdwYg==
Балабақшамыздың балалары мен педагогтері сырттай ұйымдастырылған көптеген байқауларға қатысты. МАД тобы «Балапан»Сейсен Аделя өзінің өнерін «Боялар құпиясы – Наурыз» сурет салу конкурсына қатысып, Гран При жүлдесімен марапатталды.
Сілтемесі: https://drive.google.com/file/d/1T4qwNFrfpHUTytaa0faKmsMyYhsTfjIj/view
Сілтемесі:https://drive.google.com/file/d/1e9yOa9TKlCQYnZNJnflR47xrWy1qqjeB/view?usp=drive_link
Әдістемелік ұсыным бойынша жыл бойы «Әжелер мектебі»,«Әкелер мектебі», «Аналар мектебі» жоспарға сай ұйымдастырылып тұрды.
https://www.instagram.com/reel/DFatRdeNWXP/?igsh=bjVrYjN3ZDl6czMy
https://www.instagram.com/reel/DFSNs2gNXiM/?igsh=MTdjdmx6dXV2a200MQ==
26.05.2025 Қорытынды педагогикалық кеңес өтті.
Педагогтер алғыс-хатпен марапатталды. «Қазақы тағамдар »көрмесі ұйымдастырылды.
Педагогикалық кеңес.
Тақырыбы:2024-2025 оқу жылының қорытындысы.
https://www.instagram.com/share/p/_1Ze-seet
Өткен оқу жылындағы жұмысты қорытындылай келе, ұжым алдына қойылған міндеттер оқу жылының басында негізінен орындалды деп айтуға болады, жоспарланған іс-шаралар өткізілді.