Білім беру саласы :Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі :Сурет салу
Мақсаты :Мамандық түрімен таныстыру ( тігінші ). Көйлек үлгісін әшекейлеуге үйрету .Мақталы таяқшалармен немесе мөр таңбаларымен сурет салу дағдыларын қалыптастырып , балалардың эстетикалық талғамын дамыту .
Көрнекілік : Көйлектің сұлбасы ,тігінші , мата , көйлек суреттері слайды , бояу,мақталы таяқша , картоп .
Қостілдік :Көйлек –платье
Әдіс- тәсілі: Көрсету , түсіндіру ,сұрақ –жауап .
Жылулық шеңбері
Қайырлы таң ұстазым!
Қайырлы таң достарым.
Шеңберге тұрайық
Жылулық сыйлайық
Доброе утра ,учитель!
Доброе утра, друзья!
Посмотрите друг на друга
Пожилайте всем добра.
Тәрбиеші :Топқа таныс қуыршақ Әзиманы әкеледі .Қуыршақ Әзима ренжіп тұрады .
Қуыршақ балалармен амандасады .
Қуыршақ :Әзима сәлеметсізбе Жазира апай, Сәлеметсіздерме, балалар! Әзима қуыршақ сен неге ренжіп тұрсын ?Менің ренжіп тұрған себебім .
Мені бүгін құрбым қуыршақ Айша туған күніне шақырды.
Ал менде мына үстімдегі көйлектен басқа көйлек жоқ .
Тәрбиеші :Әзима жылама біз балалармен бірге саған көмектесеміз . Көмектесемізғой балалар я .
Балалар : Я көмектесеміз .
Тәрбиеші :Көйлекті кім тігеді ?
Балалар :Тігінші .
Тәрбиеші :Көйлекті неден тігеді ?
Балалар :Матадан .
Тәрбиеші :Қандай көйлектер болады ?
Балалар : Әртүрлі көйлектер болады .
Тәрбиеші :Қанекей балалар Әзиманың көйлегін сәндеп әшекейлеп берейік .
Балаларға көйлекті сәндеу үлгісін көрсетем .
Балалар бүгін біз екі түсті пайдаланамыз қызыл -красный,сары- жёлтый,көйлек –платье ,нүкте –точка ,үшбұрыш –треугольник .
Алдымызда тұрған мақталы таяқшаны пайдаланып көйлекті сәндеп нүктелер түсіреміз , картоппен көйлек етегіне мөр басу арқылы таңба түсіреміз көйлегіміз сәнді әдемі көйлек болады .
Алдымен балалар қолымызды жаттықтырып алайық .
Күн шықты саусақтар оянайық ,
Ұйқыдан тұр бас бармақ
Ұйқыдан тұр балан үйрек
Ұйқыдан тұр ортан терек
Ұйқыдан тұр шылдыр шүмек
Ұйқыдан тұр кішкентай бөбек
Сәлем алақан .
Балалар біздің қолымыз дайын болды .Қане жұмыс жасайық .
Музыка қосылып тұрады .
Жұмыстарын аяқтаған балалар өз жұмыстарын қуыршаққа сыйлайды .
Қуыршақ Әзима барлық балаларға рахметін айтады .
Сергіту сәті
Он қолымда білезік .
Сол қолымда білезік,
Сәнді көйлек киейік .
Бәріміз бірге билейік .
Сергіту сәтін қимылмен жасайды .
Қорытынды
Балалар сұрақтарға жауап береді .
Балаларды мадақтау .
Күтілетін нәтиже : Көйлектер әртүрлі болатындығын игереді .
Мақталы таяқшамен және картоппен жұмыс жасауды меңгереді .