"Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша Білім беру бөлімінің жанындағы Қабанбай батыр ауылының "Балауса" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное  предприятие "Ясли-сад Балауса" села Кабанбай батыра при Отделе образования по Целиноградскому району Управления образования Акмолинской области

«Ғажайып математика әлемі»

16.04.2021

Мақсаты:
Білімділігі: Балалардың сан және санау, геометриялық пішіндер, кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлау бөлімі бойынша жыл бойына өткен білімдерін бекіту.
Дамытушылығы: Тақпақтарды, жұмбақтарды , жаттау арқылы балалардың тіл байлыған молайту. Алған білімдерін,логикалық және шығармашылық ойлау қабілетін одан әрі дамыту. Ізденімпаздыққа тәрбиелеу.


Тәрбиелігі: Ойындар арқылы математика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйрету, Ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Тақпақтарды, жұмбақтарды , жаттау арқылы балалардың тіл байлыған молайту. Алған білімдерін,логикалық және шығармашылық ойлау қабілетін одан әрі дамыту. Ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Әдіс тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, сергіту сәті, , математикалық жұмбақтар, тақпақтар.

Билингвальді  компонент:Сандар –цифры, геометриялық пішіндер-геометрические фигуры,шеңбер-круг, шаршы-квадрат, тіктөртбұрыш-прямоугольник, үшбұрыш-трехуголник, сопақша-овал.

Көрнекіліктері: , сандар,суретті , геометриялық пішіндер т.б

Дидактикалық ойын: «Өз орыныңды тап», «Сандардан сурет құрсатыр», геометриялық   пішіндер туралы дидактикалық ойындар. Карточкалар.

Логикалық ойын: «Кім ойлампаз?»

Шаттық шеңбері:

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып,

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой!

Ал кәнекей, бәріміз

«Сәлем»дейік үлкенге.

Сәлеметсіздер ме! Здраствуйте!.

Жарайсығдар , балалар бүгін күніміз жақсы болсын, орнымызға отырайық.

-Бүгін бізде математика негіздері туралы ашық ұйымдастырылған оқу қызыметі.

Осы  кезде есік қағылады.Балалар есік қағылған сияқты кім екен бұл?.

Ғажайып сәт: -Әуенмен топқа «Білім ханшайымы». кіріп келеді.

Сәлеметсіңдер ме балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!.Балалар мен сендерді«Ғажайып математика  әлеме» шақырғым келіп тұр ,  өзіммен бірге тапсырмалар ала келдім.

Балалар сендердің білімдерінді, ой ұшқырлықтарынды білгім келеді.  Жақсы орындаған балаларға сыйлығым бар..Сендерге сәттілік тілеймін!.

Тәрбиеші:-Балалар«Ғажайып математика  әлеміне барғыларың келе ме, білім ханшайыммен».

Балалар: Иә.

Тәрбиеші:-Ал қаңдай көліктермен барғыларың келеді?.

Балалар: -Пойызбен.

 Тәрбиеші:- Жарайды. Ендеше, пойызбен барайық. Ал кеттік.

 Балалар музыка әуенімен бәрі шеңбер бойымен жүріді

Қимылды ойын:«Пойыз» Тіл ұстарту жаттығу.
Қатар, қатар тұрайық

Кәне, кәне сұрайық

Кімнің болса бойы ұзын

Паравозы ол пойыздің

Пш-пш-пш-пш біз кеттік

Жүрісті біз үдеттік

Гу-гу, гу-гу гуілде

Қалып қойма біріңде.
Тәрбиеші: — Қане, балалар, тоқтайық. Пыш — ш — ш.

Балалар, біз міне «Ғажайып математика   әлеміне де келіп қалдық. Қане, пойыздан түсейік.

Тәрбиеші:«Білім ханшайымы» біздің балалар ақылды және сіздің бізге берген тапсырмаларыңызды орындайды.

 Тәрбиеші:Сіз жайғасып балалардың  білімдерін  тамашалап отырыңыз.

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Жұмбақ :

Табиғатты құлпыртып,

Әдемі көйлек кигізіп,

Құстарды да сайратып,

Аңдарды да ойнатып,

Түрлендіріп әлемді.

Жан бітірген бәріне.

Бұл қай кез?  (Көктем).

Сұрақ-жауаптар.

Көктемде қандай өзгерістер болады?.

Көктемгі еңбегі деген не?

«Білім ханшайымы» бізге берген тапсырмаларды  орындайды.

 

І-тапсырма:

1.Жылдың төрт мезгілін ата?

2.Қазір жылдың қай мезгілі?

3.Көктем айларын ата?

4.Бір аптада неше күн бар?

5.Қазір тәуліктің қай мезгілі?

 ІІ – тапсырма:

1ден- 10 ға дейін тура, кері сана.екі тілде санау.

2. Дидақтикалық ойын: «Сандардың көршісін тап».

 ІІІ – тапсырма:

1.Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер ?.

           2.«Жоғалған пішінді ата». ( карточкалар жұмыс).

          3.Дидактикалық ойын:  Бос орынға тиісті пішінді сал

ІV– тапсырма:

 Геометриялық пішіндер туралы  жұмбақтар:

Жұмбақ шешу.
1)Атына сай балалар,
Үш бұрыш, үш жағы бар.
Ол пішінді кім табар?

Балалар:-Үшбұрыш

Тәрбиеші:- Дұрыс айтасыңдар балалар, бұл үшбұрыш. Қане, үшбұрышты көрсетіңдерші және түсін айтамыз. Неге үшбұрыш деп атаймыз?
Балалар: Себебі оның үш бұрышы, үш қабырғасы бар.
Тәрбиеші:- — Дұрыс айтасыңдар, балалар келесі жұмбақты жасырайын.

 

 

2) Төрт бұрышы бар,

Төрт қабырғасы бар.
Бұл қай пішін?

Балалар: -Төртбұрыш
— Ия, дұрыс. Төрт бұрыш неге ұқсайды екен?
— Маған төртбұрышты көрсетіңдерші, түсі қандай?
3) Допқа өзі ұқсайтын,
Ерекше бір пішін бар.
Атын оның атаңдар?

-Шеңбер.

-Мына жерде қайсысы шеңбер? Түсі қандай?
— Өте жақсы.
— Шеңбер неге ұқсайды?

-Шеңбердің бұрышы бар ма?
— Өте жақсы, жарайсыңдар!

Сергіту сәті: «Геометриялық пішіндер».

Балаларға әр түрлі геометриялық пішіндерді таңдап алуұсынылады, балалар әуенге қосылып билейді де, әуен тоқтағанда қолдарындағы геометриялықпішін бойынша үшбұрыш,шаршы, шеңбер жасап тұрады.

 

V– тапсырма: «Пішіндер туралы тақпақтар».

-Ал балалар сендер осы пішіндер туралы тақпақтар білесіңдерме дейді.

-Білемізбе?

Балалар :

-Ия.

 

Малика:

Сыйластықтың досындай,

Тіктөртбұрыш осындай,

Кішілерін ертеді

Тең қабырғаға қосылмай.

Айнель:

-Төртбұрышпын, төртбұрышпын.
Төрт қабырғасы бар бұрышпын,
Қай жағынан қарасаңда,
Төрт қабырғам тең бұрышпын.

Ақнұр:
-Үшбұрышпын, үшбұрышпын,
Үш қабырғам бар бұрышпын,
Төртбұрыштан аз болсам да,
Орны бөлек үшбұрышпын.

Зере:

Домалақпын, домалақпын,
Дөңгелек боп домаладым.
Ай сияқты, күн сияқты
Шар сияқты домалақпын.

VІ– тапсырма:

«Геометриялық пішіндерді орналастыр». (карточкамен жұмыс).

VІІ– тапсырма:

Дәптермен жұмыс:

Берілген тапсырманы орындайды.

Саусақ жаттығу:

Шатырымыз ұшбұрыштан,

Қабырғасы төртбұрыштан,

Үй саламыз үлкендеу біз,

Күш салайық сіз бен біз.

VІІІ -тапсырма:

Дидактикалық ойын:» «Геометриялық пішіндерден жануарларды  құрастыр».

IV -тапсырма:

Логикалық ойын: «Кім ойлампаз?»

Шарты: Тәрбиеші доп лақтырып сұрақ қояды, балаларр тез жауап беріп допты қайта қайтарады.

1. Жол ұзын ба, қол ұзын ба? Жол ұзын.

2. Алма үлкенбе, түйме үлкенбе? Алма үлкен.

3. Сиырдың мүйізі нешеу?     2

4. Кімнің құлағы ұзын мысықтың ба әлде қоянның ба? қоянның

5. Бағдаршамда неше көз бар? 3

6. Бір қолда неше сауақ бар? 5

7. Адамда неше көз бар? 2

8. Алманы  неше бөлікке  бөлуге болады? 5

9. Аспанда неше күн бар? 1

10. Аспанда неше жұлдыз бар? Көп.

11. Көлікте неше доңғалақ бар? 4

12. Қоян жүйрік пе, таспақа жүйрікпе? Қоян

13. Төртбұрыштың неше бұрышы бар? Төрт

14. Үшбұрыштың неше бұрышы бар? Үш

15. Дөңгелектің неше бұрышы бар? Бұрышы жоқ.

16. Мысықтың неше аяғы бар? 4

Х-тапсырма:

«Үйлердің  терезесін геометриялық пішіндер арқылы табындар».

- Жарайсыңдар рахмет балалар.

-Міне «Білім ханшайымы».  біздің балалар тапсырмалардың бірін қалдырмай орындады.

«Білім ханшайымы»: Рахмет балалар өздерің алғыр екенсіңдер,мен сендердің тапсырмаларды орындайтындарыңа күмәнданған жоқпын. Берілген тапсырмаларды тез ақ орындап тастадыңдар.

-«Білім ханшайымы»-Жарайсындар, балалар, мына сыйлықты апайларына берейін сендерге таратып береді.

 «Білім ханшайымы».: Енді мен қайтайын, сау болыңдар.

Қарытындылау:

-Балалар бүгін қонаққа кім келді?

-«Білім ханшайымы».  не әкелді?

-Қандай тапсырмалар?

-Математика әлеміне саяхат ұнадыма?

-Рахмет.

-Балаларды мадақтау.

Просмотров: 239


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст