"Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша Білім беру бөлімінің жанындағы Қабанбай батыр ауылының "Балауса" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное  предприятие "Ясли-сад Балауса" села Кабанбай батыра при Отделе образования по Целиноградскому району Управления образования Акмолинской области

Интеллектуалдық ойын

26.01.2021

Тәрбиеші: Сергазина М.С.

Ересек  «Бөбек» тобы


Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын арттыра отырып, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, жинақы болуға және балалардың сөйлемді  дамыту, қоршаған ортамен таныстыру, математика негіздері,  сабақтарында өткен тақырыптардан сұрақтар беру арқылы білімдерін тиянақтау, ой - өрісін, сана - сезімдерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер
, көрнекіліктер.
Тәрбиеші: Қайырлы күн, қадірменді әріптестер  мен балалар !

Ересек «Бөбек» тобының  интеллектуалдық ойынына қош келдіңіздер!

Тәрбиеші:
Ал келіңдер, келіңдер,
Бір - біріңе еріңдер.
Өздеріңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер, - деп бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Енді сайысқа қатысатын
балаларымызбен танысайық.

І - топ «
Бүркіт» тобы.
Мүшелері:
1)
Амина
2)Зере
3)Медина

4.)Айдын

5.) С. Ерасыл
ІІ - топ: «Сұңқар» тобы
Мүшелері:
1)Малика
2)Назым
3)Айзере

4.)Ерңұр

5.)Хадис

6.)Ерасыл.
 

Тәрбиеші:

Ендігі кезекте бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныссақ деймін. Сайысымыз 7 - бөлімнен тұрады.
1 - бөлім: Таныстыру (әр топ атымен, ұранымен, төсбелгілерімен таныстырады)
2 - бөлім: “Қыс қызықтар әлемі  » (сурет бойынша сипаттау ).
3 - бөлім: «Қызықты жұмбақтар» (жұмбақ жасырылады, қай топ көп жауап берсе, сол топқа көп ұпай беріледі).
4 - бөлім: «Математикалық ойын».
5 - бөлім: «Апта күндері» (дидактикалық ойын).
6 - бөлім: «Ертегілер елінде» ( 2-топқа интерактивті тақтадан ертегілердің суреттері көрсетіледі ертегілерді атап беру.)
7 - бөлім: «Өсімдіктер әлемі».(суреттегі өсімдіктерді ата).

Тәрбиеші:
Шаттық шеңбер:

Шаттық шеңбер:-

Арайлап таң  атты

Алттын сәуле таратты

Жарқырайды қаламыз

Жайнай  түссін даламыз

Қайырлы таң қонақтар.

Қайылы таң балалар!. 
 

Тәрбиеш:

Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе деймін, - деп таныстыруды бастаймыз.
1 - бөлім: «Таныстыру» (әр топ атымен, ұранымен, төсбелгілерімен таныстырады)

 

1 - топтың аты: “Бүркіт”
Топ ұраны:
Бүркіт тобы алда,

Биікке самға.

Ешқашан қалма

Әрқашан алға.
 

2 - топтың аты: “Сұңқар”
Топ ұраны:
Сұңқар тобы алға,

Биіктерге самға.

Бірлігіміз бар да

Жүреміз тек алда.
 

Тәрбиеші:
Ал қанекей балалар,
Мына жаққа қараңдар.
Бүгінгі сайыс төрінде,
“Қыс қызықтар  әлемі”

2 - бөлім: «“Қыс қызықтар  әлемі» (сурет бойынша сипаттау).

Тәрбиеші:

Сөз маржаны дегенде,
Ерінбей қане, жұмбақты кәне шешіңдер.
келесі кезекті 3 - бөлімге береміз


3 - бөлім: «Қызықты жұмбақтар» (жұмбақ жасырылады, қай топ көп жауап берсе, сол топқа көп ұпай беріледі).

Құстар туралы жұмбақтар:

 

Қонып алып жарға,

Қарқылдайды (қарға).

Бейбітшілік құсы деп,

Атайды оны барша жұрт. (көгершін).

 

Орманда жоғары,

Ағашқа қонады,

Тұмсығын балға етіп,

Тоқ-тоқ соғады .(тоқылдақ)

 

Бір орында тұрмас бұл құс,

Кішкентай бұл  (сарышымшық).

Өзі сақ, өзі ұзын,

Шықылықтап тұрмайды.

Құйрығы ұзын, өзі бұтақтан

Бұтаққа  ауысқан бұл қай құс (саусқан).

 

Табиғат құбылыстары туралы жұмбақтар:

Ақ көбелек қонды,

Құстар енді тонды (қар).

 

Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ, жетеді.

Аузы жоқ ұлиды. (боран).


Қанаты жоқ -ұшады,

Аяғы жоқ, қашады. (жел).

 

Терезеге қонады,

Әсем ою ояды. (қырау).

 

Қыста ғана болады,

Ұстасанң қолың тоңады. (қар).

 

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. «күн).

 

Терезені өрнектеп,

Әдемі сурет салыпты,

Кім екенін табайық,

Көрінбей кетіп қалыпты. (Аяз).


4 - бөлім: «Математикалық ойын».
Жарайсыңдар, балалар.
Балалар енді шамалы бойымызды жазып, сергіту сәтін орындап жіберейікші..
 
Тәрбиеші: Сергіту сәтті:

 

5 - бөлім: «Апта күндері» (дидактикалық ойын).

 

6 - бөлім: «Ертегілер елінде» ( 2-топқа интерактивті тақтадан ертегілердің суреттері көрсетіледі ертегілерді атап беру.)
 

7 - бөлім: «Өсімдіктер әлемі».(суреттегі өсімдіктерді ата).

Тәрбиеші:

 

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір – күрес, жеткізе ме мұратын?
“Жеңбедім, жеңілдім” деп ренжіме,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң екен ұғатын.


Осымен осы ойынды тамамдасақ,.
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ, - дей отыра, әділ - қазыларымыз дайын болғанша, кезекті балалардың орындауында  , қыс туралы тақпақтарға  берейік.

 

Н.Аманжолованың өлең «Қыс»

  Аппақ күміс бар әлем,

Зымыраймыз шанамен.

Тоғайлар тоң  киеді,

Аяз беттен сүйеді.

Жиналып ап бар бала

Тұрғызымыз аққала.

Январь

Открываем календарь —
Начинается январь.
В январе, в январе
Много снегу во дворе.

Снег — на крыше, на крылечке.
Солнце в небе голубом.
В нашем доме топят печки,
В небо дым идет столбом.

***

Снег кружится и не тает.
Он откуда прилетает?
Видно с тучки озорной,
Что повисла надо мной!
С. Бородянская


Тәрбиеші:

Ендігі кезекті әділ қазыларымызға береміз. Қай тобымыздың көп ұпай жинағанын естіп көрелік.
 

Тәрбиеші: Келесі кездескенше сау болыңыздар! Біз сіздермен қоштаспаймыз, тек келесі кездескенше дейміз.

Просмотров: 454


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст